Қазақстан • 06 Қараша, 2023

Басты назарда – экономикалық байланыс

129 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мерейтойлық Х саммиті қарсаңында ұйымға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті.

Басты назарда – экономикалық байланыс

Іс-шараға Әзербайжан, Қа­зақ­стан, Қырғызстан, Ма­жар­стан, Өзбекстан, Түрік­мен­стан және Түркияның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымы, ТүркПА және ТҮРКСОЙ бас хатшылары, Түркі академиясы, Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры, «Түркі инвестициялық» қо­ры­ның президенттері және Түркі мем­лекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңе­сі­нің төрағасы қатысты.

Отырыстың ашылуында Қа­зақ­стан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу түркиялық әріп­те­сі Хакан Фиданды Түр­кия Рес­публикасының 100 жыл­ды­ғы­мен құттықтады.

«Түркі мемлекеттері ұйы­мы мерей­той­­лық сам­ми­ті және министрлер кеңе­сі­нің Қазақстанда – түркі ата-баба­ларының жерінде өтуінің сим­волдық мәні бар. 1993 жылы шілдеде Түркітілдес мем­­ле­кеттердің алғашқы сам­миті Қа­зақ­станда өткен еді. Мемле­кет­т­еріміздің басшылары бүгін Астана актісі мен Декларациясын қабылдап, ұйымымыздың жаңа тара­уын ашуға жиналып отыр. Бұл көрнекті құжаттар көш­бас­шыларымыздың түркі ха­лық­­тарының ортақ тарихына, тіліне, мә­дениетіне, дәстүр­ле­рі мен құн­ды­лық­та­рына негіз­дел­ген жар­қын болашаққа деген бір­лес­кен көзқарасын айғақ­тай­ды», деді М.Нұртілеу.

Сала басшысы саммит пен кеңес қабылдаған шешімдер ұйы­мның инсти­­ту­ционалдық нығаюына ықпал ете­тінін атап өтті. Сондай-ақ 160 миллион халықты және 4 миллион шаршы ша­қы­рымнан астам аумақты қамтитын одақ­тың жан-жақты ынтымақтастығын ілгерілетеді.

«Елдеріміз бен халық­та­ры­мыздың тұ­рақ­тылығы мен өркендеуін қамтамасыз еткі­міз келсе, қазіргі геосаяси тур­­бу­лент­тілік пен эконо­ми­ка­лық сын-қатер біз­ден ТМҰ шең­бе­рін­де келісілген күш-жігер­ді талап етеді. Сондықтан еліміз Таяу Шығыстағы зорлық-зом­былықтың ушы­ғуына қатты алаңдайды. Біз халық­ара­­лық қо­ғам­дастықпен ынты­мақ­тас­тық­қа қосыламыз және Из­ра­иль мен ХАМАС ара­сын­да­ғы атысты дереу тоқтатуға ша­қы­рамыз», деді М.Нұртілеу.

Министрдің айтуынша, Газа халқы үшін гуманитарлық дәліз – Қазақстан дипломатиясының бірінші кезектегі мін­деті. Ол қандай да бір алдын ала шартсыз орын­да­луға тиіс.

«Қақтығыс тараптары Таяу Шығыста ғана емес, бүкіл әлем­де­гі тұрақтылық пен қауіп­­сіз­дік үшін бейбіт келіссөзге на­зар аударып, БҰҰ-ның тиісті қарарларына сәйкес «Екі халық – екі мемлекет» формуласын қолдауы керек. Шынында да, қазіргі жағдай бұрын-соңды болмаған және оны еш болжау мүмкін емес. Осыған қа­рамастан Қазақстан БҰҰ Жар­ғысында және халықаралық құқықта бе­кі­­тілген құн­ды­лықтар мен қағи­дат­тарды берік ұстанып, теңге­рім­ді, көпвекторлы сыртқы сая­сат­ты жүргізуді жалғастыра бере­ді», деді М.Нұртілеу.

Сыртқы істер министрі Түркі мемле­кеттері ұйымы аясындағы саяси және эко­но­ми­ка­лық ын­ты­мақтастықты кеңей­тудің мүм­кіндіктеріне тоқталды. Қазір­гі таңда көлік қатынасы, логистика, климаттың өзгеруі, ақ­­па­рат­тық технология және туризм саласы үлкен үміт күттіреді.

«Түркі ынтымақтастығының дәс­түрлі рухымен аталған бағыт­ты зерделеуді асыға күте­мін. Осы тұрғыда мен мынаны атап өткім келеді. Біріншіден, Қазақ­стан Түркі мем­лекеттері ұйымы­ның төрағалығын қа­был­дайды. Ба­сым­­дықтарымыз өзара тү­сініс­тік­ті ны­­ғайтуға, бауырлас халық­тар­дың ын­ты­мақтастығын стра­те­гиялық серік­тес­­тіктің келе­сі деңгейіне көтеруге ба­ғыт­талады.

Биылғы саммит «TURK­TI­ME» ұраны­мен өтеді: дәс­түр­лер, бірігу, реформалар, білім, сенім, инвестиция, ара­ағайын­дық және энергетика тақырыбы талқыланады. Сон­дай-ақ Қазақстанның 2023-2024 жылдарға арнал­ған төра­ға­лығының тұжы­рым­да­ма­лық құ­жатын дайындадық», деді М.Нұртілеу.

Екіншіден, сала басшысы Түркі мем­ле­кет­тері ұйымы саяси байланыс­тан бөлек, сауда және экономикалық байланысқа ерекше маңыз беретінін атап өтті. Мәселен, былтыр Қазақстан мен ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы тауар айналымы 13 мил­лиард долларды құраған.

Отырысқа қатысушылар Түр­кі мем­ле­кет­тері ұйымы мем­ле­­кеттері бас­шы­­ла­ры­ның алда­ғы саммитіне дайындық мәсе­­ле­ле­рін талқылады, сондай-ақ осы іс-шара барысында қол қоюға жос­парланған құжат­тар­дың жобаларын бекітті.