14 Маусым, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №645

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2014 жылғы 12 маусым, Астана, Үкімет Үйі Тіркелген тарифтерді бекіту туралы «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын жеткізуге тіркелген тарифтер бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы №645 қаулысымен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын жеткізуге тіркелген тарифтер Р/с № Электр энергиясын алу үшін пайдаланылатын жаңартылатын энергия көздерінің технологиясы Тариф мөлшері, теңге/ кВтсаг. (ҚҚС-сыз) 1 Жел электр станциялары 22,68 2 Қазақстандық кремний (Ка2 РУ) негізінде күн сәулесінің энергиясын түрлендіру үшін фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын күн электр станцияларының жобалары үшін тіркелген тарифті қоспағанда, күн энергиясын фотоэлектрлік түрлендіргіштер 34,61 3 Шағын гидроэлектр станциялары 16,71 4 Биогаз қондырғылары 32,23