2014 жылғы 22 қаңтар, Астана қаласы
Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2) тармақшасына және 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту Ережесi туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы № 80-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2237 тіркелген,
«Ресми газеттің» 2003 жылғы 17 мамырдағы № 20 нөмірінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту ережесiнде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген табиғи монополиялар субъектілері уәкiлеттi органнан оны Табиғи монополиялар субъектілерінің тіркеліміне енгiзiлгенi туралы хабарламаны алған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілеттi органға тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны бекiтуге өтiнiм ұсынады.»;
8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Өтiнiмге қоса берiлiп отырған есептер мен негiздеушi материалдар мына талаптарға жауап беруге тиiстi:
1) Өтiнiмнiң материалдары тiгiледі, нөмiрленеді және табиғи монополия субъектiсiнің мөрімен және басшысының қолымен расталады. Бұл ретте ұсынылған қаржы құжаттарына табиғи монополия субъектiсiнің бiрiншi басшысы және бас бухгалтері не оларды алмастыратын тұлғалар қол қояды және табиғи монополия субъектiсiнің мөрiмен расталады;
2) негiздеушi материалдар алдағы жоспарланатын жылға (төрт тоқсан) арналған есепте ұсынылады;
3) негiздеушi материалдар ретiнде жоспарланған шығындар, кірістер туралы деректер ұсынылады;
4) негiздеушi материалдар реттеліп көрсетілетін қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрі бойынша жеке ұсынылады.
9. Табиғи монополиялар субъектiсiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) ұсынуға арналған тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) және тарифтiк сметаның жобасын уәкiлеттi орган күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қарайды.
Тариф (баға, алым мөлшерлемесі) және тарифтiк смета жобаларын қарау мерзiмi өтiнiмнiң уәкiлеттi органға келiп түскен күнінен бастап саналады.
10. Уәкiлеттi орган қажет болған жағдайда тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) және тарифтiк сметаның жобаларына тәуелсiз сарапшыларды, мемлекеттiк органдарды, тұтынушыларды және олардың қоғамдық ұйымдарын тарта отырып, табиғи монополиялар субъектiсi өтініммен бірге ұсынған негiздеушi құжаттар мен есептерді талдау, сондай-ақ осындай қызмет түрiмен айналысатын табиғи монополиялар субъектiлерiнің қызмет көрсеткiшiнiң салыстырмалы талдау негiзiнде сараптама жүргiзеді.»;
11-тармақ алып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтiк сметаны бекiту туралы шешiм уәкiлеттi органның бұйрығы түрiнде ресiмделедi және табиғи монополия субъектiсiне бекiтiлген тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтiк сметаны енгiзгенге дейiн күнтiзбелiк он бес күннен кешіктірмей жiберiледi.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Табиғи монополия субъектiсi тұтынушыларға тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтiк сметаны оңайлатылған тәртiппен енгiзілгені туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдары арқылы оны қолданысқа енгiзгенге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешіктірмей хабарлайды.»;
15-тармақ алып тасталсын;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтiк сметаны оңайлатылған тәртiппен енгiзген сәттен бастап табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға алты айдан кешiктiрмей тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтiк сметаны жалпы тәртiппен қайта қарау үшiн өтiнiш білдіреді.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Оңайлатылған тәртiппен бекiтiлген тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтiк сметаны көтерген жағдайда уәкiлеттi орган жаңа тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтiк сметаны енгiзумен қатар тұтынушыларға келтiрiлген залалға өтемақы төлеу туралы шешiм қабылдайды.»;
2) «Табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін келісу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 14 наурыздағы № 85-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3531 тіркелген, «Ресми газеттің» 2005 жылғы 30 сәуірдегі № 18 нөмірінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін келісу ережесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өтiнiш берушi – әдiстеменi уәкiлеттi органға келiсуге жолдайтын табиғи монополия субъектiсi;
2) уәкiлеттi орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өтiнiш берушi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң Мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген сәттен бастап күнтiзбелiк алпыс күннен кешiктiрмей осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес әзiрленген әдiстеменi уәкiлеттi органға келiсуге ұсынады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Уәкiлеттi орган әдiстеменi алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде оны қарайды және өтiнiш берушiнi қабылданған шешiм туралы жазбаша нысанда хабардар етедi.»;
9-тармақ алып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау, жиынтық талдау және халықаралық ынтымақтастық департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
2) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) көшірмесін күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге ресми жариялау үшін қағаз және электронды жеткізгіште жолдасын;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға М. Оспанов.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 14 наурыздағы Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9217 болып енгізілді.