Қоғам • 13 Қаңтар, 2023

Әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы көтерілді

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру жалғасуда. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 38 мың қызметкердің жалақысы 25%-ға артты.

Әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы көтерілді

Жалақының өсуі қызметін стационарлық және жар­тылай стационарлық үлгі­дегі меди­циналық-әлеуметтік мекемелерде (МӘМ), үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарында және жұ­мыспен қамту орта­лық­тарын­да жүзеге асыратын басшы құрам мен негізгі пер­соналдарға (әлеуметтік қыз­меткерлер, педагогтер, медицина қызметкерлері және т.б.) қатысты болды.

2021 жылдың 1 қаң­тары­­нан бастап әлеуметтік қызмет­­кер­лердің жалақысы 50%-ға, ал 2022 жылы 25%-ға өскенін ес­теріңізге сала кетейік.

Сондай-ақ 2021 жылы лауа­зымдық жалақының 30%-дан 40%-ға дейінгі мөлшерінде қо­сымша өсуі арқылы әкім­ші­лік және көмекші персонал, стацио­нарлық және жартылай стацио­нарлық үлгідегі МӘМ-де, үйде қызмет көрсету және уақытша болу ұйымдарында жұмыс істейтін жұмысшылар үшін жа­лақыны арттыру жүзеге асқан болатын.