Мысалы, өткен жылдың сәйкес мерзімінде барлығы 29 өтінім келіп түсіп, оның 17-сі мақұлданса, биыл 87 өтінім қарастырылып, Қор тарапынан 4 миллиард 400 миллион теңгеге 27 жоба қолдау тауып отыр. Осылайша 454 мың қазақстандыққа қамқорлық жасалды, оның ішінде 22 мыңы бала, ал 81 мыңы – ауыл тұрғыны.
«Бұл көрсеткіштер бірыңғай қайырымдылық операторы ұстанған ашық саясаттың нәтижесі болып отыр», деп ескерді Альфия Адиева.
Қазіргі таңда жобалар саны өткен жылғы 35-ті қосқанда 62-ні межелеуде.
27 жоба келесідей әлеуметтік маңызды бағыттарды қамтиды:
1. Денсаулық сақтау саласында жалпы бюджеті 954 млн теңгеден астам сомаға 4 жоба мақұлданды және іске асырылуда;
2. Білім беру саласында – 1 миллиард 173 млн теңгеге 7 жоба;
3. Халықтың неғұрлым әлеуметтік осал топтарын қолдау бағыты бойынша 1 миллиард 64 млн теңгеге 11 жоба жұмыс істеуде;
4. Өңірлерді дамыту саласына - 782 млн теңге болатын 2 жоба бар;
5. Мәдениет және спорт бағытында - 443 млн теңгеге 3 жоба мақұлданды.
Жалпы қайырымдылық бюджеті 2022 жылғыдай 10 млрд теңгені құрап отыр.
Баспасөз мәслихатында қайырымдылық қызметінде балаларды қолдауға баса назар аударылатыны туралы да айтылды. Мысалы, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының онкология бөліміне 228 млн теңге тұратын қан құрамын өңдеуге қажет қондырғы алынды. Тірек-қимыл аппараты бұзылған 200 балаға арналған спорт лагері ұйымдастырылды. Қордың қамқорлығымен Алматыда Даун синдромы бар балаларға туғанынан даму мен оқудың барлық сатысынан өтуге мүмкіндік беретін орталық қолданысқа тапсырылды. Жаңғыртылған нысан инклюзивті білім беру саласындағы мамандарды дайындауға және Даун синдромы бар адамдарды жұмысқа орналастыруға жол ашады.
Шара барысында «Samruk-Kazyna Trust» қоры 2023 жылдың соңына дейін атқарылуы тиіс жоспарымен де бөлісті. Мәселен, Қостанай облысы Аманқарағай ауылында ауқымды дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға беріледі. Сонымен қатар Қызылорда, Абай, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарында ауа-тірек құрылымындағы көпсалалы спорт кешендері іске қосылады. 2023 жылдың аяғына дейін қазақ ұлттық аспаптары мен мемлекеттік тілдегі кітаптар жинағы өңірлердің музыкалық мектептері мен кітапханаларына беріледі.
Жыл басынан бері аутизмі бар балаларға арналған 4 және 4 ерте араласу орталығы ашылса, алдағы 6 ай ішінде тағы осындай 13 орталық іске қосылып, нәтижесінде барлығы 9 мыңға жуық балаға қамқорлық жасалатын болады. «Самұрық-Қазына» қорының 15 жылдығына орай бірыңғай қайырымдылық операторы арқылы Қор компаниялары атынан халықтың әлеуметтік осал топтағы отбасыларынан шыққан 15 мың бірінші сынып оқушысы мектеп заттары жиынтығымен қамтамасыз етіледі.
Бірыңғай қайырымдылық операторының қызметі арқылы алдағы уақытта да «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының жүйеқұраушы кәсіпорындары орналасқан аймақтарда халықтың өмір сүру сапасын жақсартумен бірге, жалпы еліміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне үлес қосылмақ.