Қоғам • 13 Тамыз, 2023

Мүмкіндігі шектеулі жандарды баспана кезегіне қою проактивті түрде жүргізіледі

266 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР ИИДМ-де баспанаға мұқтаж азаматтардың кезекке тұру мәселелеріне байланысты зерттеу жұмыстары іске асырылды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп (Цифрлы үкіметті қолдау орталығының базасында), Invisible Government жобасы аясында «Тұрғын үйге кезек» брейнштромингін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды баспана кезегіне қою проактивті түрде жүргізіледі

Айталық, Денсаулық сақтау министрлігі, Астана қаласының тұрғын үй басқармасы және тұрғын үйинспекциясы, «Отбасы Банкі», Өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығы және Астана қаласының балалар үйі өкілдерінің қатысуымен баспанаға мұқтаж адамдар қатары қалыптастырылды. Оған жетім балалар, 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар кірді.

Брейнштормингтің барысында негізгі санатты айқындаумен бірге олардың басымдылығына байланысты өзекті мәселелер де айтылды. Мәселен, жетім балалардың кәмелет жасқа толғаннан кейін жинақталған жәрдемақыны мақсатсыз пайдалану мен заңнамадағы нормаларды өзгерту бойынша ұсыныстар жасалды.

Сонымен қатар респонденттер арнайы онлайн сауалнамадан өтті. Оның нәтижесінде олар ұзақ жыл бойы үй кезегін күтуге мәжбүр екендіктерін, жалған ажырасу фактілерінің болуы мен мүгедектікті тағайындау бойынша проблемалардың бар екендігін жеткізді. Осылайша, аталған санаттағы азаматтарға қолдау көрсетуді жалғастыру үшін реинжиниринг тетігі бойынша кері байланыс жасалды.

Брейнстормингтің қорытындысы бойынша негізгі топқа кіретін адамдарды тұрғын үй кезегіне қою үшін бұл қызметті проактивті форматта көрсету бастамасы көтерілді.

Министрлік жоғарыда айтылған санаттарға кіретін азаматтарды кезекке өтінішінсіз тұрғызу үшін проактивті хабарламаны жолдау мақсатында кезекте тұрғандардың бірыңғай ақпараттық жүйесінен эталондық деректерді автоматты түрде алу үшін қажетті АЖ-мен интеграциялау бөлігінде тиісті жұмыстарды жүргізетін болады.