Еңбек • 29 Қараша, 2023

Ерекше жандардың еңбегі

125 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Күміс жас», «Алғашқы жұмыс орны», «Әлеуметтік жұмыс орындары» «Жастар тәжірибесі», «Ұрпақтар сабақтастығы» секілді бағдарламалар жұмысмен қамту жұмыстарына серпін беріп жатыр. Бұған қоса 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба да – жұмыссыздықты жоюға күш.

Ерекше жандардың еңбегі

Осы бағытта Шахтинск шаһа­­рында жыл басынан бері 59 мүмкіндігі шек­теулі адам жұмысқа орналасқан. Олар үшін арнайы жұмыс орындары құрылса, жұмыс берушілер мемле­кеттен субсидия алады. Шахтинск қалалық «Мансап» орталығының жетекшісі Рүстем Манапов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс орындарын құруға арнал­ған шығындарды субсидиялауды енгізгенін және орталыққа жыл басынан бері 63 мүгедектігі бар адам жүгінгенін айтады.

«Олардың 59-ын жұмысқа орна­лас­тыр­дық. Жұмыс беруші­лерді мүгедек адам­дарды жұмыс­қа орналастыруға қызық­тыру үшін Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігі жұмыс орын­да­рын құруға арналған шығындарды суб­си­диялауды енгізді. Яғни компания басшысы жұмыс кеңістігін ұйым­дас­тырады, ал мемлекет 300 АЕК-ке дейінгі шығындарды өтейді. Бұған қоса осы жылдан бастап жұмыс берушілерге мүге­дектігі бар адамдардың жала­қысын субси­диялау басталды. Жұмыс істеген бі­рінші жылы мемлекет – 70%, екінші жылы – 65% және үшінші жылы жалақы мөл­ше­рінің 60%-ын субсидиялайды», дейді.

Шахтинск қаласында өз кәсі­бін дөң­ге­летіп отырған «Айзере» әмбебап тігін кәсіп­орны 2017 жылы ашылған. Сол кезде бес адаммен жұмыс бастапты. Тігін цехы­ның бүгінде жұмысы жеті­ліп, бес жыл ішінде 20 шақты шеберді жұмыспен қам­тып отыр.

Цех полиция қызметкерлеріне, дәрі­гер­­лерге және басқа да тапсырыс бойын­ша­ киім тігеді. «Мансап» орталығының ұсы­ны­сымен тағы төрт адамды жұмысқа қабыл­даған. Біреуі – «Әлеуметтік жұмыс орнына», үшеуі «Күміс жас» жобасы бо­йынша жұмысқа орналастырған. Жұмыс­кер­лердің жалақысы мемлекет есебінен суб­си­дия­ланады. «Бізде тұрақты өндіріс бар, тапсырыс жеткілікті. Мен тағы 10 адам­ды қабылдауға дайынмын», дейді цех­ басшысы Қ.Сауханова.

Светлана Рябцева – «Мансап» орталы­ғы­на жүгінгендердің бірі. Екі айдан бері осы цехта жұмыс істейді.

«Жасым 52-де, тігіншімін. Құла­­­ғ­ым­ның мүкісі бар. Бұрын біз Алматыда тұр­дық, сол жерде ме­нің кішкентай ательем бол­ды. Бірнеше жыл бұрын отба­сы­ммен Долинкаға көшіп кел­дік, бір жылдан аса уақыт жұмыс таба ал­мадым. Маған «Ман­­сап» о­р­та­лы­ғына жүгінуге ке­ңес берді, сол жерден маған жұ­мыс табылды. Цехта маған бәрі ұнай­ды­, ұжым өте жақсы», дей­ді С.Ряб­цева.

Цех басшысы Қ.Сауханова бол­­са, Светла­наның жұмысқа де­ген ынтасының жоғары екеніне риза­.

«Светлананы жұмысқа алуды маған «Ман­с­ап» орталығы ұсынды. Ол бізде екінші ай жұмыс істейді, өзін жақсы маман ретінде көрсетті. Тігіншілік қабі­ле­ті зор», дейді Қ.Сауханова.

Цех иесі мүгедектігі бар адам­дар­­ға қолайлы жағдай жасау үшін екі инфра­қызыл бөліктен және Брайль шриф­тіндегі ақпараттық көр­­сеткіштен тұра­тын арнайы жа­рық­ шамшырағын сатып алыпты. Бұл ерекше қызметкерлер үшін нұс­­қаулық ретінде қызмет етеді. Мем­­­лекет жарық шамдарын сатып­ алу шы­ғын­дарын өтеп берді. Бұл да­ болса кәсіп­орын үшін үлкен қол­дау.

 

Қарағанды облысы,

Шахтинск қаласы