Спорт • 28 Қыркүйек, 2023

Зухра Ерназарова − Азия ойындарының чемпионы

563 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында еліміздің спортшылары екінші алтын медальді иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зухра Ерназарова − Азия ойындарының чемпионы

Фото: kazsports.kz

10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында қазақтың мерген қызы Зухра Ерназарова жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды. Жекелей сында 18 жастағы Зухра  қарсыластарынан оқ бойы озып шықты. Шымкент қаласында өмірге келген Зухра осы жылы Оңтүстік Корея елінде өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында олжа салып, алтын медаль иеленген болатын.