Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Қазақ» газетінің 110 жылдығы аясында Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының қазақ, ағылшын, түрік, орыс тілдерінде жарық көрген таңдамалы мұрасының, сондай-ақ ғылыми экспедиция әзірлеген «Алаш қозғалысы: дерек пен дәйек» атты жинақтың таныстырылымы өтті.
2 ақпан – ұлт руханияты мен журналистикасы үшін айтулы күн. 1913 жылы дәл осы күні Орынбор қаласында халқымыздың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени тақырыптарды қамтыған газет 1918 жылға дейін тұрақты шығып тұрды.
Мазмұнды іс-шарада қадірлі қонақтар алдымен ұлт ұстазының төрт тілде жарық көрген «Таңдамалының» және «Алаш қозғалысы: дерек пен дәйек» атты қорытынды жинақтың тұсауын кесіп, оқырманға жол тартқан толымды еңбекке сәт-сапар тіледі.
Одан кейін аталған орталықтың директоры, ғалым Ербол Тілешов «Қазақ» газетінің бастауында тұрып, ұлт баспасөзінің одан кейінгі дамуына кең өріс ашқан тұғырлы тұлғаның өнегелі жолы мен ұлтқа жасаған қызметі туралы салмақты сөз қозғады.
«Қазақ газеттері» ЖШС-ның бас директоры, академик Дихан Қамзабекұлы Алаш ардақтысының мерейтойы аясында ұйымдастырылған ғылыми экспедиция мүшелерінің тың дүниелері қамтылған «Алаш қозғалысы: дерек пен дәйек» атты жинақтың мән-мазмұнына тоқталды.
«Біріншіден, бұл еңбек – аз қаржыны тиімді пайдаланып, білікті мамандарды шетелге жіберіп, бес елден келген құжаттың негізінде даярланыпты. Екіншіден, былтыр Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы жоғары деңгейде өтті. Енді осы ғылыми жұмыстардың салалануы бәрімізге байланысты. Тек оны мерейтойға байлап қоймауымыз керек. Әркім өзінің қызметінде, саласында жалғастыруы қажет. Біз гуманитарлық ғалымдар жиналып алып, проблеманы өзімізге ғана айтамыз. Жаратылыстану, техника ғылымдарының өкілдері, бізден: «Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын студенттерімізге қалай насихаттаймыз?» деп сұрайды. Осы жөнінде де біраз ойлануымыз керек. Үшіншіден, латын қарпіне байланысты ұстанымымыз ғылыми толық шешімін таппай отыр. Осы мәселеде ғалымдарымыздың ауызбірлігі керек. Тілші ғалымдардың Ақаңның қағидатына сай ұстанымы өте маңызды», деп пікірін сабақтады.
Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде қызмет істеген жылдары Алаш қозғалысы мен қайраткерлеріне қатысты бірқатар дерек тауып, оны ғылыми айналымға енгізген белгілі ғалым, профессор Серікқали Байменше «Қазақ» газетінің алғашқы нөмірі басылған Орынбордағы баспахана үйінің тарихы туралы баяндады.
«Қазақ» газеті мен «Айқап» журналы да Ресейде жарық көрді. Осы екі басылымға белгі орнату жөнінде азын-аулақ еңбегім де сіңді. Орынборда «Қазақ» газеті басылған ғимаратты іздеп бардым. Екі қабатты үй. Алдында жуан терек өсіп тұр. Суретке де түсірдім. Кейін осы үйге белгі орнату мәселесімен айналыстым. Белгі қойылды. Бірақ біздің тарапымыздан емес. Басқалар қойды. Әйтеуір, тұңғыш газетіміз үшін белгі орнатылды. «Айқап» журналы – Троицк қаласындағы «Энергия» атты баспадан шыққан. Бұл баспа әлі бар. Оны іздеп барып, сол жайында «Егемен Қазақстанға» мақала жаздым. Бұған белгі Челябі қаласындағы қазақ диаспора өкілдерінің көмегімен қойылды», деп өткен күндердің естелігін жаңғыртты. Сондай-ақ ол «Алаш қозғалысы: дерек пен дәйек» атты жинақта бұрын айтылмаған деректердің мол екенін айта келіп, әсіресе Мағжан Жұмабаевтың осыған дейін белгісіз болып келген ғашықтық туралы бір өлеңін қызыға әңгімеледі.
«Тіл-қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығының ұйытқы болуымен бес мемлекетке сапарлаған ғылыми экспедиция Алаш қозғалысына ғана емес, ұлт ұстазына да қатысты біраз дерек тапқан. Осы жайында филология ғылымдарының докторы Жандос Смағұлов Мәскеу сапарының қорытындысын әңгімеледі.
Жалпы, Ахмет Байтұрсынұлының үш тілде алғаш жарық көріп отырған таңдамалы шығармалары – руханиятқа қосылған сүбелі еңбек. Бірақ оны өзге тілге аудару да оңай болмаған. Бұл жайында ғалым, аудармашы Жантас Жақыпов жақсы айтты.
«Мен аталған экспедиция аясында Санкт-Петербургке бардым. Бірақ онда 1917-1940 жылдарға дейінгі архив деректерін жауып тастаған. Құжаттар өңделіп жатыр дейді. Алайда тапқанымды әкелдім. Сонымен қатар Ақаңның орысша жазылған еңбегін қазақшаға аудардым. Және қазақшадан орысшаға аударылғандарды редакцияладым. Қазіргі қазақ тілі грамматикасы, мәтін түзеуі мен сөйлеуі мүлде басқа. Ұстаз еңбегін соған салғымыз келсе де, оған келмеді. Қысқасы, көнбейді. Байтұрсынұлының жазғаны – ана тіліміздің табиғатынан шығып тұрғандықтан, оған орыс тілінің терминдері келмейді. Сонда да біз оған қазіргі қалыптасқан орыс тілінің терминдерін қолдануға тура келді», десе, Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын ағылшын тіліне аударған жас ғалым Ақнұр Төлеубаева да тіл ерекшеліктерін сөз етті.
Ал Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп ұлт ұстазының журналистік ізденісін айта келіп: «Алдағы аптада Түркітілдес елдерінің парламентаралық жиыны өтеді. Біздің тарихымызға қатысты дүниелердің көбісі іргелес орналасқан Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан секілді мемлекеттердің архивінде әлі шаңға көміліп жатыр. Егер олардың мұрағаттарында цирфландыру жүргізілсе, қажетті ақпаратты шығарып алудың бір ортақ жүйесін жасау керек. Осы мәселені көтерейік. Сіздердің тарапыңыздан қандай ұсыныстар бар?», деп жиналған зиялы қауымға ой тастады.
Ербол Тілешов сөз арасында Ташкент мұрағаттарынан дерек алудың қиын екенін, өйткені ғылыми экспедиция құрамындағы барған ғалымдарға архивке кіруге рұқсат берілмегенін айтты.
Сонымен қатар академик Кәрімбек Құрманәлі «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрген – 2 ақпанды – «Қазақ баспасөзінің күні» деп жарияласақ деген ұсыныс білдірсе, алаштанушы ғалым Сұлтанхан Аққұлұлы «Қазақ» газеті – қазақ даласындағы тұңғыш тәуелсіз басылым екенін айтып, оның тарихи бастауында тұрған Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы секілді тұлғалардың пайымды пікірлерін жеткізді.
Сондай-ақ жиынға қатысқан алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әлібек Асқаров, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, ақын, қайраткер Қазыбек Иса ұлт ұстазының шығармалары мен көсемсөзінің ерекшелігі туралы ой өрбітті. Сонымен бірге онлайн режімде ахметтанушы ғалымдар да пікір-ұсыныстарын жеткізді.
Жиын соңында «Тіл-қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығы әзірлеген «baitursynuly.kz» сайты таныстырылды. Интернет-ресурстың безендірілу композициясы мен мазмұнға бай контенті жиналғандардың көңілінен шықты. Шара аясындағы «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты кітап көрмесі жиналғандарды тәнті етті.
Ауыл • Кеше
Тұрмысты жеңілдеткен жаңа технологиялар
Технология • Кеше
Қоғам • Кеше
Пікір • Кеше
Мереке • Кеше
Мәселе • Кеше
EURO-2024: Словения мен Данияны жеңе аламыз ба?
Футбол • Кеше
Шахмат • Кеше
Бокс • Кеше
Футбол • Кеше
Спорт • Кеше
Қысқы спорт • Кеше
Дәстүр • Кеше
Өнер • Кеше
Қоғам • Кеше
Сайлау: Алғашқы Еxit poll нәтижесі белгілі болды
Сайлау • Кеше
Түркиядағы сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды
Әлем • 19 Наурыз, 2023
Сайлау күні 609 сәби дүниеге келді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Сайлау-2023: Дауыс берушілердің соңғы мәліметтері жарияланды
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Бокс: Карина Ибрагимова 1/8 финалға жолдама алды
Бокс • 19 Наурыз, 2023
Франциялық бақылаушылар Алматыдағы сайлау барысының ашықтығын атап өтті
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Еліміздің басым бөлігінде дауыс беру аяқталды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Қытайдағы сайлау учаскелері өз жұмысын аяқтады
Әлем • 19 Наурыз, 2023
ОСК: Халықтың 54,09 пайызы сайлауда таңдауын жасады
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Халықаралық сарапшы алматылықтардың жауапкершілігін ерекше атап өтті
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Шетелде 5 мыңға жуық отандасымыз дауыс берді
Саясат • 19 Наурыз, 2023
Ресей бақылаушылары Алматыдағы дауыс беру барысына оң баға берді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Қостанайдағы 6 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды
Аймақтар • 19 Наурыз, 2023
ОСК кешкі уақыттағы сайлау қарқынын баяндады
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Канадада жасөспірім екі полицейді атып өлтірді
Әлем • 19 Наурыз, 2023
Қонаевта ретрокөліктер шеруі ұйымдастырылды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Елорда мен Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 19 Наурыз, 2023
Астанада әскери қызметші мұз астына құлап кеткен баланы құтқарды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім?
Спорт • 19 Наурыз, 2023
Сайлау комиссияларының бірнеше мүшесі процестен шеттетілді
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Алматының көлік жүргізушілеріне ескерту жасалды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
6 миллионнан астам адам дауыс беріп үлгерді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Пәкістанда су тасқынынан 10 адам қайтыс болды
Әлем • 19 Наурыз, 2023
Теміржолшылар әулеті дәстүр бойынша сайлауға келді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Павлодарда 103 жастағы кейуана дауыс берді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Ұқсас жаңалықтар