Қоғам • 20 Ақпан, 2023

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ көміртегі ізін азайту жолында

388 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 15 пайызға азайтуды талап ететін Жарлыққа қол қойды. Өршіл тапсырманы орындау жолындағы алғашқы қадам - жобаларды талқылау және оңтайлы шешімді іздеу, климаттық диалог алаңын ұйымдастыруға «АрселорМиттал Теміртау» көмектесті.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ көміртегі ізін азайту жолында

Теміртауда «Көмір өнеркәсібін декарбонизациялау және ESG технологиялары» іс-шарасы өтті. Қаңтар айының соңында Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының, ЕО, ЕДРБ, «Жасыл» академиясының, ESG рейтингтік агенттігінің және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылары көміртегін реттеу және Қазақстан Республикасының көміртек бейтараптығы жетістіктерінің келешегі мәселелерін талқылау үшін дөңгелек үстелге жиналды.

«2013 жылдан бастап Қазақстан «жасыл» экономикаға жол бастады, биылғы жылдың 2 ақпанында Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге көшу стратегиясы бекітілді. Бұл құжат екі жыл әзірленді. Стратегияның қабылдануы, бір жағынан, Қазақстанның Париж міндеттемелерін орындауға дайын екендігін растау болса, екінші жағынан, бұл - күрделі сынақ. Стратегияның ел деңгейінде қабылдануы барлық мемлекеттік бағдарламаларды, стратегиялық жоспарлау жүйелерін ESG қағидаттарын, декарбонизация және тұрақты даму қағидаттарын біріктіру тұрғысынан қайта қарау керек дегенді білдіреді», дейді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «жасыл» экономика жөніндегі кеңес мүшесі және «Жасыл Академия» директоры Бақыт Есекина.

Дөңгелек үстелді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қолдауымен және ҚРИИДМ, MЭГПР, ЕО делегациясының қатысуымен «Жасыл Академия» ұйымдастырды. Негізгі міндеттер – сындарлы диалог, халықаралық трендтерді талқылау және ел кәсіпорындарының көміртексіздендіруге дайындығы. Бұл технологияны енгізудің өзектілігі жаһандық климаттық үрдістерге байланысты. Бұл технологияны енгізудің өзектілігі жаһандық климаттық үрдістерге байланысты. Қабылданған Стратегия 2060 жылға дейін есептелген. Құжатта соңғы 20 жылда Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі айтарлықтай өскені атап өтілген. Бұл үдерістер сәйкесінше парниктік газдар шығарындыларын арттырады. 2020 жылға қарай өнеркәсіпте отынның жануынан болған шығарындылар 1990 жылғы деңгейден 144%-ға жетті. Қазақстанда шығарындылардың 54 пайызы металлургияға тиесілі.

- «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Қазақстан Республикасының өнеркәсібін декарбонизациялау бастамасында маңызды рөл атқара алады. ArcelorMittal туралы айтатын болсақ, біз болат өндіру бойынша ТОП-10 әлемдік көшбасшылар қатарына кіретін компаниялар тобы туралы айтып отырмыз. Ал декарбонизацияға келетін болсақ, AрселорМиттал жақсы дағдыларға ие. Мәселен, 2021 жылдың 17 наурызында компания төмендетілген,төмен көміртекті және нөлдік көміртекті болат брендін шығарды. Сондай-ақ «жасыл» инновациялардың ауқымды бастамалары мен жобаларына ие», - деді Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов.

Еліміздің металлургия өнеркәсібіндегі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының үлесі шамамен 30%-ды құрайды.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көміртегі трансформациясын жеделдетуді тапсырды. Экологиялық жобалар көміртегі бейтараптығына қол жеткізу кезеңдерінің бірі болып табылады. 2023 жылы «АрселорМиттал Теміртау» шығарындылар мен көміртегі іздерін азайтуға бағытталған бірқатар жобаны аяқтайды. Бұл ЖЭО-ПВС-тағы №1 және ЖЭО-2-дегі №7 қазандықтарды ауыстыру, кокс-химия өндірісіндегі жаңа аспирациялық жүйе, аглоөндірістегі қап сүзгілер, трансформаторларды ауыстыру сияқты жобалар. Декарбонизация үдерістері барлығына және әркімге әсер етеді. Әрине, компанияның басты мақсаты мен мақтанышы – біздің адамдарымыз және жергілікті қауымдастықты дамыту, компания орналасқан аймақтарда өмір сүру деңгейін көтеру», дейді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Владимир Яблонский.

.

Экология министрлігінің өкілдері құжаттар мен есептер үлкен қызығушылық тудыратынын және Үкіметке практикалық ұсыныстар беру үшін пайдалы болатынын атап өтті.

Іс-шара соңында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, ҚарИУ және «Жасыл Академия» арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

.