Шаруашылық • 07 Қыркүйек, 2023

Астық дипломатиясы: Ұпайымыз түгел ме?

230 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Жаздағы аптап ыстық бидай шығымына әсер етті. Кейбір сарапшылар «бидай тапшылығына тапболуымызмүмкін» деп ескертіп, ертерек қамдануға шақырып жатыр.

Астық дипломатиясы: Ұпайымыз түгел ме?

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Қазіргі уақытта Қазақстан – астықтың же­­текші экспорттаушысы емес. Жергілікті са­­рап­­шылар бұл жағдайды қалай өзгерту ке­рек­тігін біледі. Тамыз айының соңында  ауыл шаруа­шылығы маусымында ресейлік бидай импортын  күрт арттырғанымыз хабарланды. Осыған дейінгі импорттың жылдық мөлшері 1,3 миллион тонна болса, биылғы маусымда оның 2,1 миллион тоннаға дейін өскені айтылып жатыр. 

Қазақстан Астық одағының президенті Нұрлан Оспанов тамыз айының соңында журналистермен кездескен кезде Ресейдің импорт астығы 178 млрд теңге немесе 378 млн долларға бағаланғанын, бұл көлемге «көлеңкелі астықтың» импорты кірмейтінін мәлімдеген еді.

2022 жылы Ресейде рекордтық бидай жиналды.  Бұл артық өндіруге және бағаның төмендеуіне әкелді, яғни орташа есеппен 14 мың рубль/тоннаға дейін төмендеді. Арзан астық отандық ұн тартушылар мен құс өсіру­ші­лердің сұранысына ие болды.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» құрылымының өкілі Мұнар Айтжанов журналистермен кездескен кезде реэкспортта үлкен шығынға ұшырайтынымызды, астықты Ресейден темір­жол арқылы жеткізуді олардың өң­деу немесе тұтыну қуаттары шеңберінде ғана мақсатты түрде жүзеге асыру туралы ше­шімді құптағанын айтты. Жаңа ауыл­шаруашылық маусымы қарсаңында сарап­шылар Ресей астығын Қазақстан на­рығына жеткізудегі, сондай-ақ оның ел арқылы транзитпен өтуіндегі ашықтықты қам­тамасыз етудің барлық мәселесін шешу маңызды деп санайды. Бұл бағаны тө­мен­де­тіп жіберудің алдын алады.

Қазақстан астығының негізгі импорттаушылары – Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан және Ауғанстан. Біздің елде әлемдік нарықта жоғары бағаланған қатты бидай іс жүзінде өндірілмейді. Осылайша, Ресейден астық сатып алып, онымен өз қоймаларын толтыру арқылы Қазақстан астық экспортының географиясын айтарлықтай кеңейтуге қадам жасады. Ал сарапшылар болса, астық бағасы алдағы уақытта да арзандай беретінін айтып отыр. Олардың болжамдары тоннасына 33 мың теңгеге дейін төмендейтінін көрсетеді. Демек біздің елге де арзан астық сатып алып, оны баға көтерілген кезде қайта сатуға мүмкіндік туып тұр. Ендігі кедергі – астықты сақтайтын қамбалардың мүмкіндігін ұлғайту. Жыл са­йын 5 миллион тоннадан астам бидай мен 1,5 миллион тонна ұн экспорттаймыз.  Ал астық экспортының көлемі туралы мәліметтер ашық айтылмайды.   

Астық одағының өкілі  Евгений Караба­нов­тың айтуынша, ішкі нарықта 170 диірмен жұмыс істеп тұр. Олар кемі 100 млн тонна бидайды қайта өңдей алады. Демек астықты өз күшімізбен дайындауға толық мүмкіндік бар.

Ауыл шаруашылығы саласының сарапшысы Алмасбек Садырбаев журналистермен кездескенде өзбек нарығы Ресейдің астық импортына басымдық бере бастағанын, бұлай жалғаса берсе, өзбек нарығының есігі жабылатынын айтыпты. Демек дәл қазір ішкі Ресейдің арзан астығын сатып алудан өзге жол қалмай бара жатыр. Сарапшылар бұл шешім астығын өткізе алмай отырған өз диқандарымызға қиын тиетінін, бірақ одан шығатын жолдың барын айтып отыр. Бұл астық пен ұнды қоса алып жүруге мүмкіндік береді. Ал ұн экспортын дамыту, А. Садырбаевтың пікірінше, құрама жем­нің мол қорын өз күшімізбен дайындауға мүм­кін­дік бермек.    

Қазақстан Егіншілер одағының төрағасы Виктор Асланов әлемдік астық нарығында бәрі тұрақты, сондықтан алаңдауға негіз жоқ деп есептейді. «Әзірге бір дәнді жинап үлгерген жоқпыз, астық жетпейді деген дүрбелең көтерілді. Оны бірінші кезекте малшылар көтерді. Құрғақшылықтың кесірінен олар тамақсыз қалудан қорықты. Міне, мемлекет те қосылды. Барлық іргелі факторлар бірден шетке шықты. Реттеуші және қадағалаушы органдардан шыққанның бәрі нарық тағдырын шешетін ауызша араласуға айналды. Хайптың кесірінен баға кө­терілді. Оның айтуынша, биылғы астық­ты өткен жылмен салыстыруға болмайды. «РФ мен мен Украинаның қатысуымен жасал­ған астық мәмілесінің бұзылуы әлемдік астық нарығына әсер етеді. Бірақ Украина асты­ғы­на толық тосқауыл қойылған жоқ. РФ бидай экспортына да кедергілер жоқ. Егін жинау жұ­мыстары іркіліссіз жүріп жатыр», дейді ол.

Қазақстан туралы айтқан сарапшы егін­нің кемуі айтарлықтай шығын әкелмей­тінін, өйткені бізде өткен жылдан қалған қор жеткілікті екенін де еске салды. «Тасымал­да­натын астық көлемі жоғары болады, өйтке­ні былтыр бізде жақсы өнім жиналды. Ал Ре­сей­ден импорт жақсы болды. Демек қандай жағ­дайда да өнім жеткілікті болады», дейді сарапшы.

Сонымен қатар сарапшы біздің ел астық экспортында Ресей мен Украинаны алмастырады деген пікірдің негізі жоғын да айтып өтті. Бұл географиялық жағынан да, саяси жағынан да мүмкін емес. Жолдың алыстығы астық бағасына әсер етеді.  Сонымен қатар, сарапшының айтуынша, біз Украина немесе Ресей Федерациясынан бірнеше есе аз өндіреміз. «Біздегі астық шығымы ауа райына тәуелді. Астық келісімі жалғаспаса, Ливаннан Мысырға дейінгі аралықтағы им­порттық азық-түлікке тәуелді елдер Қара теңіз аймағынан тыс мемлекеттерден жет­кізушілерді табуы керек. Мұндай елдер алыста, демек жол шығыны артып, ас­тық құны қымбатқа түспек. Әлемдік на­рыққа шығудың келісімдері жыл басында жасалады. Тіпті маусымның басында мил­лион­да­ған өнім жеткізуге кепілдік бере алатын ірі ойыншылар ашық нарыққа шы­ға­ды. Олармен бәсекеге түсе алатын ойыншыларымыз жоқ. Қазақстан тәуекелді егіншілік аймағы болғандықтан, бізде құрғақшылық жиі болады. Топырақтың сапасы да нашар. Осы мәселелердің барлығы ауыл шар­уа­­шылығына әсер етіп отыр», дейді В.Асланов.

Сондай-ақ сарапшы  ауыл шаруашылығы саласындағы теңгерімсіз саясат тәуекелдерді азайтатынын да айтып берді. Мұның барлығы өндіріс көрсеткішінің тұрақсыздығына әсер етеді. Экономист Марат Әбдірахманов та Қазақстан халықаралық астық саудасында негізгі ойыншы болуға әлі дайын емес деп есептейді.  Экономистің айтуынша, биыл­ғы әлемдегі құрғақшылықтан зардап шек­кенімен, астық тапшылығы болмайды. Украинадан жетпей қалған аграрлық өнімдердің орнын толықтыру үшін басқа елдерде астық жеткілікті деңгейде жиналып жатыр деген ақпарат бар. Ресей экспортынан басқа, Еуропа мен Аргентина да экспортқа көңіл бөлсе, Бразилияда жү­герінің біраз жылдарға жететін қоры жиналды. «Ең басты­сы, ­­­егіннің болжамды кө­лемі бойынша ресми сандар шындықтан көп алшақ болмауы керек»,  деп есептейді са­рапшы.

Осыған дейін ауыл шаруашылығы экс-министрі Ербол Қарашөкеев 22 тамыздағы жағдай бойынша 2,8 миллион тонна астық бастырылғанын, орташа өнімділік гектарына 11,5 центнерді құрағанын айтқан. Ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егістік көлемі 25 миллион гектарды құ­ра­са, оның 17,4 миллион гектары дәнді да­қыл­дарға бөлінген. Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамы бойынша биыл рес­публикада 16 миллион тонна астық жинау жоспарланып отыр.

Дипломат-саясаттанушы Қазбек Бейсе­ба­ев­тың айтуынша, дипломатияның мүм­кін­дігін әртараптандыратын кез енді келді.  Біздің елге тек сыртқы саясат емес, астық, су, энергетика дипломатиясының қыр-сырын терең меңгерген кадрлар керек. Сақ­тан­дыру саласының мүмкіндіктерін ауыл шаруа­шылығына да, астық саласына да ба­ғыттау керек. Сақтандыру сегментіндегі кем­шіліктер алдын ала келісімшарт жасау­дың жолын байлап тұр.

«Дамыған елдердің  шикізат өнімдері, алтын, мұнай арзандаған кезде мол қор жинап, баға көтерілген кезде қайта сатуы халықаралық заңға қайшы емес. Бұл құбылыс шикізаттық бағыттан арылуға мүмкіндік береді. Біз ендігі жерде астықты ұзақ уақыт сатуға мүмкіндік беретін астық терминалдарын салуға, мұнай танкерлерін сатып алуға басымдық беруіміз керек. Бұл шешім осы саланың державасына айналдырмаса да, бағадан ұтылып  қалмауымызға, мүмкіндікті өз деңгейімізде пайдамызға жұмыс істетуге жол ашады», дейді Қ.Бейсебаев.

Қ. Бейсебаев осы ретте Қара теңіздегі астық мәмілесіне көз салудың қажеті жоғын да айтты. Бұл – біз үшін өте қымбат жоба. Егер Азия, Орталық Азия кеңістігінде ешкімге есе жіберіп алмасақ, үлкен нарық­тар­ға жол ашылады. Айғайлап емес, үндемей жүріп-ақ ұпайымызды түгендеп алатын кез келді...

 

АЛМАТЫ