Қазақстан мен БҰҰ елдегі 2023 жылға арналған жұмыстың негізгі басымдықтарын айқындады. Ал ел Үкіметі мен халықаралық ұйым екі тарап арасында жасалған бесжылдық негіздемелік бағдарлама аясындағы негізгі ынтымақтастықты дамытуды жалғастыра береді.

Өткен жылдардағыдай биыл да Қазақстан мен БҰҰ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық және саяси реформаларын ілгерілету бойынша орнықты дамудың 17 жаһандық мақсаттарын және бірлескен жұмысты іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударып, осы бағыттағы бірлескен жобаларды іске асырады. Бұған екі тарап Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде өткен 2021-2025 жылдарға арналған Орнықты даму мақсатында БҰҰ ынтымақтастығының негіздемелік бағдарламасы (UNSDCF) Үйлестіру комитетінің кезекті отырысында келісімге келді. Аталған отырыс Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров пен БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Сторидің төрағалығымен өтті.
«БҰҰ бас трибунасынан жарияланған көптеген қазақстандық бастама табысты іске асырылды және жаһандық қоғамдастық оларды мойындады», деп атап өтті Қ.Омаров өз сөзінде.
Сонымен бірге Сыртқы саяси ведомство басшысының орынбасары БҰҰ еліміздегі командасына Қазақстандағы реформаларды, оның ішінде әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру және адам капиталын дамыту жолындағы 30 жыл бойы қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.
Ал Микаэла Фриберг-Стори өз кезегінде «БҰҰ елдік командасы өткен үш онжылдықтағы дамуда елеулі нәтижеге қол жеткізген Қазақстан Үкіметімен бірлесіп табысты жұмыс істеуге қуанышты» екенін жеткізді. Іс-шарада дипкорпус өкілдері еліміздің БҰҰ құрылымдарымен ынтымақтастығының негізгі бағыттары және оны одан әрі кеңейту перспективаларын талқылады.
Айтып өтсек, 2021-2025 жылдарға арналған Орнықты даму мақсатында жасалған Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ ынтымақтастығының негіздемелік бағдарламасы – тараптардың өзара іс-қимылы үшін негіз болатын құжат. Оның негізінде елімізге климаттың өзгеруіне қарсы күресте көмек көрсету, кемсітушіліктің барлық түрін жою және балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғау, кеңес беру мен техникалық көмек көрсету, кедейлікті жою, цифрлық сауаттылықты ілгерілетуге және т.б. бағытталған көмек көрсетіледі.
Сонымен қатар Қазақстандағы БҰҰ командасы Үкіметпен қоса азаматтық қоғам және жеке сектормен бірқатар мәселе бойынша ынтымақтастық жасайды. Атап айтсақ, экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация арқылы дені сау халық, «жасыл экономика», дамыған бизнес және баршаның тең құқығы қамтылған болашаққа қол жеткізу; барлық азаматтың, әсіресе әлеуметтік осал топтағы адамдардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғау және нығайту арқылы инклюзивті қоғам құру; азаматтардың тең құқығын қамтамасыз ету мақсатында барлық деңгейдегі мүдделі тараптардың әлеуетін дамыту және жауапкершілігін нығайту; көпжақты және өңірлік ынтымақтастықты ілгерілету, әсіресе гуманитарлық көмек пен тұрақты даму мақсатындағы қолдау.
Қазақстан 1992 жылы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі болды. Бір жылдан кейін, 1993 жылдың 16 ақпанында «Қазақстан» қонақүйінде БҰҰ Даму бағдарламасының елдегі кеңсесі жұмысын бастады. Қазіргі кезде Қазақстанда БҰҰ жүйесінің 21 агенттігі мен құрылымы аккредиттелген. Осы уақытқа дейін халықаралық ұйым Қазақстанда 400-ден астам жобаны жүзеге асырды.
Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның БҰҰ-ға қосылуы халқымыздың тәуелсіздік пен бостандыққа деген көпғасырлық ұмтылысының жемісін білдіреді, оның әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін көрсетті. Көпсалалы халықаралық форумның толық мүшесі бола отырып, Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа толыққанды интеграциялану мүмкіндігіне ие болды. Қазақстан БҰҰ мүше болып келе жатқан 27 жылда халықаралық қауымдастыққа интеграцияланып қана қоймай, өз бастамаларын табысты іске асырып келеді. Қазақстан ұсынған Азиядағы өзара сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) Азия құрлығындағы мемлекеттердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне арналған платформа болып саналады. 2020 жылы 24 қыркүйекте өткен АӨСШК мүше-елдердің СІМ кездесуінде ұйымның төрағалығы Тәжікстаннан Қазақстанға ауысты. 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында АӨШСК шақыру туралы еліміздің ұсынысы өзінің өміршең екендігін көрсетіп келеді.
Көктемнің соңғы күнінде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:35
Қаржы • Бүгін, 16:10
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...» атты кеш өтті
Мәдениет • Бүгін, 15:53
Ата-ана құқығынан айырылуға не себеп болады?
Қоғам • Бүгін, 15:49
Қазақ балуандары – Азия чемпионатының жеңімпаздары
Спорт • Бүгін, 15:38
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 15:34
Мәдениет саласының ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетіледі
Мәдениет • Бүгін, 15:20
Индустриялық даму комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:10
Алматыда қайыр сұрап, құлдықта болған зейнеткерге көмек көрсетілді
Аймақтар • Бүгін, 15:08
Елордада Мемлекеттік рәміздер күніне орай онлайн конкурс өткізіледі
Елорда • Бүгін, 14:51
Астанада мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті
Елорда • Бүгін, 14:43
Әуе маршруттарын субсидиялауға 7,2 млрд теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 14:33
Алты өңірде АИТВ жұқтыру дерегі артты
Медицина • Бүгін, 14:00
Қаржы министрі зейнетақы жинағын ерте шешіп алмауға кеңес берді
Қаржы • Бүгін, 13:25
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Саясат • Бүгін, 13:20
Шымкентте екі полицей пара алды деген күдікке ілінді
Қоғам • Бүгін, 12:55
Астанада студенттерге арналған 5 жатақхана салынады
Елорда • Бүгін, 12:42
Журналистерге арналған «Парасат» конкурсы басталды
Қоғам • Бүгін, 12:30
Жалған ақпарат таратқан блогерлер жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 12:17
Балаларға арналған тегін үйірмелерге 86,7 млрд теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 12:05
Сенаторлар босқындар мәселесін талқылады
Саясат • Бүгін, 11:50
Абай облысында 30 млн ағаш отырғызылады
Қоғам • Бүгін, 11:47
Автокөліктерге арналған VIP нөмірлерді онлайн сатып алуға болады
Қоғам • Бүгін, 11:33
«TikTok» желісінде құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:26
Елімізде 9 жаңа халықаралық әуе маршруты ашылады
Қоғам • Бүгін, 11:17
Қазақстан елшісі Әзербайжан президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Саясат • Бүгін, 11:08
Осы аптада өтетін мәдени-спорттық іс-шаралар
Қоғам • Бүгін, 10:50
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 10:43
Қытайда жұмыссыз жастар көбейді
Әлем • Бүгін, 10:35
Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады
Әскер • Бүгін, 10:27
Латын әліпбиіне көшетін түркітілдес елдерге қолдау көрсетіледі
Қоғам • Бүгін, 10:12
«Жолдасымның ғашық болғанын аңғардым» - «Нурикамал» әнінің шығу тарихы
Өнер • Бүгін, 10:03
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Экология • Бүгін, 09:55
Алматы тауларында адасып кеткен туристер құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 09:45
Алматыдағы танымал фастфуд дүкені өртенді
Қоғам • Бүгін, 09:30
«Семей орманы» табиғи резерватының басшылары сотталды
ANTIKOR • Бүгін, 09:23
30 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:12
280-нен астам инвестициялық жоба іске қосылады
Инвестиция • Бүгін, 09:05
Үкімет сағаты: Инвестициялық ахуалды жақсарту
Сенат • Бүгін, 08:59
Жылу мен су тапшылығы шуға айналды
Мәселе • Бүгін, 08:55
Ұқсас жаңалықтар