Қоғам • 08 Қаңтар, 2023

Алматы – Петропавл теміржол рейсі екі есе қысқарады

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 қаңтар мен 6 наурыз аралығында Алматы-2 - Петропавл бағытындағы №105/106 «Тальго» пойызының құрамы рейстер жиілігін азайтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы – Петропавл теміржол рейсі екі есе қысқарады

Тальгоның жөндеу жұмыстарына байланысты 2023 жылдың 14 қаңтарынан 6 наурызына дейінгі кезеңде қозғалыс жиілігі (екі күн сайын) екі есеге қысқарады. 

Пойыздың жүру жиілігі:

- Қаңтар айында Алматыдан тақ күндері бойынша, ақпан/наурызда – жұп күндері бойынша;

- Қаңтар айында Петропавлдан жұп күндерде, ақпан/наурызда – тақ күндер бойынша жүреді. 

«Теміржол көлігімен тасымалдау ережелеріне сәйкес, бұған дейін тоқтатылған рейстерге жол жүру құжатын рәсімдеген жолаушылардың билет құны толығымен қайтарылады», деп хабарлады ведомстводан.