Үкімет • 13 Қаңтар, 2023

Сауда-саттық саласының жоспары

255 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде 2022 жылға арналған сауданы дамыту және экспортты қолдау жөніндегі іс-шаралардың қорытындылары шығарылды.

Сауда-саттық саласының жоспары

Премьер-министрдің орын­басары – Сауда және ин­те­грация министрі Серік Жұ­­манғариннің хабарлауын­ша, 2022 жылдың 10 айының қоры­тындысы бо­йынша тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,1%-ға артып, 110,6 млрд дол­ларды құрады.

ЕАЭО елдерімен өзара сау­да 23 млрд долларға жетті, бұл 2021 жылдың алдыңғы кезең­індегі көрсеткіштерден 7,5%-ға артық. Бір жыл ішінде 6 сау­да кедергісі жойылды, бұл Қазақ­станға 500 млн доллар көлемінде табыс әкелді.

Нарықты қажетті азық-түлік­пен қанықтыру және ба­ғаның өсуін тежеу мақсатында сыни импорттың 1 343 тауарына: көкөніске, дәнді дақылдарға, сүт өнімдеріне, азық-түлікке, жабдыққа арнал­ған қосалқы бөлшектерге, шикі­затқа және басқаларға кедендік баждар нөлге теңестірілді.

Өткен жылдың 10 айында шикізаттық емес тауарлар экспорты айтарлықтай өсті – 34,8%-ға және 21,7 млрд долларды құ­рады. Сонымен қатар 2022 жылдың қаң­тар-қыркүйек айларында қызмет экспорты 31%-ға артып, 5,5 млрд долларға жетті.

Еркін сауданы дамыту және экспортты ілгерілету үшін Иранмен еркін сауда туралы уақытша келісімді 2025 жыл­ға дейін ұзарту туралы хатта­ма ратификацияланды. Иран­мен толық форматты келісім жасау үдерісі соңғы кезеңде. Экспортты арттырудан күті­летін экономикалық нәтиже ша­мамен 250 млн долларды құрайды. Келешекте Индо­незия және Біріккен Араб Әмір­ліктерімен осындай келісім­дерге қол қою жоспарлануда, оның болжамды әлеуеті
1 млрд доллардан асады.

Өзара тиімді ынтымақ­тас­тық жобаларын жүзеге асыру және көлік-логисти­калық бағыттарды дамыту мақ­сатында сауда, көлік-логис­ти­калық және өнеркәсіптік кооперация үшін шекаралық орталықтар желісін ашу жұ­мыс­тары жүргізіліп жатыр.

«Өзбекстанмен шекарада «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік ынтымақтастық орталығы құрылып жатыр. Жол картасы жүзеге асырылуда, орталықтың орналасатын жері анықталды, жобаның техникалық-экономикалық не­гіздемесін әзірлеу жоспарла­нып отыр. Транскаспий ха­лықаралық көлік бағытын да­мыту аясында Иран бағы­тын­­да шығыс Солтүстік-Оң­түс­тік тармағының инфра­құ­ры­лы­мын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Басты басым­дық – Үндістан мен Пәкіс­тан бағытында тасымалдау әлеу­етін дамыту», деді С.Жұман­ғарин.

Сонымен қатар вице-пре­мьер Қытай, Ресей және Қырғызстанмен сыртқы шека­ра­лардағы орталықтарды жаң­ғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жобаны сәтті жүзеге асыру транзиттік тасымал көлемін 2 еседен астам, ал тауар айналымын орта есеппен 30%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Өз сөзінде С.Жұманғарин жыл қорытындысы бойынша азық-түлік инфляциясы 25,3%-ды құрағанын атап өтті. Бұл ретте бағаның 13,7%-ға негізгі көтерілуі 2022 жылғы ақпан­­нан сәуірге дейінгі кезең­де орын алды. Вице-премьер қазіргі жағдай­дың бас­ты себептерінің қатарында геосая­си
өзгерістерді, ұлттық валюта баға­мы­ның әлсіреуін және Қа­зақстанның сауда серіктес­теріне қатысты санкция­лар мен қарсы санкциялардың енгі­зілуін атады.

«Осыған байланысты баға белгі­леу­дің негізгі компо­ненттері қайта қара­лып, оңтай­лан­дырылды. Делдалдық тізбектерді тергеу жөніндегі өңірлік комис­сиялардың жұ­мысы күшейтілді және қайта өңдеу кәсіпорындарына айналым қаражаты бөлінді. Тауар балансын қалып­тастыру тәртібі бекітілді және маусым­аралық кезеңде көкөніс жеткізу мәсе­ле­лері пысықталуда. Азық-түлік тауарын өн­дірушілердің мүдделерін ескеретін шекті және шекті бөлшек бағаларды белгілеу кезіндегі тәсіл қайта қаралды», деді вице-премьер.

Сауда саласындағы негізгі мәсе­ле­лерді шешу үшін Сауда және интеграция министрлігі тиімді шаралар кешенін әзірледі. Солардың ішінде сауда сала­сына инвестицияны мемлекеттік ынталан­дыру, сауда нысандарын салу үшін әкім­діктердің жер телімдерін беру мәселесін зерделеу және заманауи 70 көкөніс қой­масын салу мәселелерін атап өтуге болады. 2027 жылға қарай заманауи сауда форматтарының үлесін қазіргі 31-ден 70%-ға дейін ұлғайту жос­парлануда.

Техникалық реттеу саласында қазақ­стандық бизнесті қолдау үшін ЕАЭО деңгейінде өнімге қойылатын міндетті талаптарды оңайлату саласында оң нәтижелерге қол жеткізілді, Е-КТРМ бірыңғай техникалық реттеу жүйесі құрылып, аттес­татталды. Қазақстанда алғаш рет «Халал» өнімін экспортқа сер­тификаттау жөніндегі орган аккре­диттелді, экономиканың 7 саласы толы­ғымен стандартталды, 77 зертхана жаң­ғыр­тылды, «сұр» сертификаттардың және техникалық реттеу сала­сындағы басқа да бұзушылық­тардың күшін жою жөніндегі жұмыс жалғасын тапты.

Отырыс соңында Премьер-министр Ә.Смайылов Сауда және интеграция ми­нистрлігінің алдына әлеумет­тік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақ­тандыру жөніндегі жұмыс­қа ерекше назар аудара оты­рып, бірқатар маңыз­ды міндет қойды.