Қаңтар айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 доллар үшін 460,52 теңгеге дейін, 0,5 пайызға нығайған. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың бір күндегі орташа көлемі бір айда 141-ден 103 млн долларға дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,1 млрд долларды құрады.

Ұлттық банктің хабарлауынша, бір ай ішінде валюта нарығы сұраныс пен ұсыныс тұрғысынан теңгерімді болды, айырбастау бағамы нарықтық жағдайларға байланысты қалыптасты.
«Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы өткен айда шамамен 453 млн долларды құрады. Квазимемлекеттік сектор компаниялары екінші деңгейлі банктер арқылы валюта нарығында сатуды өз алдына дербес жүргізді. Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату қаңтарда 228 млн доллар болды. Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінен 11,1 пайыз болды және бір күнде 12 млн доллардан аспады. Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде Ұлттық банк нарықтық бейтараптық қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын тұрақты әрі біркелкі сату дегенді білдіреді. Мұндай тәжірибе валюта нарығына Ұлттық қор операцияларының әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді», делінген хабарламада.
БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30 пайыз деңгейінде ұстап тұру мақсатында Ұлттық банк қаңтарда биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жүзеге асырған. Оның жалпы сомасы 120 млн доллар немесе нарықтың жалпы көлемінен шамамен 5,8 пайызды құрады.
Сондай-ақ қаңтарда Ұлттық банк валюталық интервенциялар жүргізбеген. ҰБ сарапшыларының айтуынша, қысқа мерзімді перспективада теңгенің динамикасы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы жағдайға байланысты болады. Ұлттық банк теңгерімсіздіктің жинақталуына жол бермейтін және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режімін ұстануды жалғастырады.
Александр Бублик Майами мастерс турнирінде жеңіліп қалды
Спорт • Бүгін, 12:12
Үндістанда пиротехника фабрикасындағы жарылыстан 8 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 12:02
Бүгін елордада Қазақстан – Словения матчы өтеді
Спорт • Бүгін, 11:22
Банкноттарын заңсыз айырбастаған әйел Қазақстанға экстрадицияланды
Қоғам • Бүгін, 11:17
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:56
Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Оразаның басталуымен құттықтады
Қоғам • Бүгін, 10:40
Ұқсас жаңалықтар