Арман Шaққалиев тұрақтандыру қорларының қызметі қайта форматталып, халыққа нарықтағы бағадан арзан тауар ұсыну үшін 2023 жылы 5 мыңнан астам жәрмеңке ұйымдастырылғанын айтты.
Халық көп тұтынатын тауарлардың құны өспеу үшін «Азық-түлік корпорациясының» тұрақтандырушы рөлі кеңейтіліп жатқанын түсіндірді. Ол саудадағы тиімсіз делдалдарды жою және заңнаманың талаптарын сақтау үшін өңірлік комиссиялардың бақылау қызметі құрылғанын жеткізді.
Министрлік Президенттің әлеуметтік тауарлар бағасын мемлекеттік реттеуден кезең-кезеңімен бас тарту жөніндегі тапсырмасын орындай бастаған.
«Реттеу екі кезеңде жүзеге асырылады.
- 2024 жылдың 1-ші жартыжылдығынан бастап 100%-ға отандық өндіріс (тұз, ұн, рожки, қарақұмық жармасы, күріш, нан, сүт, картоп, жұмыртқа) 9 тауарға шекті және шекті рұқсат етілген бағаларды белгілеуден бас тарту ұсынылады;
- қалған 10 тауар бойынша бағаны реттеуден бас тарту 2025 жылдың соңына дейін аяқталады (сәбіз, пияз, қырыққабат, күнбағыс майы, сиыр еті, тауық еті, айран, май, сүзбе, қант)», деді Арман Шаққалиев.
Демек 2024-2025 жылдардан бастап жоғарыда аталған өнімдерге шекті баға қойылмайды. Бұл отандық тауар өндірісін тоқыраудан сақтайды деп түсіндірді ол.