Қоғам • 13 Наурыз, 2023

Банкроттыққа өтінім беру үшін қандай құжат қажет?

2449 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

3 наурыздан бері жеке тұлға банкроттығы бойынша өтінім қабылдау жүріп жатыр. Өтінімді қарыз төлеушінің өзі ғана жолдай алады. Бұл ретте eGov.kz порталын және eGov Mobile мобильді қосымшасын пайдалану ыңғайлы болмақ. Бірақ өтінім бермей тұрып қаперге алатын біраз факторлар бар.

Банкроттыққа өтінім беру үшін қандай  құжат қажет?

Азамат өтінім бермес бұрын мына деректерді міндетті түрде тексеруі тиіс:

  • Банктер, микроқаржы ұйым­дары, коллекторлық агенттік­тер алдындағы берешек 5,5 млн тең­геден аспауы және кешіктіру мер­зімі 12 айдан кем болмауы;
  • Мүлікке, оның ішінде ортақ мен­шіктегі мүлікке меншік құқы­ғы­ның болмауы (Egov.kz.);
  • Өз телефоныңыздың және жұбайыңыздың нөмірін мобильді азаматтар базасында (MАБ) тір­кеу. Ұялы телефон нөмірін тір­кеу үшін my.egov.kz сілтемесі бо­йынша өту керек.
  • Арызға кредитормен (екін­ші деңгейдегі банкпен немесе микроқаржы ұйымымен) қарыз­ды реттеу туралы құжат қоса бе­рі­леді.

Банктің реттеуден бас тартуы және өтініштің көшірмесі немесе өтінішті электронды форматта жіберу туралы растау (банктен жауап болмаған жағдайда) реттеу құ­жаты деп саналады. Кол­лек­тор­лық агенттіктер алдын­да­ғы қа­рыз бойынша реттеу құжаты қа­жет емес.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкиннің айтуын­ша, құжаттардың толық па­ке­тін жинамай тұрып eGov.kz порталында өтінім берудің немесе Халыққа қызмет көрсету орта­лы­ғына барудың мәні жоқ. Ең алдымен екінші деңгейлі банк­тен қажетті растауды алу керек. Содан кейін ғана жеке тұлға банк­роттығына өтінім беруге болады.

Соттан тыс банкроттық про­цеду­расын қолдану туралы өті­нім­ді беру үшін:

  • Қазақстан Республикасының жоғарыда аталған заңында көз­дел­ген азаматты банкрот деп та­ну туралы соттан тыс тәртіппен арыз беру талаптарының сақ­талу­ын растауы;
  • Некеде болған жағдайда жұбайының (жолдасының) ЖСН-ын көрсетуі;
  • Несиесі бар қаржы ұйым­да­ры туралы дерек енгізуі;
  • Салық органын көрсетіп, құжаттар көшірмесін енгізуі;
  • Егер атаулы әлеуметтік кө­мек ала­тын болса арнайы белгі қоюы;
  • Міндеттемені орындау мер­зі­мі 5 жылдан асқан болса ар­найы белгі қоюы;
  • Өтінімге бірреттік құпия сөз­бен не­месе ЭЦҚ-мен қол қоюы;
  • Өтінімді жібергеннен кейін жеке каби­нетте жұбайы (жолдасы) келісім беру тиіс.

Өтінім жауабы 15 жұмыс күні ішінде шешімге сілтеме күйінде жеке кабинетке келіп түседі. Ше­шім­ді Қаржы министрлігінің сайтынан да қарауға болады. Сот­тан тыс банкроттық процеду­ра­сын жүргізу уақыты 6 айға дейін созылады.

Соттан тыс банкроттық рәсі­мін қолданудан бас тарту туралы хабарламаны алған жағдайда аза­мат бас тартуға себеп болған негіздер жойылғаннан кейін, бірақ бас тартуды алған күннен кейінгі күнтізбелік 3 (үш) айдан ерте емес мерзімде қайта жү­гі­ну­ге құқылы.

Банкроттыққа өтінім берудің негізгі қадамдары мынадай:

  1. eGov.kz порталының бас­ты бетінде және «Азаматтарға» бөлімінде «Салық және кеден», одан әрі қарай «Экономика және қаржы» айдарын табу керек.
  2. Соның ішінде «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» қыз­метін таңдап, «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз.
  3. Ұсынылған қызметтер іші­нен «Соттан тыс банкроттық про­це­дурасын қолдану қызметіне өтініш беру» қызметін таңдайсыз.
  4. Әрі қарай экранда пайда болатын хабарламамен танысып, келісім бересіз.

Одан әрі келесі мәліметтерді көрсетіңіз:

  1. Мекенжай деректері;
  2. Некеде болған жағдайда ерлі-зайыптылардың ЖСН-ы;
  3. Несиесі бар қаржы ұйым­да­ры туралы мәліметтер;

Салық органын таңдап, қа­жет­ті құжаттарды жүктейсіз.

1) Егер сіз некеде болсаңыз;

2) Егер сіз атаулы әлеуметтік көмек алушы болсаңыз;

3) Егер міндеттемелерді орын­дау мерзімі 5 жылдан асса, онда атал­ған пункттерге белгі қою қа­­жет. 

Әрі қарай «Келісім» қадамын­да­ғы элементтерді тексеріп, белгі қою керек. Өтінімге қол қоюдың қолжетімді әдістерінің бірімен қол қоясыз. Келісуші (жұбайы не­месе жолдасы) растағаннан ке­йін өтінім мемлекеттік органға жі­­беріледі.

Дәл осындай қызмет eGov Mobile мобильді қосымшасының «Ар­найы қызметтер» бөлімінде де қолжетімді.

Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігі банкроттыққа өтінім бермей тұ­рып несие тарихын тексеріп алудың жолын жариялаған еді.

«Өтініш беру үшін жоғарыда көр­сетілген негіздердің бар-жо­ғын тексеру мақсатында Қазақ­стан Республикасы аза­мат­тарына id.mkb.kz сайтынан мерзімі өткен күндердің ең аз санын көрсете отырып, ағымдағы міндеттемелердің сомасын қамтитын дербес есеп (Қа­зақстан Республикасы аза­мат­тарының банкроттығы) алу ұсы­нылады. Бұл есеп тегін, элек­трон­дық құрылғылардан, соның ішінде мобильді құрыл­ғы­лардан қолжетімді», делінеді Агенттік хабарламасында.

Банкрот деп танудың салдары бар екенін атап өту қажет: Азаматқа 5 жыл ішінде қарыз және несие алуға тыйым салынады (ломбардтардан микронесие алу­ды қоспағанда). Екінші рет банкроттық жариялауға 7 жыл­дан кейін ғана рұқсат еті­леді. Банкрот болғаннан кейін 3 жыл бойы банкроттың қар­жы жағдайына мониторинг жүр­гі­зіледі.