Сайлау • 24 Қаңтар, 2023

Сайлаушылар тізімін түзудің тәртібі

447 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

Кеше Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылы 19 наурызда өтетін Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау мәселелеріне қатысты кезекті отырысты ұйымдастырды.

Сайлаушылар тізімін түзудің тәртібі

Ортсайлауком төрағасы Нұр­лан Әбдіров сайлаушылар ті­зімдерін жасау және онымен жұ­мыс істеу сайлау үдерісінің ма­ңызды элементі екенін атап өтті. Себебі азаматтар осы тізім негізінде сай­лауда дауыс беруге қатысуға конституциялық құқы­ғын жүзеге асырады. Сондықтан Ор­талық сайлау комиссиясы сай­лау­шылардың толық тізімін жасау мәселесін сайлауға дайындық жұмысының маңызды бағыт­тарының бірі ретінде қарас­тырады.

Бұл науқанның ерекшелігі – республиканың барлық аума­ғында, сондай-ақ аумақтық сайлау округтері шегінде өкілді орган­дардың депутаттарын сай­лауды бір мезгілде өткізу. Осыған байланысты уәкілетті органдардың алдында азаматтарды тіркеу орны бойынша сайлау­шылар тізімдерінің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету және оларға азаматтардың өтініштері негізінде әрбір сайлау округі шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен өзгерістер енгізу міндеті тұр.

Әкімдер келіп түскен барлық өтініштерді ескере отырып, сай­лау­шылардың дұрыс және өзекті тізімдерін қалыптастыруды қам­та­­масыз ету бойынша барлық түбе­гейлі шараларды қабылдауы қажет.

Ортсайлауком төрағасының орынбасары Константин Петров Парламент Мәжілісі мен бар­лық деңгейдегі мәслихаттар де­путаттарының бір мезгілде өткі­зілетін сайлауын ескере оты­­рып, сайлаушылар тізімін жа­сау мәселесін құқықтық рет­теу­ге және осы үдерістің ерек­ше­лік­теріне егжей-тегжейлі тоқ­тал­ды. 2023 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша республика сай­лаушыларының тізіміне бел­сенді сайлау құқығы бар 11 млн 976 мың 406 азамат енгі­зіл­ді. Азаматты сайлаушылар ті­зіміне енгізу үшін оның сайлау учас­кесінің аумағында тұрғы­лықты жері бойынша тіркелуі, аза­мат­тардың жергілікті атқарушы ор­ганға сайлаушылар тиісті тізі­міне енгізу жөнінде жазбаша өті­нішпен жүгінуі назарға алынады.

Уақытша тіркелген азаматтар; тіркеусіз азаматтар, сондай-ақ сайлауға дейін отыз күннен кешіктірмей оның тіркелген жері бойынша дауыс беруге ар­налған үй-жайға сайлау күні келуге мүмкіндігі болмайтыны бел­гілі болған сайлаушы сайлау та­ғайындалған сәттен бас­тап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы. К.Петров сайлаушылардың же­келеген санаттарын – уақыт­ша тіркелген азаматтарды, сту­денттерді, вахта әдісімен жұмыс істейтіндерді, әскери қызметшілерді, тіркеусіз азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу мәселесіне ерекше назар аударды. Орта арнаулы  және жоғары оқу орындарында, сондай-ақ жатақханаларда тұратын күндізгі оқу нысанында жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша білім алушылар жатақхананың орналасқан жері бойынша сайлаушылар тізіміне енгізіледі. Жергілікті атқарушы органдар өңірлер оқу орындарының басшыларымен бірлесіп студенттерге болу орны бойынша дауыс беруге мүмкіндік беруі қажет. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар да жазбаша өтініштер негізінде сайлаушылар тізіміне енгізілуі мүмкін. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтардың тұратын жері бойынша дауыс беруге мүмкіндік беру жөнінде алдын алу шараларын қабылдау қажет. Олар сондай-ақ жазбаша өті­ніштер негізінде сайлаушылар тізіміне енгізілуі және Мәжіліске бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша, сондай-ақ егер осы аймақта тіркелген болса, бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша дауыс беруі мүмкін.

Әскери бөлімдерде сайлау­шылар тізіміне ондағы әскери қызметшілердің барлығы, сон­дай-ақ олардың отбасы мүшелері және әскер бөлiмдерi орналасқан жерлерде тұратын басқа да сайлаушылар енгiзiледi. Әскер бөлiмдерiнен тыс жерлерде тұра­тын әскери қызметшiлер сайлау­шылар тiзiмiне тұрғы­лықты жерi бойынша жалпы негiзде енгiзiледi. Әскери бөлім­дердегі сайлаушы-әскери қызметшілердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері және әскер бөлімдері орналасқан жерлерде тұратын басқа да сайлаушылар тізімдері әскери бөлімдер командирлері ұсынатын мәлі­меттер негізінде жасалады.

Азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу туралы жазбаша өтініштері тиісті әкімдіктерге осы жылдың 17 ақпанына дейінгі мерзімде, яғни дауыс беру күніне отыз күн қалғанда ұсынылуға тиіс. Жергілікті атқарушы органдар азаматты өзі дауыс беретін учаскенің сайлаушылар тізіміне енгізуді қамтамасыз етеді және азаматты тіркеу орны бо­йынша сайлаушылар тізімінен шығаруды ұйымдастырады.

Дауыс беру күніне 15 күн қал­ғанда, яғни 4 наурыздан кешіктірмей азаматтардың тұрғы­лықты жері бойынша құрылған сай­лау учаскелері бойынша сай­лау­шылардың тізімдері сайлау­шыларға танысуға ұсыны­лады. Азаматтарға тиісті сайлау комис­сияларының үй-жайларында сайлаушылар тізімдерімен танысу, оларға енгізілген сайлау­шылар туралы деректердің дұрыстығын тексеру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Әрбір азамат сайлаушылар тізіміндегі өзі туралы деректерді тексеруге және тізімге енгізілмегеніне, дұрыс енгі­зіл­мегеніне немесе тізімнен шыға­рылмағанына, сондай-ақ тізімде сайлаушы туралы деректерде жіберілген дәлсіздіктерге шағымдануға құқылы. Өзіңізді тіркеу орны бойынша сайлаушылар тізіміне енгізуді тиісті әкім­діктің сайты немесе Call-орта­лығы арқылы тексеруге болады.

Сайлау туралы Консти­ту­ция­­лық заңда көзделген өкілет­тіктерге сәйкес өңірлердің жер­гілікті атқа­рушы органдары мен сайлау комиссияларына тап­сырмалар­ды қамтитын «Қазақ­стан Респуб­ликасы Парламенті Мә­жілісі мен мәслихаттары депутат­тары­ның 2023 жылы 19 наурызға тағайын­далған кезектен тыс сайлау­дағы сайлаушылар тізімімен жұмыс­ты ұйымдастыру туралы» Орт­сайлауком қаулысы қабылданды.

«Қазақстан Республикасы Пар­ламенті Мәжілісі мен мәс­лихаттары депутаттарын сайлау жөніндегі науқан кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелерін және басқа да сайлау үдерістеріне қатысушыларды оқытуды ұйым­дастыру туралы» екінші мәселе бойынша Ортсайлауком мүшесі Сәбила Мұстафина баяндама жасады. Ол сайлау жүйесі кадр­ларының кәсібиленуін, сондай-ақ заңнаманың жаңа нормаларына сәйкес өтетін ағымдағы сайлау науқанын ескере отырып, Орталық сайлау комиссиясы қызметінің бірінші кезектегі бағыты сайлау үдерісіне қаты­су­шылардың барлық санаттарының құқықтық сауат­тылығы мен сайлау мәдениетін арттыру болып табылатынын хабарлады.

Осыған байланысты ол элек­­торалды оқыту бойынша тиіс­ті жоспарды ұсынды, оған сәйкес бірінші кезекте бар­лық дең­­гейдегі сайлау комис­сия­ла­рының мүшелерін келесі бағыт­тар бо­йынша әртүрлі нысан­дарда даярлау және оқыту көз­делген: бейнеконференц-байла­ныс ре­жимінде сайлау науқаны­ның нақты кезеңдері мен бағыт­та­ры­ның өзекті мәселелері бойын­ша аумақтық, округтік сай­лау комиссиялары үшін Орт­сайлауком онлайн семинар-кеңес­­тері; комиссия мүшелері мен аппарат қызметкерлері өңір­­лерде өткізетін көшпелі оқыту және инспекциялық семи­нар-кеңестер. Аталған іс-шара­лар шеңберінде сайлау комиссиялары іскерлік ойын нысанында «Дауыс беру күні» тренингтерін ұйымдастыруға тиіс: қашықтықтан оқыту және тестілеу. Сайлау жүйесі, округтік комиссиялардың құрылуын ескере отырып, барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының 86 мың 440 мүшесін қамтитынын ескерсек, оқытудың бұл түрі өте ыңғайлы; Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің жанын­дағы Мемлекеттік басқару акаде­­миясының өңірлік филиал­дары базасында сайлау комис­сия­ларының мүшелеріне арнал­ған семинарлар; төмен тұрған аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары үшін облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың АСК мүшелерінің көш­пелі оқыту семинар-кеңес­тері мен тренингтері; Қазақстан Рес­публикасының шетелдегі өкілдіктері жанынан құрылған 69 учас­келік сайлау комиссиясының мүше­лері үшін Сыртқы істер министр­лігі және Астана қаласы­ның аумақтық сайлау комис­сия­сының қолдауымен семинарлар.

Электоралды оқыту жүйе­сінің әдіснамалық негізі сайлау жүйе­сінің барлық деңгей­лері бойынша сайлау үдерісін ұйым­дастырушыларды даярлаудың ОСК енгізілген каскадтық әдісі болып табылады, ол алдыңғы науқандар барысында өзінің тиімділігін көрсетті. Бірінші кезеңде өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын аумақтық сайлау комис­сияларының мүшелері жан-жақты оқытылатын болады. Екінші ке­зеңде аумақтық, округтік сайлау комиссияларының мүше­лері, учаскелік сайлау комис­сия­­ларының төрағалары, төраға­­лар орынбасарлары мен хатшыларын оқытады. Үшін­ші кезеңде учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері шеберлігін арттырады. «Hard skills», яғни кәсіби дағдыларды, сайлау заңнамасын білуді же­тіл­­діру ғана емес, сонымен қатар «soft skills» – сайлау үдерісіне қатысушылармен қа­рым-қаты­нас жасау, белгісіздік жағ­дайында және ықтимал сыни жағ­дайларда жедел шешім қабылдау құзыреттерін дамыту ма­ңызды болып табылады. Бұл дағдыларды жетілдіру «заңды, ашық, әділ сайлау» өткізудің негізгі субъектілері ретінде барлық деңгейдегі сайлау комис­сияларының жұмысын жақсартуға, әлеуетін дамытуға мүмкін­дік береді. Оқытудың әдісте­мелік базасы ретінде Мәжі­ліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау заңна­масының жаңалықтары ескерілген Оқу-әдістемелік кешен пай­даланылады. Олар өткен сайлау науқандарында орын алған сыни жағдайларды талдай отырып, жаңа кейстермен толық­тырылады. Дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссия­лары мүшелерінің жұмысы туралы, интернет-ресурста қол­жетімді болатын оқыту фильмі, сон­дай-ақ науқан кезеңінде ұйым­дас­тырушылық-құқықтық рә­сімдер бойынша барлық дең­гейдегі сайлау комиссия­лары мүшелеріне арналған әдістемелік құралдар дайындалады. Сондай-ақ науқан аясында Ортсайлауком онлайн және офлайн режимде: саяси партиялардың өкілдеріне; сайлауалды штабтардың өкіл­деріне; кандидаттар мен саяси пар­тиялардың сенім білдірілген адам­дарына; мүгедектігі бар адам­дардың құқықтарын қорғау бойынша қоғамдық ұйымдардың өкілдеріне; жергілікті атқарушы органдарына қарасты қаржы қызметкерлеріне; өңірлік колл-орталықтардың қызметкерлеріне; прокуратура және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған оқыту семинарларын ұйымдастырады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, ал­дыңғы науқандардағы тәжі­рибе қолға алынып, сайлауды ба­қылауды жүзеге асыруға бағыт­­талған республикалық, өңір­лік бұқаралық ақпарат құ­рал­­дарының, сондай-ақ қоғам­­­дық бірлестіктер мен өзге де ком­мерциялық емес ұйым­дар­дың өкілдері үшін семина­рлар ұйым­дастырылатын болады. Әдіс­темелік сүйе­мелдеу мақсатында сайлау үдерістерінің құқықтық рәсім­дерін түсіндіретін саяси партияларға, кандидаттарға, БАҚ-қа, сенім білдірілген адам­дарға, мүгедектігі бар адамдарға, халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларына арналған әдістемелік құралдар әзірленіп, ОСК интернет-ресурсында орналастырылатын болады. Бұдан басқа, ақпараттық, түсіндіру және жұмылдыру сипатындағы сайлау үдерісіне қатысушылар үшін аудио, бейнероликтер мен өзге де көрнекі өнімдердің үлкен көлемі дайындалады.

Отырыс барысында Ден­саулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова кезектен тыс сайлауда Мәжіліс пен мәслихаттар депутат­тығына кандидаттарды ұсыну кезінде короновирустық инфек­цияның таралуының алдын алу шаралары туралы хабардар етті. Ол респуб­ликада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиялық жағдай тұрақты екенін айтты. Соңғы екі аптада сырқаттанғандардың саны азайған. Тәулігіне COVID-19-ға  ПТР-дің оң нәтижесімен 120 жағдайға дейін және COVID-19-ға ПТР-дің теріс нәтижесімен 10 жағдайға дейін тіркеледі. Алдыңғы аптамен салыстырғанда соңғы аптада сыртқаттанушылық деңгейі 1,7 есеге (782 жағдайдан 461 жағдайға дейін) төмендеді. Эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика және барлық өңірлер жасыл аймақта тұр. Сонымен қатар 7 өңірде (Шымкент қа­ла­сы, Алматы, Атырау, Шы­ғыс Қазақстан, Қарағанды, Қос­танай, Маңғыстау, облыс­тары) R көрсеткіші бірден жо­ғары. Осыған байланысты Бас мем­лекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес R көрсеткіші 1 жоғары болған кезде адамдар көп жиналатын орындарда маска тағу ұсынылады.

Республикада  коронавирус инфекциясы бойынша ағымдағы жағдайды, сондай-ақ ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық бо­йынша эпидемиялық маусымның ағымын ескере отырып, кандидаттарды ұсыну жүргізу кезінде: кандидаттарды ұсыну бойынша съездер мен конференциялар өткізу кезінде кең үй-жайларды пайдалану; үй-жайларда үздіксіз жұмыс істейтін желдету/ауаны баптау жүйелерінің болуы; R көрсеткіші бірден жоғары аймақтарда маска кию режимін сақталуын қамтамасыз етуге назар аударылады.

Отырыс соңында Нұр­лан Әбдіров өңірлердегі сани­тарлық-эпидемиялық жағдайды ескере отырып, бас мемлекеттік сани­тарлық дәрігердің ұсынымына сүйене отырып, сайлау үдерісіне қатысушылардың осы сайлау үдерісі кезеңінде санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қажетті шараларды ұйымдастыру қажеттігіне назар аударды.