Қоғам • 29 Желтоқсан, 2022

Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар анықталды

712 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығының» сарапшылары 2023-2030 жылдары сұранысқа ие болатын мамандықтарды атады, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар анықталды

Сарапшылар 25 мамандыққа тоқталды. Олар:

  • Бухгалтерлер - 92 мың адам;
  • Күзетшілер, инкассаторлар және соған байланысты кәсіптер - 77,8 мың адам;
  • Дүкен сатушылары мен олардың көмекшілері - 70,2 мың адам;
  • Әлеуметтік ғылымдар бойынша орта мектеп мұғалімдері - 45,2 мың адам;
  • Автокөлік жүргізушілері - 45,1 мың адам;
  • Адам күтімі бойынша орташа медициналық персонал - 40 мың адам;
  • Жаратылыстану ғылымдары бойынша орта мектеп мұғалімдері - 37,9 мың адам;
  • Мектепке дейінгі білім берудегі тәрбиешілер - 36,1 мың адам;
  • Қонақүйлер мен соған ұқсас мекемелердегі тазалаушылар мен қызметшілер - 34,6 мың адам;
  • Бастауыш сынып мұғалімдері - 32,3 мың адам;
  • Кеңсе тазалаушылары - 25,3 мың адам;
  • Шаштараздар - 24,6 мың адам;
  • Орта мектеп мұғалімдері - 23,2 мың адам;
  • Кеңсе қызметкерлері (жалпы бейіні) - 22,1 мың адам;
  • Көшелер мен базарлардағы саудагерлер - 21,7 мың адам;
  • Ғимарат күзетшілері - 20,6 мың адам;
  • Аспаздар - 20,5 мың адам;
  • Басқа біліктілігі жоқ жұмысшылар - 20,2 мың адам;
  • Аралас өнім өндіретін фермерлер мен жұмысшылар - 19,8 мың адам;
  • Дәстүрлі тәсілмен көкөніс өсіретін фермерлер мен жұмысшылар - 19,6 мың адам;
  • Жүк көлігінің жүргізушілері - 17,8 мың адам;
  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде біліктілігі жоқ жұмысшылар - 16,6 мың адам;
  • Ашық аумақтарды тазалаушылар - 16,5 мың адам.;
  • Жылжымайтын мүлік және басқа да мүлік операциялары жөніндегі агенттер - 16,2 мың адам;
  • Штаттық заңгерлер - 15,2 мың адам.

Сарапшылардың қорытындысына қарағанда, Қазақстанда әкімшілік саласындағы қызметкерлер, жеке тұтыну үшін өнім өндіретін ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және балық шаруашылығы фермерлері, қолөнершілер, полиграфия және картография бойынша жұмысшылар, өнімді жинаушылар мен сынаушылар, аңшылар мен орман және балық шаруашылығы өндірісінің жұмысшылары топтарында тапшылық байқалмайды.