07 Маусым, 2014

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы № 9

431 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
2014 жылғы 14 қаңтар,  Астана қаласы «Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзу пішімін, сондай-ақ бірдей мерзімдерде мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйырамын: 1. Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзу пішімін, сондай-ақ бірдей мерзімдерде мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 қаңтарда № 7375 тіркелді, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердің бюллетенінде 2012 ж., №3 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 200-бабының 6-тармағын және Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік статистика туралы» Заңның 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру үшін бұйырамын:»; Жоғары көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзу пішімі, сондай-ақ бірдей мерзімдерде мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесінде: 11-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6443 болып тіркелді) бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесіне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6505 болып тіркелді) бекітілген Есеп саясатына сәйкес қайта бағалау моделін немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес жүргізілетін активтерді бағалау жағдайында мүлікті қайта бағалауды жүргізеді.»; қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Республикалық мемлекеттік мүлікті басқару және оңалту мен банкроттық әдіснамасы департаменті (Д.О. Темірбеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Б.СҰЛТАНОВ. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы __________Ә. Смайылов 2014 ж. 10 қаңтар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 14 қаңтардағы № 9 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзу пішіміне, сондай-ақ бірдей мерзімдерде мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесіне қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан 31.12.20 ___ ж. жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат Есепті кезең _____ 20___ ж. Индекс: 1-ЖА Кезеңділігі: жыл сайын Тапсырады: мемлекеттік заңды тұлғалар Алушы: мемлекеттік мүлік тізілімі Тапсыру мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей нысан Ұйымның атауы: ________________________________________________ Ұйымның БСН: _________________________________________________ Ұйымның заңды мекенжайы: ______________________________________ 31.12.20 ___ ж. жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат мың теңге Мүлік түрі Саны Алғашқы құн Жинақталған амортизация Құнсызданудан шығындар Теңгерім құны (3-баған - 4-баған - 5-баған) Қайта бағалау сомасы (+/-) Қайта бағалаудан кейінгі теңгерім құны (6-баған + 7-баған) Техникалық паспорттары бар объектілер саны Есепті жылда паспорттау жүргізілген объектілер саны Паспорттау жүргізілуі қажет объектілер саны 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 1. Ғимараттар, жерлер** Тұрғын емес ғимараттар Тұрғын ғимараттар 2. Құрылыстар** (су тартқыштар, стадиондар, бассейндер, жолдар, көпірлер, ескерткіштер, саябақтар, скверлер, қоғамдық бақтар қоршаулары, бұрғы скважиналары, штольнялар және басқалар)     х 3. Беру қондырғылары Электр беру және байланыс қондырғылары Трансмиссиялар және құбыр өткізгіштері 4. Көлік құралдары Теміржол көлігінің жылжымалы құрамы Су көлігі Автомобиль көлігі Әуе көлігі Ат көлігі Өндірістік көлік Спорттық көлік 5. Машиналар және жабдық Күш машиналары және Жұмыс машиналары және жабдық Өлшеу аспаптары Реттеуші аспаптар және қондырғылар Лабораториялық жабдық Компьютерлік жабдық Медициналық жабдық Кеңсе жабдығы Өзге де машиналар және жабдық 6. Құралдар, өндірістік және шаруашылық мүкәммал* Құралдар Өндірістік мүкәммал және керек-жарақтар Шаруашылық мүкәммал Өзге де өндірістік және шаруашылық мүкәммал 7. Өзге де негізгі құралдар Көгалдандыратын, сәндік отырғызулар және басқа да жасанды көп жылдық отырғызулар Жерлерді жақсарту бойынша күрделі шығындар Өзге де мүкәммал Жұмыс орындайтын мал Өзге де негізгі құралдар 8. Инвестициялық жылжымайтын мүлік** Тұрғын емес ғимараттар Тұрғын ғимараттар     Х Жер 9. Биологиялық активтер     х Жануарлар Көп жылдық отырғызулар 10. Материалдық емес активтер Бағдарламалық қамтамасыз ету Авторлық құқықтар Лицензиялық келісім Патенттер Өзге де материалдық емес активтер 11. Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер Ескертпе:* осы тармақты мемлекеттік кәсіпорындардың толтыруы міндетті емес ** жүргізілген паспорттау бойынша ақпаратты көрсете отырып Бірінші басшы ______________________________ __________________ (тегі, аты, әкесінің аты) (қолы) Бас бухгалтер ____________________________ __________________ (тегі, аты, әкесінің аты) (қолы) Мөр орны Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «31.12.20 ___ ж. жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат» 1. Жалпы ережелер 1. Осы түсіндірме 31.12.20 ___ ж. жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпараттың нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша біріңғай талаптарды анықтайды. 2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал оның жоқ болған жағдайында оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды. 2. Есеп нысанын толтыру бойынша түсіндірме 3. Нысанның 1-бағанында мүлік түрі көрсетілген. 4. Нысанның 2-бағанында мүліктің саны көрсетіледі. 5. Нысанның 3-бағанында мүліктің алғашқы құны, теңгерімге қойған кездегі алғашқы қабылданғаны көрсетіледі. 6. Нысанның 4-бағанында қолдану кезеңінде жинақталған мүліктің тозуы көрсетіледі. 7. Нысанның 5-бағанында мүліктің баланстық құны оның қайтару құнынан артық болған құны көрсетіледі. 8. Нысанның 6-бағанында жинақталған амортизация мен құнсызданудың шығындарын алғаннан кейін мүлік есепке алынатын құны көрсетіледі. (3-баған – 4-баған – 5-баған). 9. Нысанның 7-бағанында қайта бағалау сомасы көрсетіледі. 10. Нысанның 8-бағанында қайта бағалаудан кейінгі теңгерімдік құны көрсетіледі (6-баған + 7-баған). 11. Нысанның 9-бағанында техникалық паспорттары бар объектілер саны көрсетіледі. 12. Нысанның 10-бағанында есепті жылда паспорттау жүргізілген объектілер саны көрсетіледі. 13. Нысанның 11-бағанында паспорттау жүргізілуі қажет объектілер саны көрсетіледі. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 12 ақпанда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9140 болып енгізілді.