Құқық • 21 Қараша, 2023

Ор қазамын деп опық жеді

191 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Төрт түлік малдың сүмесімен күн көрген ауыл тұрғындары үшін ең маңызды мәселе – жайылым. Кейінгі жылдары кейбір ірі ауыл шаруашылығы құрылымдары меншігіндегі жерді қорғаудың тиімді тәсілі ор қазу деп біледі.

Ор қазамын деп опық жеді

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

«Бектау» мен «Ново­се­лов­­ка»­ жауапкершілігі шек­теу­­лі­­­ серік­тес­тік­­тері ұзын-ыр­ға­­­сы 26 мың метр­ден­ астам жер­­ді тереңдігін 1,5, енін 1 метр­­­­ден асыра орлап, қазып тас­­­­­таған. Әрине, егін­жайды, құ­нар­­­лы шабындықты бейсауат мал­­дан қорғаған дұрыс. Әйтсе де, ор қазудың оңтайлы шешім емес екендігін бастан жақты айырғандай етіп айтқан дұрыс. Аяқты мал тісіне ілінер құнарлы шөп іздемей тұра ма, оның үстіне мал қараусыз қалмасын деп­ тәртіпті нығайтып, талапты­ кү­шейткенімізбен, бейса­уат жүр­­ген бағусыз мал аз емес. Жал­ғыз төрт түлік мал ғана емес, тереңдеп қазылған ор аң-құсқа да қауіп. Адамға екі бастан.

Табиғат жанашырлары серік­­­­­­­­­­тестік бас­шы­ларының те­ріс­­ шаруаларын жалпақ жұрт­­­­қа­ әй­гі­­леп, дабыл қаққалы қашан. Жер қорығанның жөні осы екен деп әркім өз иелігін­де­­гі алқап­тың­ шетін орлап қаза бер­се, са­йын далада сән қала ма?

«Бұл әрекет Әкімшілік құ­қық бұзушылық туралы ко­декстің 337-бабына жатады. Яғни жердің құнарлы қабатын заң­сыз алып тастау немесе жою. Серіктестік басшылары әкім­шілік жауапкершілікке тар­тылып, әрқайсысына бір мың айлық есептік көрсеткіш кө­лемінде айыппұл салынды», дей­ді облыстық жер ресурстары­н бас­қару департаментінің бас ма­маны Шолпан Молда­ға­лиева.

Заң бойынша жалға алған жер­ді қазуға рұқсат жоқ. Ал­да­ғы уақытта жерімді қор­ғай­мын деп орынсыз ор қазудан сақтандыру үшін осы бір мысалды оқырман назарына ұсынуды дұрыс деп таптық. Ор қазғандар осылайша опық жейді. Ілкідегі қазақ «Біреуге ор қазба...» дегенді неге айтты дейсіз.

 

Ақмола облысы,

Шортанды ауданы