19 Шілде, 2014

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы №214

258 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2014 жылғы 10 маусым, Астана қаласы Жалпы білім беретін оқу орындарында 2014-2015 оқу жылының басталуы туралы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 37-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жалпы білім беретін оқу орындарында 2014-2015 оқу жылының басталу мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйек болып белгіленсін. Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында – 32 оқу аптасы, 1- сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда, 12 жылдық білім берудің 10,12-эксперименттік сыныптарында – 34 оқу аптасы. Оқу жылы барысындағы каникулдар: 1) 1-11 (12) – сыныптарда, 12 жылдық білім берудің 10,12-эксперименттік сыныптарында: күзгі каникул – 8 күн (2014 жылғы 4-11 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2014 жылғы 30 желтоқсан – 2015 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 12 күн (2015 жылғы 20-31 наурызды қоса алғанда); 2) мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул – 8 күн (2014 жылғы 4-11 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2014 жылғы 29 желтоқсан – 2015 жылғы 11 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2015 жылғы 20 наурыз - 3 сәуірді қоса алғанда); 3) мектепалды даярлық сыныптары мен 1- сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2015 жылғы 2-8 ақпанды қоса алғанда) мерзімінде белгіленеді. 2. 2014 жылғы 1 қыркүйекте барлық жалпы білім беру ұйымдарында «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында салтанатты жиын өткізілсін. 3. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А.Жонтаева): 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Е.Н. Иманғалиевқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Министр А. СӘРІНЖІПОВ. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 4 шілдедегі Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9562 болып енгізілді.