2023 жылы «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмысын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 140 млрд теңге бөлінді. Өтінімді қабылдау басталғаннан кейін 9 күн ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден жалпы сомасы 48 млрд теңгеге 1 211 өтінім келіп түскен. Тағы 668 фермер – құжат жинау сатысында.

Республикалық бюджеттен бөлінген алғашқы транш 70 млрд теңге корпорацияның шотына түскен. Қаржыландырудың көп бөлігі 5,8 млрд теңге несие серіктестіктері арқылы берілген. Микроқаржы ұйымдары арқылы фермерлер 800 млн теңге рәсімдеді. Биыл несие алуды жеңілдету және жеделдету мақсатында Аграрлық несие корпорациясы қаржыландыруды тек несие серіктестіктері, екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдарын қорландыру арқылы жүзеге асырып жатыр. Несие қаражаты қаржы ұйымдарына 1,5 пайыз жылдық сыйақы мөлшерлемесімен және 1,5 пайыздан басталатын жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесімен беріледі. Ал қаржы ұйымдары шаруашылықтарға несиені жылдық 5 пайызға дейінгі сыйақы мөлшерлемесімен рәсімдейді.
«Бұл қаражат жанар-жағармай, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеуге қажетті қосалқы бөлшектер, минералды тыңайтқыш, тұқым сатып алуға және егін егу мен жинауға арналған өзге де іс-шараларға жұмсалуға тиіс. 2022 жылдан бастап бағдарлама шарттары бойынша алғаш рет несиелеу мерзімі келесі жыл көктемінің басына дейін ұзартылды. Бұрын несиелеу мерзімі қаржыландыру жылымен шектелген еді», деп хабарлайды «Бәйтерек» холдингі.
Сонымен қатар оңтүстік аймақтар алғаш рет өткен жылдардағыдай сәуір айында емес, алдын ала, яғни былтыр желтоқсанда қаржыландырылды. Сондай-ақ 1 гектарға жұмсалатын шығыстар нормативінің мөлшері орта есеппен 25 пайызға көбейтілген.
«Бәйтерек» ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкеловтің айтуынша, 2022 жылы ауыл шаруашылығы 9 пайызға өсім көрсетті. Оның алдында орташа өсу қарқыны 3-4 пайыз болған.
«Геосаяси оқиғаларға және олардың салдарына қарамастан өнеркәсіп өсіп отыр. Бұған өсімдік шаруашылығы айтарлықтай үлес қосты. Мәселен, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар өнімі 39 пайызға – 22,8 млн тоннаға дейін артты, оның ішінде бидай 44 пайызға – 17 млн тоннаға дейін артты. Майлы дақылдардың өнімі шамамен 17 пайызға – 2,8 млн тоннаға дейін, көкөністер 4 пайызға – 4,9 млн тоннаға дейін артты. Мал шаруашылығына да көрсеткіштер өсті. Ірі қара мал басы 2,5 пайызға – 8,4 млн басқа, қой 2,2 пайызға – 19 млн басқа, құс 3,8 пайызға – 49,5 млн басқа дейін өсті. Бұл деректерге қарасақ, ауыл шаруашылығы сыртқы дағдарыстарға төтеп бере алатынын және әрі қарай даму үшін негізі мықты екенін көрсетті», дейді ол.
Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың айтуынша, биыл егіс жұмыстарына 413 мың тонна дизель отыны қажет.
«Бұл өткен жылы бөлінген көлемнен 13 мың тоннаға көп. Қазіргі уақытта облыстарды мұнай өңдеу зауыттарына бекіту кестесінің жобасын әзірлеу, сондай-ақ егіс жұмыстарына жоспарланатын дизель отынының көлемі мен бағасын келісу жүргізіліп жатыр. Көктемгі науқанды техникалық қамтамасыз ету бөлігінде ауыл шаруашылығы құрылымдарында 141,7 мың трактор, 4 300 бірлік жоғары өнімді егіс кешені, 73,2 мың сепкіш, 221,2 мың топырақ өңдеу машинасы бар», деді Премьер-министр депутат сауалына берген жауабында.
Ауыл • Кеше
Тұрмысты жеңілдеткен жаңа технологиялар
Технология • Кеше
Қоғам • Кеше
Пікір • Кеше
Мереке • Кеше
Мәселе • Кеше
EURO-2024: Словения мен Данияны жеңе аламыз ба?
Футбол • Кеше
Шахмат • Кеше
Бокс • Кеше
Футбол • Кеше
Спорт • Кеше
Қысқы спорт • Кеше
Дәстүр • Кеше
Өнер • Кеше
Қоғам • Кеше
Сайлау: Алғашқы Еxit poll нәтижесі белгілі болды
Сайлау • Кеше
Түркиядағы сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды
Әлем • 19 Наурыз, 2023
Сайлау күні 609 сәби дүниеге келді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Сайлау-2023: Дауыс берушілердің соңғы мәліметтері жарияланды
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Бокс: Карина Ибрагимова 1/8 финалға жолдама алды
Бокс • 19 Наурыз, 2023
Франциялық бақылаушылар Алматыдағы сайлау барысының ашықтығын атап өтті
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Еліміздің басым бөлігінде дауыс беру аяқталды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Қытайдағы сайлау учаскелері өз жұмысын аяқтады
Әлем • 19 Наурыз, 2023
ОСК: Халықтың 54,09 пайызы сайлауда таңдауын жасады
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Халықаралық сарапшы алматылықтардың жауапкершілігін ерекше атап өтті
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Шетелде 5 мыңға жуық отандасымыз дауыс берді
Саясат • 19 Наурыз, 2023
Ресей бақылаушылары Алматыдағы дауыс беру барысына оң баға берді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Қостанайдағы 6 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды
Аймақтар • 19 Наурыз, 2023
ОСК кешкі уақыттағы сайлау қарқынын баяндады
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Канадада жасөспірім екі полицейді атып өлтірді
Әлем • 19 Наурыз, 2023
Қонаевта ретрокөліктер шеруі ұйымдастырылды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Елорда мен Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 19 Наурыз, 2023
Астанада әскери қызметші мұз астына құлап кеткен баланы құтқарды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім?
Спорт • 19 Наурыз, 2023
Сайлау комиссияларының бірнеше мүшесі процестен шеттетілді
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Алматының көлік жүргізушілеріне ескерту жасалды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
6 миллионнан астам адам дауыс беріп үлгерді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Пәкістанда су тасқынынан 10 адам қайтыс болды
Әлем • 19 Наурыз, 2023
Теміржолшылар әулеті дәстүр бойынша сайлауға келді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Павлодарда 103 жастағы кейуана дауыс берді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Ұқсас жаңалықтар