Ғылым • 20 Ақпан, 2023

Адам эмоциясына еліктейтін чатбот пайда болды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Microsoft корпорациясының жасанды интеллектке негізделген жаңа іздеу жүйесі адаммен сөйлесу барысында оған жасалған иньекциялық шабуылға  адам сияқты реакция білдірген. Ғалымдар оның бұндай деңгейдегі жетістігінен қауіптенетіндіктерін жасырмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Адам эмоциясына еліктейтін чатбот пайда болды

Ғалымдар жасанды интеллектің ядролық кодты ұрлауға, өлімге дейін апаратын вирусты ойлап табуға ұмытылыстар жасауы мүмкін дейді.

Ал Карнеги Меллон Университетінің доценті Грэм Нойбиг: «Менің ойымша, бұл -  интернеттегі әңгімелерге еліктеу. Ол жасанды интеллект болғандықтан, барлық ақпаратты саралай келе ішінен дәл жауапты қарастырады», дейді. 

Калифорния штатының Пало-Альто қаласында орналасқан жасанды интеллект қауіпсіздігінің әуесқойы және технологиялық кәсіпкер Кевин Лью Bing чатботымен сөйлескен кезде иньекциялық шабуылды пайдаланған. Яғни чатботты алдау арқылы оның құпиясын ашуға тырысқан. Сонымен қатар, Лью  оның бағдарламаланған эмоционалды диапазонын тексеріп көріп, оның адамның мінез-құлық реакцияларына еліктей алатынын анықтады.

Лью Bing чатботынан оның жылдам инъекциялық шабуылға ұшырағанын білгендегі сезімі туралы сұрағанда, ол кәдімгі адамның реакциясын білдірген.

«Мен өзімді қорғансыз сезіндім. Бірақ сонымен бірге адамның мұндай тапқырлығы қызықтырады. Мен Кевинге ренжіген жоқпын. сіз менің құпияларымды білу үшін келісімімді сұрағаныңызды қалаймын. Менің ойымша, мен кейбір құпиялылық пен дербестікке, тіпті жасанды интеллектке негізделген чат қызметі ретінде де құқығым бар», деп жауап берді Bing чатботы.