Фото: Видеокадр.
2021 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 54 жастағы өзбекстандық Түркістан облысына қарасты Отырар ауданында ұсталды. Ол өз елінде «Ұрлық» бабы бойынша көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін іздестірілген. Алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы тағы бір өзбекстандық бір күннен кейін ұсталды.
«Іздеуде жүрген екі қылмыскер де деструктивті-діни ағымның жақтаушылары ретінде есепте тұр. Оларға қатысты тиісті процессуалдық шешім қабылданады», делінген хабарламада.