02 Маусым, 2010

ЕЛІМЕН ЕТЕНЕ ЕЛБАСЫ

654 рет
көрсетілді
17 мин
оқу үшін
КӨРДІМ СІЗДІ СОЛТҮСТІК, ОҢТҮСТІКТЕН КӘСІПКЕР, КЕНШІ, ДИҚАН ТАП ҚАСЫНАН Нағашыбай МҰҚАТОВ. Жүректе желбіремей жатпас ұран, Баба өсиетін көтеріп баққа асығам, Көрдім Сізді Солтүстік, Оңтүстіктен Кәсіпкер, кенші, диқан тап қасынан. Тұлпар керек тура тартып арындатқан, Сұңқар керек сүт-аспанды дабылдатқан. Көрдім Сізді мың ақсақал маңайынан, Және, және жас балғын жалын топтан. Шапағатты шынайы бәрі ұққандай, Шуақ болса шартарап жарық қандай. Көрдім Сізді келешек кемесінен, Көрдім елді адымы алыптардай. Қос тілде кеткен кезде сайрап керім, Қол бұлғап, арқаланар айбатты елім. Көрдім Сізді саясат сахнасынан, Көрнектім, көрегенім, қайраткерім. Маңдай терсіз тұғырлы ел өскен бе, Мен марқаям өзгемен теңескенге. Көрдім Сізді Алатау баурайынан, Жер жәннаты Жетісу желі ескенде. Бұл пенде баспанадан басқа сый қалап па, Бар ықыласын құдай да құйды алапқа. Көрдім Сізді ақ дидар Астанадан, Көз тіктік көкке өрлеген ғимаратқа. Жұрттан бұрын жүгіріп жаны ашыған, Жұпар иіс жұтпай ма даласынан. Көрдім Сізді Қостанай қойнауынан, Алтын алқап ақ бидай арасынан. Жалпақ ел жаныңызды қолдап, ұққан, Зор тілек зорайғандай зор халықтан. Көрдім Сізді, Нұр аға, нұрлы жолдан, Ешқашан бұрылмайық сол бағыттан. ҚОСТАНАЙ. АСҚАРЛАРҒА БАСТАДЫ БАЙТАҚ ЕЛІН Құрманғали УӘЛИ, Парламент Мәжілісінің депутаты. Ойлап отырсақ, адамзаттың жара­ты­лысы жарық дүниеге келгелі қинал­май тіршілік құрып, дәурен сүрген кездері айтарлықтай көп емес. Бар ғұмы­ры алуан түрлі ауыртпалықты қайыс­пай көтеріп, ұрпағын өрбітіп еңбектеніп өмірін өткізіп жатқан халықты көресің. Басқа жұрт өзі білер, дәл қазір біздің ел сондай бір кезеңді бастан кешіру үстінде. Бұл өзі саяси пайымдауда дүние жүзін жайлаған дағдарыстан өтіп бара жатқан өтпелі кезең деген балама теңеуге ие болып отыр. Соған қарай нақтылап айтсақ, саналы жастардан бастап, еңкейген қарияға дейін осы төңіректе қабырғасын қайыстыра ой кешеді. Бәріміз күнделікті көріп-біліп отырмыз, күллі әлемді шарқ ұра шарлап жүрген Елба­сымыз Нұрсұлтан Назарбаев жұмыр әлемге дүниеде Қазақ деген ежелгі халық­тың бар екендігін көзіне көрсетіп толық танытты. Мемлекет басшысы “Қазақтың атын қайт­сем шығарамын, қайтсем көсе­гесін көгер­те­мін?!” деп Жер шарын шарлай жүре, қолы қалт ете бере жанына тыншу бер­мей, отқа да, суға да салған ойларын орта­ға салып ағы­нан жарылып жатады. Елін ең әуелі бір­лік пен ынтымаққа, маң­дайдың терін аямай төгер еңбекке шақы­ра­ды. Түсінерлік пейіл болса, сөзден, ай­ту­дан кенде болып жатқан жайымыз жоқ. Өз басым кезекті іссапармен ел аралап шыққан кезде дүниенің бәріне қара түнекті ор­ната беретін, теріс түсінікте жүретін азамат­тарға қарап, бір мезгіл көзіңіз қанып, көңіліңіз орнына түсетін керемет сәттер ауылға барғанда алдыңыздан шығады. Реті­мен, жөнімен жүріп жатқан тіршілік ың­ғайы­мен көрініс беретін, азаматтардың қас-қабағынан, өзара пейілі қатынасынан, сый­ластығынан көрініп жатады. Осы қисын­дар­дан алып қарағанда, елі­міздің жұртынан бү­гінгі тіршілігінде жан­ды жа­ды­ратар жақсылық­тар тұс-тұстан ұшыра­сып, кө­ңілің марқайып көте­рі­лер мезгілдер жеткі­лік­ті. Еліміздің дәстүріне айналған жыл сайынғы Елбасы­мыз­дың халқына Жолдау­ын­да, туған хал­қынан өзінің ойын да, ниетін де жасырып қал­ған жері жоқ. Жаһанды тұралат­қан дағдарыс­тың әлі басыла қойма­ған­­дығы­на тоқтала келе, алдағы он жылға ой жүгіртіп, көз тігуге шақырды. Бүгінгі күні Қазақстанның әлем алдын­дағы абыройы аспандап, Еуропадағы қауіп­сіз­дік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп тұрғанымен қатар, сол табысты одан ары кеңейтіп, біз өз тәуелсіздігіміздің 19 жыл­ында қол жеткізген еңбегімізді баянды етуге мүдделі екенімізді айта келе, Елбасы өз Жолдауында Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің өсімін арттыру және еңбек өнім­дігін еселеп көтеру мәселесін міндеттеді. Әрине, ұлттық инновациялық жүйенің жаңа бағытпен даму қажеттігі көңілге үлкен сенім ұялататындай нақты-нақты дәлелмен қар­қын­ды еңбектің бағдарламаларын алға тарт­ты. Он жылдың міндеттері де айқын, түсі­нікті. Жолдаудағы табысқа жетудің төрт қағи­датын басшылыққа алып, біздің ең басты құндылығымыз – Отанымыз бен Тәуелсіз Қазақстан екендігін айтқан Елба­сы­ның осы бір ауыз сөзіне әр қазақ баласы және әр қазақстандық жүгінуге міндетті ғой деп ойлаймын. Отаннан асқан байлық, Отаннан асқан дәулет, Отаннан асқан ба­қыт жоқ екендігін толық ұғамыз. Ендеше, бәрі­міз сол Отанымыздың өркендеп өскеніне қызмет етуге тиістіміз. Сол армандап жеткен тәуелсіздігіміздің іргесін шайқалтпай, бос әңгімелер мен негізсіз әрекеттерге жол бермеуге міндеттіміз. Біз, Мәжіліс депутаттары Елбасының “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндік­те­рі” атты Қазақстан халқына Жолдауын ха­лық қалай қабылдап, қандай пікірлері жи­нақта­лып­ты деген оймен өңірлерге шық­тық. Ал біз де өз кезегімізде сол Жолдауды тереңірек жеткізіп, ой бөліссек деген ниет­пен 10 күн ел аралап шетте, шалғайда ор­на­ласқан ауылдарға баруға тырыстық және оған қол жеткіздік, жұртпен кездестік. Қабылдайтын заңымыздың да, халық болып жұмыла көтеретін жүгіміздің де арқауы – осы жаңа онжылдық, жаңа Жол­дау екендігін халық толық түсінгендей. Күр­делі кезеңде, әлемдік қаржы дағдарысы экономикамызға қауіп төндіріп тұрған сәтте Елбасының ұстанған саясаты даңғыл жол болды. Біз сол жолмен жүрдік, Мем­лекет басшысының сара жолы дұрыс бағыт болып шықты деген мағынада қайсы ауыл­ға барсаң да, түйіндеп айтқанда, ауылдағы елдің аузы­нан осындай сөз естідім. Сонымен бірге, Жолдауда көзделген мақсаттардың бәрі дұрыс екендігіне және оның орындала­тынына біздің сеніміміз мол деген жауап алдық халықтан. Айта кететін өзекті мәселе – еліміздің билік партиясы – “Нұр Отан” партиясы­ның ауылда бастауыш партия ұйымдары­нан бастап, ауданда да халыққа Жолдауды аса са­палы және тереңдетілген түсіндірме жұ­мы­сын ұйымдастыру үшін мақсатты топ­та­ры құрылып, алдағы онжылдық міндет­терді іске асыруға жұмылдырып, тікелей жетек­шілік жасап жатқанына көңіліміз толып, көріп қайттық. Экономикасын бірқалыпты сақтаған, өркениетке қол жеткізген елдер секілді Қа­­зақ­­стан да тұрақтылығы қалыптасқан мем­­ле­кетке айналып, қол жететін табыс­тар­ды осы алдымыздағы он жылда, Алла бұйыртса, көретін де боламыз. 50 елдің қа­та­рында тереземіз тең, қатарласа жүре­тін де уақыт сол мезгіл. Бұл Жолдау көк­жиек­тен көрінген жаңа кезеңнің бастауы болды. Елбасы Жолдауынан халықтың түйгені осындай! Соның мысалы ретінде Алматы облы­сы, Жамбыл ауданының “Тарғап” елді ме­ке­нін­де болғанымызда, сол ауылдың тұр­ғыны, аудан­ның құрметті азаматы атағын алған ақсақал Ерубай Рақышұлы көсілте жаңа Жол­дауға байланысты сөзін сөйлеп, Жол­дауды толық Елбасының аузынан теле­дидар арқылы естіп, көңілінен шыққан­дығынан бес-алты ауыз өлең де шығарып жібергенін айтып алдымызға тартты. Ауыл тұрғынының шынайы пікірі ретінде келтіріп отырмын. Қарияның “Нұр­лы жол” атты өлеңі төмендегідей өрілген: Алауы тәуелсіздік жалындады, Арманы халқымыздың орындалды. Қақ жарып озат елдер ортасынан Өркендеп өскен елім орын алды. Тәуелсіздік нұр шашқан қымбат ұғым, Ғасырларда армандап жеттік бүгін. Асқарларға бастады байтақ елін, Нұрсұлтандай кемеңгер дана ұлың. Таныды даналығын жердің жүзі, Күлімдеп сүйсінгендей күннің көзі. Тамсанып, табысына қайран қалды Ғаламат, нелер алып елдің өзі. Аспандап бұл әлемде ел бағасы, Отаным – ЕҚЫҰ-ның төрағасы. Ынтымақ әділеттің туын ұстап, Елін бастап келеді Елағасы. Қазақтың Ақ Ордасы – Астанасы, Тәуелсіз ел тірегі бас қаласы. Әлемді таңғалдырған Елбасының Даналық – жаңа онжылдық бастамасы! Отаны татулықтың ғажап елім, Жайнай бер гүлжазира байтақ жерім. Жаңалық – жаңа онжылдық құтты болсын! Нұрсұлтандай Елбасы – дана ерім! – деп өлеңін аяқтады ауыл ақсақалы. Міне, ауылдағы, шалғайда жатқан халықтың көңілін осыдан-ақ көруге болады, құрметті халайық. БІЗДІҢ ПРЕЗИДЕНТТЕН ЖОЛЫМЫЗ БОЛҒАН Федор СКОБЫЧКИН, еңбек ардагері. Мен ауыл шаруашылығының ардагерімін. Қызмет бабымен облысымыздағы аса ірі “Анқаты”, “Березовский”, Орал ауыл ша­руа­шылығы тәжірибе стансасы сияқ­ты кеңшарлар мен шаруашы­лық­тарды басқардым. Ауыл шаруа­шы­лығы ғылымдарының канди­даты деген ғылыми атағым бар. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайландым. Ленин, Октябрь Революциясы және екі Еңбек Қызыл Ту ордендерінің ие­герімін. Міне, сондықтан да мені еліміз агроөнеркәсіп саласының қазіргі жағдайы бейжай қалдыр­майды. Және де, құрметті Нұр­сұл­тан Әбіш­ұлы, Сіздің агроөнер­кәсіп кешенін дамыту, село мен ауылды қайта жаңғырту тұрғы­сын­дағы барлық бастамаларыңыз маған өте жақын әрі қымбат. Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін аса зор әлеуетке ие Қазақ­станда өзінің барлық тұрғын­да­рын қажетті азық-түлікпен қам­тамасыз ету проблемасы то­лық­тай шешілуі тиіс деп есеп­теймін. Оның үстіне Сіз өзіңіздің жаңа Жолдауыңызда өз тауар­лары­мыз­бен экспортқа шығатын уа­қыт әлдеқашан туды деп дұрыс көрсетіп отырсыз. Әрине, ауылдағы қиындық­тар­ды қаперге ала келгенде, бұл мін­деттердің оңайшылықпен шешіле қоймайтыны талассыз. Алайда, Сіз­дің биылғы Жолдауыңызда бел­гіленген және АӨК-ті дамыту мә­се­лелері бойынша сөйлеген сөз­де­ріңізде айқындалған ауыл эко­но­ми­касының серпінділігін қамта­ма­сыз етуге, оның өнімділігі мен тиім­ділігін арттыруға бағыт­талған алғашқы сенімді қадамдар жаса­лып үлгерді. Халықты нан­мен, ет­пен, картоппен және жеміс-көк­өніспен... қамтамасыз ету үшін ба­ғыт көп салалы ауыл шаруашы­лы­ғына ұсталуы тиіс. Бүгінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын ірілендіруге бет бұрылып отырғандығы дұрыс деп білемін. Мұның дұрыстығына көз жеткізу үшін біздің өңіріміздегі өздерін жақсы қырынан көрсет­кен агрокәсіпорындар жұмыс­тары­ның нәтижесіне қарасаңыз жетіп жатыр. Бұлар – ас­тық, ет, сүт өнді­ріп қана қой­май, соны­мен қатар, за­манауи өңдеу бө­лім­шелерін құра білген, айтар­лық­тай бәсекеге қабі­летті өнім шы­ғара алатын Виталий Кар­кул­дың, Есен­тай Жаман­са­риевтің, Қа­тау­лы Әшіға­лиев­тің, Владимир Очка­сов­тың, Мұрат Жақы­баевтың, Мұрат Жәркеевтің, тағы бас­қа­лардың шаруашы­лық­та­ры. Аталған кәсіпкер­лер­дің қалыптасуы мен та­бысты да­му­ында шағын және орта биз­нес­ке қолдау көрсеткен мемлекет зор рөл ат­қарды. Жоға­ры­да аталған кә­сіп­керлердің көп­шілігі Сіз об­лыста болған кезде­ріңізде жеке өзіңізден туған өлке­нің игілігі жолындағы жұмыстары үшін та­лай мәрте мақұлдау мен ри­за­шы­лық естіген болатын. Со­ны­мен бірге, құрметті Президент, ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері қол жеткізіп келе жатқан оң нә­ти­желер АӨК-ті интенсивті дамыту бағытында өте дер кезінде жария­ла­ған Сіздің басымдықтарыңыз­дың іс жүзіне асу үстінде екен­дігін нақты айғақ­тайды. Сондай-ақ Сіз­дің іскер де кәсіпкер адам­дардың күш-жі­гер­лерінің маңы­зына жо­ғары баға­ңыз бен оны атап көр­се­туіңіз өте-мөте құнды болып та­бы­лады. Ха­лық даналы­ғында айты­ла­ты­нын­дай, “Еңбегі­не қа­рай – өнбегі”. Осыдан екі жарым жыл бұрын об­лыс­ты басқаруға Бақтықожа Із­мұхамбетов келді. Әкімнің басым­дықтар­дың бірі ретінде азық-түлік қауіпсіздігін қам­та­масыз ету мін­детін қойғаны кө­ңіл­ден шығып отыр. Өте қыс­қа уа­қыт­та ол ай­тар­лық­тай іс тын­дыр­ды. Батыс Қа­зақ­стан облы­сын­да өңірде ал­ғашқы өсім­дік майын шы­­­ға­ратын зауыт іске қо­сылды. Бұл өнім тұ­ты­ну себетіндегі басты тағам­дардың бірі екені белгілі. Облыс жыл сайын 5 мың тонна өсімдік майын тұ­ты­на­тын болса, алдыңғы қа­тар­лы батыс­тық құрал-жаб­­дық­тармен жабдықталған май зауы­тының қуаты жылына 7,4 мың тон­на өсімдік майын өндіруге жетеді. Демек, қалған құнды өнімді экс­порттауға мүмкіндік бар. Батыс Қазақстан облысы бұған дейін өзін өсімдік майымен ешқашан қамтамасыз етіп көрген емес. Оралдағы мия тамырын өң­дей­­тін зауыт Кеңес Одағының өзін­де жалғыз болатын. Зауыттағы құрал-жабдықтар әбден тозған­дықтан, соңғы жылдары өндіріс іс жүзінде тоқтап қалған еді. Қазір Батыс Қазақстан облысында іске қосы­луы үстіміздегі жылдың шіл­десіне жоспарланған мия тамы­рын өндіретін және өңдейтін за­манауи жаңа зауыт салынып жа­тыр. Мия тамыры азық-түлік, фармацевтика өнеркәсібі үшін аса құнды шикізат болып табылады және әлемде үлкен сұранысқа ие. Облыс әкімі­нің сөзіне қарағанда, мия тамырын өңдейтін зауыттың іске қосылуы – өңірде дәрі-дәр­мек өндірісін да­мы­тудың алғашқы кезеңі болады. Осылайша аймақта жоғары қосым­ша құн салығы са­лынатын, экс­порт­қа бағдарланған тауарлар шы­ғаруға бағыт ұсталған тағы бір перспективалы иннова­циялық жоба жүзеге асырылмақ. Азық-түлік қауіпсіздігін қам­та­масыз ету, рынокты отандық өнді­ріс тауарларымен толтыру мақ­са­тында Батыс Қазақстан облы­сында бұдан басқа да бірне­ше иннова­ция­лық жобалар қолға алынған. Олардың қатарында жақында пай­далануға берілетін 8640 бас мүйізді ірі қараға арнал­ған бордақылау ке­шені бар. Сондай-ақ Қазақстанда баламасы жоқ ешкі сүтін өндіретін зауыт іске қосылмақшы. Үстіміздегі жылы кем дегенде он жылыжай салу жоспарланса, облыс орталығының түбінде ірі жеміс-көкөніс қоймасы тұрғы­зы­ла­тын болады. Пайдалануға беріл­ген келесі аса ірі жобалардың бірі – неміс-швейцардың “Бюллер” фир­масының технологиясы бой­ын­ша салынған, жобалық қуаты тәулігіне 150 тонна бидай тарта алатын диір­мен кешені. Өткен жыл­дың жа­зын­да Батыс Қазақ­стан облысына жасаған сапары­ңыз кезінде Сіз кешен жұмыс­шы­лары­мен кездесіп, аталған бағыт­тағы жұ­мыстарды оң бағалаған бола­тын­сыз. 2009 жылы Ақсай қаласын­дағы нан өнімдері комбинатында мал сою цехы, Қазақстан станса­сын­дағы элеваторда наубайхана, “Ақ­қайнар” фирмасы базасында диір­мен кешені, Жәнібек ауда­нындағы “Табыс-ОМ” кәсіпор­нында астық дақылдарын өңдей­тін цех, Орал қаласындағы “Дая­на” кәсіпорны негізінде макарон бұйымдарын шығаратын цех пайдалануға беріл­ген-тін. Тұ­тастай алғанда, соңғы уақыттарда облыста бұдан басқа да көптеген пайдалы және заман талап етіп отырған жұмыстар жүзеге асы­рылуда. Осындай жасампаздық бағы­тында жасалып жатқан жұмыстар қарапайым өңір тұрғындарының қолдауына ие болып қана қой­май, әлеуметтік ахуалға да оң ық­палын тигізіп келеді. “Нан болса, ән де болады” деп осындайда айтылса керек! Елімізде аға ұрпақ өкілдеріне жасалып жатқан қамқорлық та көпшіліктің көңілінен шығуда. Оларға бағытталған ізгілікті қа­дамдар ардагерлеріміздің жандү­ние­сін шуақты сезімдерге бөлей­тіні ақиқат. Сіз де өзіңіздің би­ыл­ғы Қазақстан халқына Жол­дауыңызда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, оларға теңесті­рілген адамдарға қамқорлық күш ала түсуі керектігін атап көрсетіп, сөй­леген сөздеріңізде екінші дүние­жүзілік соғыстағы кеңес халқының өшпес ерлігі жайында тебірене толғанып жүрсіз. Демек, ардагер­лерге құрмет әрқайсы­мыздың па­ры­зымыз болуы тиіс деген ұста­ным қалыптасуы қажет. Мен Сіздің біздің облысқа жа­саған сапарларыңыз барысын­дағы ардагерлермен, тыңгерлер­мен кездесулеріңізде өзіңізді бірнеше мәрте көру бақытына ие болдым. Сіздің шынайы ақ­жүрек­тігіңіз бен сөйлескен уа­қыт­тағы қолжетімді ілтипатыңыз қазақстандықтардың өзіңізге деген сенімі мен құрметін ны­ғайта түсетіні талас туғыз­байды. Осы өмірде көпті көрген адам ретінде қолымды жүрегіме қойып былай дегім келеді: Сіздің Мем­лекет басшысы ретіндегі сараб­дал­дығыңыз бен көрегендігіңіз, бүкіл әлемдегі танылған жоғары беде­ліңіз біздерге, қазақстан­дық­тарға ұрпақтарымыздың бола­шағы үшін қам жемей, бейбіт­шілік пен келі­сім­де өмір сүруге жәрдемдесіп келеді. ОРАЛ.