Спорт • 15 Қазан, 2023

Ел Президентінен құттықтау қабылдау үлкен мәртебе – боксшы

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттің құттықтауына жазған жауабында әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы алғысқа толы лебізін арнады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ел Президентінен құттықтау қабылдау үлкен мәртебе – боксшы

Фото: janibek_alimkhanuly

«Жеңісіммен құттықтап, қолдау білдірген Президент Қасым-Жомарт Кемелұлына алғыс айтамын. Ел Президентінен құттықтау қабылдау мен үшін үлкен мәртебе», деді боксшы инстаграм желісінде.

Сондай-ақ парақшасында: «Жекпе-жегіме қолдауын көрсеткен Кеңес Рақышев ағама алғыс айтамын. Әрине күллі қазақ жұртына көп рақмет, қолдауларыңызды сездім!», деп жазды қазақ боксшысы.