Сөз еткелі отырған кейіпкеріміз кезінде еңбек жолын ауыл шаруашылығы кеңшарында машина-трактор шеберханасында жұмысшы болудан бастап, Еңбек Қызыл Ту орденді Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын үздік дипломмен аяқтаған жан. Содан кейін Жезқазған облыстық ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасында аға ғылыми қызметкер, бөлім басшысы, Қазақ мал шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институтының аспиранты, Жезқазған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бөлім бастығы болды. Облыстық мал тұқымдарын асылдандыру бірлестігі басқарма төрағасы, облыстық ауылшаруашылығы тәжірибе стансасы директоры, Қарағанды облысы Шет ауданы әкімі қызметтерін атқарды. Ол – бас газетімізде мал шаруашылығы саласын өркендетуде өзекті мақалаларымен оқырмандар назарына іліккен Кәкімжан Ахмеджанұлы Сарханов.
Кәкімжан Ахмеджанұлы соңғы жылдары ғылыми жұмыстарға бет бұрып, Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық мал тұқымдарын асылдандыру орталығы, «Асыл түлік» акционерлік қоғамында ғылыми бөлімге басшылық жасай жүріп, ағымдағы жылдың 30 мамырында Қырғыз ұлттық аграрлық университетінің диссертациялық кеңесінде «Орталық Қазақстанда мал шаруашылығы өнімділігін арттырудың ғылыми-тәжірибелік негіздемесі» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Өкінішке қарай, бүгінде, ғылыми атақтардың қоғамда бәлендей бағалана қоймайтындығын да айтпасқа болмайды. Бұл орайда, Елбасымыздың соңғы жылдарда елімізде диссертациялық кеңестер санының еселеп артуынан, ғылыми атақ иелерімен ғылыми еңбектер сапасының төмендеп кеткендігі туралы айтқан сыны әлі ұмытыла қойған жоқ.
Кезінде Кәкімжан Ахмеджанұлы да бұл мәселе бойынша өз ой-пікірін «Егемен Қазақстан» газетінде (16.02.2011 ж.) «Білім сапасы жақсарса, ғылым сапасы да жақсарады» атты мақала арқылы білдірген болатын. Сондықтан да, аталып отырған ғылыми еңбектің басқалардан айтарлықтай ерекшеліктерін атап өткіміз келеді.
Біріншіден, диссертация тақырыбының әдеттегідей бір ғана мал түрі бойынша зерттеулермен шектелмей, еліміздің кең-байтақ Орталық Қазақстан өңірінде негізгі деген ауыл шаруашылығы мал түрлерін толықтай қамтуы, мал бастары өнімділігін арттыруда селекциялық тәсілдермен қоса шаруашылық жүргізу, мемлекеттік реттеу, инновациялық қолдау және ауылдағы жұмыссыздық мәселелерімен байланыстырыла зерттелуі бұл ғылыми-тәжірибелік жұмысқа тың жаңалықтар әкелген. Сондай-ақ, еңбек авторы да диссертациялық кеңесте қырғыз ғалымдарының ТМД елдерінде мұндай тақырыпта кең көлемде, нарықтық жүйе ерекшеліктерін де қамтыған тұңғыш ғылыми еңбек деп бағалап, бірауыздан қолдағанын өмірдегі қуаныштарының ерекше бір сәті болғанын жасырмайды.
Екіншіден, бүгінде ғылыми атақтар, көбіне ғылыми саладан гөрі, мемлекеттік қызметте қосымша бедел жинайтын дәреже ретінде пайдаланылатындығы да жасырын емес. Бұл тұрғыда аталған ғылыми еңбек иесінің зейнеткерлік жаста, ғылым кандидаты атанғаннан 30 жыл өткенде қажымай-талмай мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғауы ғылымға шынайы берілгендігінің белгісі болса керек.
Сөз соңында, Кәкімжан Ахмеджанұлына ғылыми атағыңыз құтты болып, еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз демекпіз.
Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ,
«Егемен Қазақстан».

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026