Қоғам • 17 Сәуір, 2023

Қазақстанда жоғары сұранысқа ие мамандықтар аталды

262 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше,  наурыз айында Электрондық еңбек биржасында 73,5 мың бос жұмыс орны және 63,5 мың түйіндеме орналастырылған.  Бос орындар саны ақпан айына қарағанда 3 пайызға (1,9 мың бос жұмыс орны), ал түйіндеме – 35 пайызға (33,9 мың) азайған, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Қазақстанда жоғары сұранысқа ие мамандықтар аталды

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (бұдан әрі – ЕРДО) сарапшылары хабарлағандай, кадрларға ең үлкен қажеттілікті білім беру (13,9 мың), басқа да қызмет түрлері (7,7 мың) және денсаулық сақтау (3,4 мың) секторларының кәсіпорындары көрсетті.

«Бұл ретте сұраныстың біліктілік құрылымында наурыз айында өзгерістер жоқ. Яғни біліктілігі төмен еңбекке жеткілікті төмен сұраныс болған кезде жоғары білікті мамандарға сұраныс тенденциясы сақталды. Бұл орналастырылған бос жұмыс орындарының тек 20%-дан кемі болып отыр. Орта білікті жұмысшыларға сұраныс жоғары болып қалуда – олар бос жұмыс орындарының 40% - ын құрады. Бұл ретте сұраныс пен ұсыныс арасында теңгерімсіздік байқалды – орташа біліктілігі бар ізденушілер орналастырылған бос жұмыс орындарының жартысына жуығы болды, ал біліктілігі төмен еңбек көрсететін адамдар жұмыс берушілерге талап етілгеннен екі есе көп болды», деді ЕРДО Стратегия және үлкен деректер департаменті директорының орынбасары Ұлпан Шегенова.

Наурыз айында ең көп сұранысқа ие жұмыскерлердің арасында біліктілігі жоқтармен қатар жүргізушілер (1,6 мың), тәрбиешілер (1,5 мың) және күзетшілер (1,4 мың бос жұмыс орны) болды. Сондай-ақ санитарлар (1,3 мың), медбике/мейіргер (1,2 мың) және бухгалтерлер (1,2 мың бос жұмыс орны) сияқты мамандарға қатысты жоғары сұраныс әлі де байқалады.

«Өткен айда жұмыс орындары үшін бәсекелестік тек біліктілігі жоқ жұмысшыларда ғана байқалмады. Сонымен мамандар арасында заңгерлер (ізденушілердің түйіндемелерінің саны 432-ге артық), әлеуметтік қызметкерлер (352 түйіндемеде) және дене шынықтыру және спорт мұғалімдері (250 түйіндемеде) жоғары бәсекелестікке тап болды»,  деп бөлісті Ұлпан Шегенова.