Сенат • 03 Қаңтар, 2024

Халық кері кетуді қаламайды – сенатор

129 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында қасіретті қаңтар оқиғасы туралы айтқан деректеріне  қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халық кері кетуді қаламайды  – сенатор

Фото: turkystan.kz

«Президент «Egemen Qazaqstan» газетіне кең көлемді сұхбат берді. Мұқият оқып шықтым. Мемлекет басшысы қасіретті Қаңтар оқиғасына байланысты біраз нәрсе айтыпты. «...Сондықтан бір нәрсені анық білуге тиіспіз. Бейбіт шеруге тыйым салынбайды, ал жаппай тәртіпсіздіктің кез келген түріне қатаң тосқауыл қойылады. Елімізде заң мен тәртіп қана үстемдік құруға тиіс. Бұл – мен үшін мызғымас қағида. Демократияның бесігі саналатын батыс елдеріне қара­ңыздар, ешкім де көшеде жаппай тәртіп­сіздік жасаған, мемлекеттік орган­дарға шабуылдаған адамның маң­дайы­нан сипап, өбектеп отырмайды.

Полиция жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушыларды, яғни биліктің заңды талаптарына қарсы шығуға үндеген, қару-жарақ әкеліп таратқан, жағдайды ушықтырып, адамдарды күш қолдануға, маңайдағының бәрін қиратуға, өртеп-талқандауға азғырған адамдарды анықтап, әшкереледі. Ал тәртіпсіздікке кездейсоқ қатысқан, білместікпен арандап қалған адам­дар­дың бұзақыларға қатысы жоқ. Оларға менің бастамаммен рақым­шылық жасалды. Бұған дейін соттал­ған 1205 адамның 1095-і осы рақым­шылыққа ілікті. Ал жаппай тәртіп­сіздік­ті ұйым­дастырғандар мен лаңкес­тік әре­кеті, мемлекетке сат­қынды­ғы, билік­ті күшпен басып алуға тырыс­қаны және басқа да ауыр қыл­мыс жасағаны үшін сотталғандар жазасын толығымен өтейтін болады»  деп бірқатар мән-жайдың басын ашып берді.

Ескі жүйені көксеушілер әлі де табылады. Олардың көбісі «майлы жілік» мүжігендер…

Халық Президентіміздің іргелі және түбегейлі реформаларын қолдап отыр. Кейінге оралудың жөні де реті де жоқ! Бұл бұлтартпас және бұлжымас қағида болуы тиіс!», деді Н.Жүсіп.