Қоғам • 02 Ақпан, 2023

DIGITAL ALMATY 2023 форумына 17 мың адам тіркелді

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2 ақпанда Алматыда «Digital Almaty: жаңа шындықтағы цифрлық әріптестік» V мерейтойлық халықаралық цифрлық форумы өз жұмысын бастады.  Форум 2 және 3 ақпанда өтеді. Форумның басты тақырыбы «Инновациялық технологиялар индустриясын дамытудың заманауи жаһандық сын-қатерлеріне» арналады, деп  хабарлайды Egemen.kz.

DIGITAL ALMATY 2023 форумына 17 мың адам тіркелді

Бағдарламада 29 панельдік сессия бар. Онда халықаралық және Қазақстандық IT-қоғамдастықтың атынан 150-ден астам спикер сөз сөйлейді. 1 ақпандағы жағдай бойынша форумға 17 мың адам тіркелді.

Бірінші күні пікірталасқа қатысушылар Қазақстандағы цифрлық майнинг индустриясын, мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясын, криптобиржаларды дамыту перспективаларын, білім беру саласындағы киберқауіпсіздік пен технология мәселелерін талқылайды.  Форумның екінші күні пленарлық отырыстан басталады, оған ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары қатысады. Ал екінші күні панельдік сессиялар барысында форумға қатысушылар технопарктердің дамуын, корпоративтік инновациялардың трендтерін, цифрлық нарықтардағы деректерді реттеу мәселелерін, креативті индустрияларды және қоғамдық игілік үшін цифрландыруды талқылайды. 

Сондай-ақ форум аясында Индустрия 4.0 көрмесі, Astana Hub Battle,  технологиялық марафон, стартаптар көрмесі және балалар робот-техникасы бойынша халықаралық чемпионат өтеді. 

Сонымен қатар форум аясында Digital Almaty Awards IT-сыйлығы өтеді. Tech Garden Awards кәсіпорындарын цифрлық дамыту конкурсының қорытындысы шығарылады.