Медицина • 03 Сәуір, 2023

Жанға жылылық сыйлаған ұя

320 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін

Елімізде соңғы бес жылда аутизмі бар балалардың саны екі есеге артқан. Кеше Павлодар қаласында «Қазақстан халқына» қорының «Қамқорлық қоры» және «Samruk-Kazyna Trust» қорларының ұйытқы болуымен аутизмге шалдыққан және басқа да менталды кемістігі бар балаларды оңалтуға арналған орталық ашылды. Бұған қоса бірқатар медициналық мекемеге шала туған нәрестелерге офтальмологиялық скрининг жүргізу және ретинопатиясын емдеуге арналған жабдықтар тарту етілді.

Жанға жылылық сыйлаған ұя

 Тиімділігі мол орталық

Аутизмге шалдыққан және бас­қа да ақыл-ой кемістігі бар бала­­ларға арналған «Қамқорлық» об­­лыст­ық балаларды оңалту ор­та­лығы білікті кешенді көмек көр­сетуге, неғұрлым тиімді әдіс­темелерді біріктіруге, дер­бес­тік­ті және әлеуметтік бейімдеу дағ­ды­ла­рын дамытуға мүмкіндік береді дей­ді мамандар. Өңірімізде алғаш ашы­лып отырған мемлекеттік орта­лық жыл сайын 1,5 жастан­ 18 жасқа дейінгі психо-невро­ло­­­гиялық кемістігі бар 100-ден аса­ балаға қызмет көрсете алады.­ Бала­лармен жұмыс істеу үшін мұн­да арнайы педагогтер мен психо­логтер, сенсорлық интегра­ция маманы, психиатр, невро­патолог, педиатр, жаттығу терапия­сының нұсқаушысы және тағы­ да басқа мамандар тобы да­йын­­далды. Мекемеде әлемдік тәжі­рибеде өзінің тиімділігін көр­сеткен түрлі бағыт мен әдіс қолданылады. Атап айт­қан­да, ава-терапия, кәсіптік терапия, ­кинезиотерапия, бейімделу және емдік денешынықтыру, ең­бек терапиясы, арт-терапия, му­зыкалық терапия, қыштан бұ­йым­ жасау, ата-аналармен жұ­мыс, сенсорлық интеграция, әлеу­меттік-тұрмыстық бағдар, лого­­педия, психологпен және дефек­тологпен сабақтар бар.

чвпр

Бұл күні Ертіс-Баян өңірінде ау­­тист балаларды тәрбиелеп отыр­­ған ата-аналардың арманы орындалды десе де бола­ды.­­ Себебі мұндай бірегей әрі за­ман­ға­ сай­ жабдықталған орта­лық об­лыс­та алғашқы рет құрыл­ды.­ Ғимараттың ашылу салтана­тына қатысқан Павлодар облы­сы­ның әкімі Асайын Байханов, «Samruk-Kazyna Trust» КҚ бас ди­ректоры Альфия Әдиева, «Қазақстан халқына» ҚҚ бас­қар­ма төрағасының орынбасары­ Ләззат Шыңғысбаева және «Қам­қор­лық қоры» КҚ директоры Арай­лым Еркінова өңірде алғаш жұмы­сын бастаған мемлекеттік әлеу­меттік мекеменің маңызды еке­нін атап өтті.

Ләззат Шыңғысбаева бұл іске ұйыт­қы болған барлық мүдделі тарап­ орталықты жабдықтау мәсе­лесіне ұқыпты және мұқият қарағанына тоқталды. Ғима­рат­ты жобалаудың бірыңғай тұжы­рым­да­масы аутист балалармен жұмыс іс­теу ерекшелігін ескере отырып әзір­ленген. Сапалы, қауіпсіз,  ұтқыр­ және баламен бірге «өсе» ала­тын жиһаздар халықаралық талап­тарға, EN, ISO стандарттарына сәйкес келеді.

– Осындай тамаша ғима­рат­ты жөндеп, ішін заманға сай­ безендірген Павлодар облы­сының басшылығына алғы­сы­мызды білдіреміз. Біздің қоры­мыз «Samruk-Kazyna Trust» қоры­мен бірлесіп қажетті құрал-жаб­дықтармен, жиһаздармен қам­­та­масыз етті. Мұнда қыз­мет ететін мамандар аутизмге­ шалдыққан және басқа да ақыл-ой кеміс­тігі бар балаларды оңалту сала­сындағы отандық және шет­ел­дік сарапшылардың курстарын,­ тренингтерін, көшпелі семинарла­рын­ тыңдап, арнайы әзірленген бағ­­дарлама шеңберінде оқы­ты­лды. Мамандарды даярлау Нұрсұлтан Назарбаев қорының қол­дауымен ұйымдастырылғанын атап­ өткен абзал. Барлық оқыту, дамы­­ту стандарттары еуропалық дең­­гейде жасалған. Қоры­мыз­дың көмегімен еліміздің ден­сау­лық сақтау және әлеуметтік сала­ларына бұдан да басқа зор қол­дау жасалып жатқаны мәлім.­ Соның ішінде орфандық ауру­ларға шалдыққан 130 адамға 16 млрд теңгеге жуық қаражат жұм­садық. Ол ақшаға Еуропадан қым­бат дәрі-дәрмектер сатып алын­ды. Тек қана Павлодар облы­сы­на құны 1 млрд теңгеге жуық­ препараттар жеткізілді. Инно­вациялық протездер, түрлі­ мектептер бар. Жалпы, бағдарламамыздың бар­лы­ғы ауылдық жерлерге, яғни өңір­лерге арналған. Ендігі жос­парлап отырғанымыз, онко­ло­гия­лық ауруларды емдеу іс-ша­ра­­сына өз көмегімізді тигізу. Ин­но­вациялық емдеу шаралары, ше­т­елде шығарылатын қымбат дәрі­-дәрмек, онкологиялық дис­пан­серлердің медицина қыз­мет­кер­лерін оқыту мәселелері на­зар­­ға алынды. Денсаулық сақтау, Еңбек және­ халықты әлеуметтік қор­ғау минис­трліктерімен жұ­м­ы­сымыз алда­ғы уақытта жүйе­ле­не түседі. Биыл­ жыл басынан бізге 40 мың­ адамнан түрлі өтінім түс­ті. Олардың барлығын біз жүйе­лі түрде қарап, кешенді бағ­дар­ламалар құрудамыз. Рес­пу­блика бойынша 25 түрлі бағ­дар­ла­ма­мыз бар, – деп атап өтті ол.

«Samruk-Kazyna Trust» КҚ «Қам­­­қорлық қорымен» бірлесіп 2019­ жылдан бастап 18 жасқа де­­йінгі балаларға арналған 15 орта­­лық,­ ерте араласу бойынша 8 орта­­­лық­ ашыпты. Компанияның бас­ дирек­торы Альфия Әдие­ва­ның­ мәлі­метінше, биылғы жыл соңы­на де­йін Қазақстанда аутизм­ге шал­дық­қан балаларды ем­дей­тін 8 орта­лық ашу жоспарда тұр.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов елімізде, соның ішін­де өңірімізде қоғамдық қор­­лар­­дың қатысуымен соңғы уа­қыт­та­­ әлеуметтік мәселелерді шешу ба­ғытында ауқымды жұмыс істе­ліп жатқанын тілге тиек етті.

– «Жақсы сөз  – жанның жы­луы»­­­ деген. Бір-бірімізге жылы қа­бақ­ танытып, жақсы сөзімізді ар­нап жүрген қандай ғанибет!  Бүгін­ мынадай тамаша замана­уи орта­­лықтың ашылып жатқаны ата-аналар қауымын ғана емес,­ осы салада қызмет атқарып жүр­ген­ мамандарды да қуантып отыр­ғаны сөзсіз. Бұл игілік қоғам­дық­ қорлармен, түр­лі­ корпорация­­лармен серік­тес­тігіміздің нәтижесінде дүние­ге­ келіп отыр. Осы салаға ғұ­мы­­рын арнап, аутист балалармен,­ түрлі дертке шалдыққан жас­өс­пірімдермен жұмыс істейтін ма­мандарға алғысымыз шексіз! Қа­зір­гі күні ата-аналар тарапынан кә­мелетке толған жастар бойынша­ әрі қарай оңалту шараларын жүр­гі­зуге қатысты сауалдар жиі тү­се­­ді. Бұл бағыт бойынша қазір өңір­де жұмыстар қолға алынған. Сон­дықтан жоспарларымыздың нәти­жесі болады деп күтеміз. Осын­дай бірлескен жоба-жос­пар­ла­рымыздың арқасында қоғамда қа­лыптасып тұрған өзекті мә­се­лелерді шешуге болатынын бү­гінгі орталық көрсетті, – деді ме­ке­ме­нің тұсаукесер рәсімінде өңір бас­шысы.

 

Роботтар балаларды оңалтуға көмектеседі

Әлемдік тәжірибеде аутист­ бала­­­лармен түзету жұмыстарында ро­­­бо­ттехниканы қолдану қа­лып­­қа­ айналған үрдіс. Барлық бала­ оқытушының нұс­қау­ла­рын орын­дай бермеуі мүмкін. Сон­дық­тан арнайы роботтар­ бұл­ ың­ғайсыздықты жояды. «Қам­қор­лық»­ орталығында ма­ман­дар­ға NAO­ және Furhat атты ро­боттар көмек­­теседі. Олар тұр­мыс­тық дағ­дыларды үйретіп, бала­мен диа­лог құрады, зейінді дамы­ту­ға­ арналған жаттығулар өткі­зіп, ке­ңістіктегі қозғалыстың не­гіздерін қарапайым түрде көр­се­теді.

Негізі Павлодар облысында­ пси­хологиялық ауытқуға шал­дық­қан­ балалардың қатары жыл санап өсіп­ келе жатқанын байқауға бола­ды. Былтыр олардың саны 3242 болса, осы жыл басында­ 3787 жасөспірім тіркелді. Олар­дың 1331-і – ментальді ауыт­қуы бар бала. Аутизмге шал­дық­қан 457 бала есепте тұр. Облыс­тық оңалту орталығының дирек­торы Азил Манабаевтың ақпа­рын­­ша,  мұнда түрлі оңалту каби­­­нет­терінен бөлек, ағаштан бұйым­­дар жасау цехы, тігін цехы,­ ком­пь­ю­­­терлік сынып бар. Бұлар­дың­ барлығында балалар жат­ты­ғып,­ іс­ тігіп, бұйымдар жасауды үйре­­не­­­ді. Қазіргі таңда өңірде­ 13 пси­­хо­­­ло­гиялық-педагогикалық тү­­­­­­зе­­ту­­­ ка­бинеті және 3 пси­хо­ло­­гиялық ме­­­­дициналық-пе­да­гогикалық кон­­­­­­суль­тация жұмыс істеп тұр.­ Бұған дейін аймақ­та аутизм­ге шалдыққан бала­лармен толыққанды айналы­са­тын жалғыз «Асыл мирас» ор­та­лығы жұмыс істеп келсе, енді он­дай әмбебап орталықтың саны осы­мен екеуге жетіп отыр.

авр

«Қазіргі таңда аутизм спек­трі­ бұзылған балалар тәр­бие­леу­дегі ата-аналарға маман­дар­­дың көмегі қол­жетімсіз не­­месе қалтасы көтер­мейді. «Қам­қорлық» орта­лық­та­ры­ның ашы­луы­ аутизмнің ауыр түр­лері­мен­­ ауыратын балаларға олар ­­тұра­­тын жерде ұзақмерзімді кө­ме­к­­ көрсетуге мүмкіндік береді. Біз­­ «Самұрық-Қазына» және «Қа­­зақстан халқына» қорларына осын­­дай маңызды әлеуметтік ж­о­ба­ны жүзеге асыруға қол­дау көр­сет­кені үшін алғы­сымызды айтамыз»,  деді «Қам­­қорлық қоры» директоры  Арайлым Еркінова.

Айтып өтейік, «Самұрық-Қазы­на» компаниялар тобынан­ 1,2 млрд теңге бөлініп, жыл соңына дейін Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жам­был, Қостанай, Жетісу облыс­­­тарында және Алматы қала­сында осындай мекеме­лер ашылады. Бұған дейін мұндай орталық Шымкент қаласында тұсауын кесті.

 

Офтальмологиялық жабдықтардың орасан  мүмкіндігі

Қазақстанда дамуында­ ке­міс­­тік пайда болу қаупі жоғары ба­ла­­­­­­­­­­ларға ерте диагностика­ және­ ерте абилитациялық көмек көр­се­­­ту қажеттілігінің мәселесі өзек­ті.­­­ Өмірдің алғашқы айларынан­ бас­тап дұрыс жүр­гі­зіл­ген диаг­нос­­тика мен түзету өз­ге­рістерді же­ңілдетіп қана қой­май, сонымен қатар жаңа ақаудың пайда болуы­на­ ­­жол­ бермейді әрі баланың өмір­ сүру­ сапасының жақсаруына қол­­ жеткізуге мүмкіндік береді дей­ді ақ халаттылар. Осы ретте­ Қазақстанның медициналық ұйым­дары «Қазақстан хал­қы­на»­ қорының қолдауымен шала­ ту­ған нәрестелерге офталь­мо­ло­гия­­­лық скрининг жүр­­гізу және за­ғиптығын емдеу­ге­ арнал­ған­ жаб­дықтармен қам­та­ма­сыз­ етіл­­­­ген.

Мұндай мүмкіндікке Пав­ло­дар об­­лыстық №1 пери­наталдық ор­та­лы­ғы және облыстық бала­лар­ ауру­ханасы да ие болды. Ке­ше­ қос медициналық меке­ме­де оф­таль­мологиялық жаб­дық­тар­дың­ таныс­тырылымы өтті.

вар

«Қазақстан халқына» ҚҚ бас­қар­ма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаеваның айтуын­ша, қордың «Шала туған нәрес­телерге офтальмологиялық скри­нинг жүргізу және ретино­па­тиясын емдеуге арналған жаб­дықтармен медициналық ұйым­дарды қамтамасыз ету» қайы­рымдылық бағдарламасы аясы­н­да Павлодар облыстық №1 перинаталдық орталығы жал­пы сомасы 33,5 млн тең­ге­­ге­­ диагностикалық асфе­ра­лық­ линзалармен және офталь­мо­ло­гиялық лазермен жабдық­тал­ды.­ Медициналық ұйымға жаб­дық­­тарды жеткізу мамандарды оқы­ту­мен қатар жүрген.

 Офтальмологиялық жабдық ша­ла туған нәрестелердің көру­ қа­бі­­­летінің бұзылуын (ретинопатия) анықтауға, уақы­ты­лы емдеуге және алдын алуға мүм­кіндік береді. Қазақстан өңір­леріндегі медициналық ұйымның көпшілігінде офтальмологиялық скринингке арналған жабдық жетіспейді. 2022 жылы елімізде дене салмағы 2500 грамнан аз 20 мыңнан астам нәресте дүниеге келсе, соның 5 мыңға жуығында ретинопатияның даму қаупі жоғары болғаны тір­келіпті. Сондықтан шала­ туған нәрестелерді офталь­мо­ло­гиялық скринингпен қам­ту­ды ұлғайту, ретинопатия­ны­ уақтылы емдеу және мүге­дек­тік деңгейін төмендету мақ­са­тында «Қазақстан халқына» қоры медициналық ұйымдарды шала туған нәрестелерге офталь­мологиялық скрининг жүргізу және ретинопатияны емдеуге арналған жабдықтармен қамтамасыз ету жөніндегі бағ­дар­ламаға бастамашылық етті. Был­тырғы жылдың қазан айын­да аталған қор, Денсаулық сақ­тау министрлігі және 13 өңір­дің әкімдіктері арасында ынты­мақ­тастық туралы үшжақты мемо­рандумдарға қол қойылған. Ден­сау­лық сақтау министрлігінің тіз­бе­сіне сәйкес медициналық ұйым­­дарға жабдықтарды жеткізу бо­йынша үшжақты шарттар жа­салды. Бағдарлама аясында­ Қазақстанның 13 өңі­р­і­­н­де 28 медициналық ұйым 57 диаг­нос­ти­калық асфералық лин­за­ның екі түрімен, 24 дана маң­дай бино­ку­лярлық офтальмос­коп­пен, 7 офталь­мологиялық лазер­мен жаб­дық­талады. Барлық құрал-жаб­дық­тың жалпы құны – 307 млн тең­ге. Бағдарлама Астана мен Шым­­­кент қалаларын, Ақмола, Қос­танай, Солтүстік Қазақ­стан, Қарағанды, Ұлытау, Абай,­ Пав­ло­дар, Түркістан, Қызыл­орда, Маң­ғыстау, Ақтөбе облыс­тарын қам­тымақ.

Павлодар облыстық №1 пери­­наталдық орталығының бас дәрі­ге­рі Айман Оспанова  бүгінде мекеме­де 338 медициналық қыз­мет­кер еңбек ететінін, тек был­тыр мұнда 4370 әйел босан­ға­нын жеткізді. Бұл орталықта не­гі­зінен жүктілік кезеңі ауыр өт­кен және босану кезінде түрлі тә­уе­кел­дер туындауы­ мүмкін аналар босанады.

Былтыр шала туған әрі рети­но­па­тия ауруына шалдыққан 2 балаға Алматы мен Астана қалаларында күр­­делі операциялар жасалыпты. Шала туған сәбилерге туғаннан ре­­тинопатиялық диагнос­ти­ка­­­ жүргізіліп, олардың дертке­ шал­дық­қан-шалдықпағаны анық­­­та­лады. Себебі шала туған шақа­лақ­тардың бұл дертпен ауыру тәуе­келі жоғары. Мұндай скрининг түрі 2012 жылдан бастап өміршең етілген. Ал қор сыйлаған жаңа жабдықтардың арқасында орталық мамандары сәбилердің денсаулығындағы ақауды ертерек анықтап, күрделі операцияларды бұрынғыдан да сапалы түрде жасауға мүмкіндік алады. Жалпы, мекеме мамандары соңғы уақытта көз жанарына екпе салуды, соңғы емдеу әдіс-тәсілдерін меңгеріп жатыр.

– Шала туған балалардың тірі қалып әрі қарай өмір сүріп кету жағдайлары соңғы жылдары жақсара түсті. Соған орай скрининг жасағанда ретинопатия аурулары анықталған жайттар да көбейді. Мәселе мынада, шала туған шақалақтар ұзақ уақыт өкпені тыныс алдыратын аппаратта жатқанда оттегі мөлшерінің тым көп болуынан көз жанарының тамырлары зақымданады. Сөйтіп, көз аурулары пайда болады, – деп түсіндірді бас дәрігер.

Ал мекеменің көз дәрігері Сәуле Ғабдылғазизова сәби өмірге келген соң скрининг шаралары үшінші аптадан жасалатынын, анықталған дерт үшінші сатысында екені анықталса, операция тағайындалатынын жеткізді. Былтыр ретинопатия бойынша 40 операция жасалған.

 

ПАВЛОДАР