Фото: ОКҚ
Спикердің пікірінше, киіктерді аулауға байланысты мәселелер жойылып кеткен инфрақұрылымды қалпына келтіруді, яғни, атап айтқанда, ет пен тері өңдеуді жолға қоюды қажет етеді. Киіктердің мүйізіне келетін болсақ, халықаралық конвенцияға сәйкес оларды коммерциялық сатуға тыйым салынғандықтан, оларды алып, Охотзоопромда сақтау керек.
«Ғалымдар көктемгі есеп бойынша киік басының 20%-на дейін, яғни 1 млн 915 мың дарақты аулауды ұсынған. Бірақ бұл көрсеткіш әлі бекітілген жоқ. Ең бастысы, табиғатқа зиян келтірмеу, ешқашан белгілі бір киік санының басын қысқартпау керек. Аулау ел экономикасына, популяцияны реттеу мақсаттарына жұмыс істеуге тиіс. Түскен қаражаттың бір бөлігі фермерлерге егіннің тапталуынан келтірілген залалды өтеуге жұмсалады», дейді А.Ким.
Сондай-ақ киіктерді қолға үйрету туралы сұраққа жауап берген А.Ким Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті бірнеше жылдан бері осы бағытта жұмыс істеп келе жатқанын растады.