Видео • 10 Ақпан, 2023

Индонезияда Карангетанг жанартауы атқылай бастады

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индонезияның Сиау аралындағы Карангетанг жанартауы оянды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Индонезияда Карангетанг жанартауы атқылай бастады

Жақын маңдағы ауылдарда тұратын тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары басталды. 

«Тау еңістері өте тік, сондықтан көшкін тез жылжиды», деді жанартауды зерттеуші маман Октори Прамбада виртуалды баспасөз мәслихатында. 

Әлеуметтік желіде тараған кадрларда қалың түтін мен жалын атқан көшкін анық көрінеді. 

Еске салайық, Карангетанг жанартауы бұған дейін 2011 жылы да елді дүрліктірген. Оған сол кездегі Жапонияда болған жер сілкінісі әсер еткен.

Айта кетейік, осы таудың 1 784 метр биіктігінен Батанг, Тимбеланг, Беха Барат, Наниту, Батуаванг және Кахетанг өзендері бастау алады.