Қоғам • 18 Қазан, 2023

Құлақсыз туған сәбилердің жанайқайын құлағы бар билік еститін кез келді - депутат

274 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Қазақстанда құлақсыз туған 3 мың бала бар екенін айтып, Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішевке депутаттық сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.

Құлақсыз туған сәбилердің жанайқайын құлағы бар билік еститін кез келді - депутат

Фото: ашық дереккөз

«Сіздерге жолдап тұрған депутаттық сауалымды 3 мың баланың көз жасы, 6 мың ата-ананың соңғы үміті деп қабылдаңыздар. Елімізде 3 мың бала микротия және атрезия патологиясына шалдыққан. Қарапайым тілмен айтсам, бұл сәбилер құлақсыз туған», деді Нартай Сәрсенғалиев.

Депутаттың айтуынша, бір құлақсыз туатын бөбектер Қазақстанда мүгедек санатына жатқызылмайды. Сәйкесінше, оларға жәрдемақы мен зейнетақы төленбейді. Осы тұста мәжілісмен Қазақстанда мүгедектік алу үшін екі құлақ та болмауы керек екенін айтты.

Айта кетсек, микротия және атрезия патологиясының емі өте күрделі. Құлақтың ішіне жасалатын отаны АҚШ хирургтары жасайды. Өткен жылы бір құлаққа жасалатын операцияның құны 99 000 доллар болған, ал биыл 105 200 доллар. Оған қоса науқас 1 ай бойы дәрігерлердің бақылауында болу керек.

«Естімейтін баланың үнін естіртейін деп ата-аналары үкіметке жүгінген еді. Мынадай ресми жауап алыпты: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ деректерііне сәйкес микротия және атрезия патологиясы бар балалар бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін балалар санатына жатпайды және медициналық көмек сапасының мониторингі департаментінің «Мұқтаж науқастар» тізіміне енгізілмейді». Соңғы үміттерін арқалаған ата-аналар ақырында «Қазақстан халқына» қорына барыпты. Бірақ қор да қор қылып қайтарыпты. Қазақстанда аталған дертті емдейтін маман жоқ. Құлақсыз туған, естімейтін балалардың жанайқайын құлағы бар билік өкілдерінің еститін кезі келді ғой?», деп қынжылды депутат.

Мәселенің шешімін табу мақсатында Нартай Аралбайұлы өз ұсыныстарын да ортаға салды.

«Микротия және атрезия патологиясына шалдығып, бір құлақсыз туған балаларға да мүгедектіктің берілуін қамтамассыз етуіңізді сұраймын. «Қазақстан халқына» қоры арқылы аталған дертті емдеу үшін балалардың АҚШ-қа баруын қамтамасыз ету қажет, тиісті қаражат бөлу керек. Шешімді жедел қабылдау шарт, себебі бұл дерт балалардың екінші сау құлағының есту қабілетін нашарлатып жібереді», деді депутат.

Сөз соңында Нартай Сәрсенғалиев қауіпті дертпен күресу және отандық медицина сапасын көтеру мақсатында Қазақстанның білікті дәрігерлерін АҚШ-қа оқуға жіберуді ұсынды. 

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025