Фотогалерея • 17 Сәуір, 2023

Сөйлейтін суреттер

990 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қостанайда суретші Аңсаған Мұстафаның «Сөйле, сурет!» атты көрмесі ашылды. Облыстық сурет галлереясына қылқалам шеберінің 60 шақты туындысы ілінген. Ақ кенепке тамған қара бояудың бәрі сөйлеп тұр десе болады. Әр туындының өз үні, өз жүгі бар: бірі қазіргі қоғамды алаңдатып отырған сан алуан келеңсіз дүниелерді мінейді, енді бірі қоғам назарын бала тәрбиесінде кетіп жатқан кем-кетік мәселелерді меңзейді.

Сөйлейтін суреттер

Суретшінің бірқатар туындылары әлеуметтік желілер мен ұялы телефонға тәуелді бо­лып қалған балаларға ар­налған. Мысалы, бір суретте ана­сының құрсағында жатқан баланың гаджетке үңілген қал­пы бейнеленіпті. Енді бір суретте жас ана сәбидің орнына «Facebook» белгісін құшақ­тап тұрса, екіншісінде смарт­фон­­ның құшағындағы бала «TikTok» же­лісінен сүт еміп жа­тыр.

фыва

Суретшінің бүгінгі қо­ғам­ның өзекті мәселелеріне ар­нал­ған туындыларының маз­мұнын «Анаға хат», «Бұл күн қашан бітеді?», «Бас­қа жерде ойна», «Ұрмашы, әке, қор­қамын», «Қуыр­шақ», «Ма­хаббат па?», «Ша­қырылған або­нентпен сөй­ле­су мүмкін емес», «Бала ар­маны», «Әліп­пе», «Менің анам» деген сияқ­ты ықшам сөз тіркес­тері аша түседі.

ыва

Мысалы, кешкілік жұ­мыс­тан келісімен баласына бір ауық көңіл аударудың орнына, теледидарға телміріп жатып алатын әкелер бар. Қылқалам шеберінің қолынан шыққан әлеуметтік туындылардың бі­рінде жамаулы ойыншығын құ­шақтап алып, «Құдай, не­ге мені теледидар қылып жарат­падың? Әкем жұмыстан келгенде маған қарар еді!» деп жазып отырған кішкентай қыз бала бейнеленген. Суретші көз алдындағы әкесінен бір­ауыз жылы сөз ести алмай, жал­ғыздық тақсіретін тартқан сәби қиялындағы жазу арқылы бүтіндей қоғамға дабыл қақ­қандай көрінеді.

– Аңсаған Мұстафаның туын­дыларымен бұған дейін де әлеуметтік желі ар­қы­лы та­­­ныспын. Сурет­ші­нің шы­­­ғармалары шынайы­лы­ғымен ерекше, көбіне біз бай­қай бер­мейтін, бір­ақ ай­наламызда болып жат­қан өзекті мәселелерді қоз­ғайды. Бұл суреттер әр­­кімге де ой салып, бәлкім көп маңызды дүниеге онша көңіл бөле бермейтін талай жандардың өз отбасы­на, әке-шешесіне, бала-ша­ғасына деген көзқарасын өзгертуге ықпал етуі мүмкін. Сон­дықтан мұн­дай туындылар көрмеде емес, көшелерде тұруы керек, – дейді сурет галереясына келген қала тұрғыны Мұратбай Жұмаш.

«Сөйле, сурет!» көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.

 

Қостанай облысы