Сенат • 23 Қараша, 2023

Триллион теңге жетпейді – Мәулен Әшімбаев

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев   2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет және Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заңдарды қарау барысында мәселе көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Триллион теңге жетпейді – Мәулен Әшімбаев

Фото: senate.parlam.kz

Сенат Спикері Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтан бизнестің даму қарқыны төмендейтін болса, салық түсімдерінің қажетті көлемі қалай қамтамасыз етілетінін, қосылған құн салығы  бюджетке түсетін салық түсімдерінің мәселесін қаншалықты шешетінін сұрады. М.Әшімбаев қараша айының басына дейін жиналады деп жоспарланған 11 трлн теңгеден 9,6 трлн теңгесі жиналған.

«Биыл шамамен 14 триллион салық түсімі жоспарланған еді. Әрине, нақты көрсеткіш бұдан төмен болуы мүмкін. Осы жағдайда келесі жылға, 2024 жылдың бюджетіне біз шамамен 16 триллион теңге көлемінде салық түсімін саламыз. Яғни, бұл өте маңызды өсім болып отыр. Салықты әкімшілендіру салықтың бір бөлігін қамтамасыз етуге тиіс. Бірақ салық түсімдерін тағы қалай қамтамасыз ету жоспарлануда? Біздің ойымызша, сіздің жауабыңызда ол салықты көтеру арқылы болады. Қазір осы туралы айтылып отыр. Бірақ бюджетке салық түсімдері мәселесін шешуге қосылған құн салығының өсімі қаншалықты көмектеседі? Осыған байланысты сізде 2024 жылғы бюджетке 16 триллион теңге көлемінде салық түсімдерін қамтамасыз етуге байланысты қандай да бір пысықталған ұстанымдар бар ма? Бұл қалай қамтамасыз етіледі?» деп сұрады М.Әшімбаев.