Инфографикаларды жасаған – Зәуреш Смағұл, «ЕQ»
Инвестициялық табыс қаржы құралдары (бағалы қағаздар, салымдар және басқа операциялар) сыйақы түріндегі кірістерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалаудан, сыртқы басқарудағы актив кірістерінен тұрады. Ұлттық банк және инвестициялық кірісті алу мақсатында зейнетақы активтерін басқарушылар болып саналатын инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) зейнетақы активтерін елімізде және шетелде экономиканың түрлі секторларындағы қаржы құралдарына түрлі валютамен орналастырады. Әртараптандыру зейнетақы жинақтарының сақталуын және орнықты табысын қамтамасыз етеді. Осылайша, портфельді әртараптандыру арқылы 11 ай ішінде оң инвестициялық табыс алынып отыр.
2023 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – шамамен 17 364,76 млрд теңге. Бұл ретте Ұлттық банк сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 17 347,35 млрд теңге болды. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері – 17,41 млрд теңге.
Ұлттық банк зейнетақы активтерін келесідей құралдарға инвестициялап, пайда табуға тырысып отыр: Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 47,55 пайыз; квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,94 пайыз; екінші деңгейдегі банктердің облигациялары мен депозиттері – 6,03 пайыз; Ұлттық банк депозиттері – 2,67 пайыз; халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары – 2,11 пайыз; шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары – 1,46 пайыз.
«2023 жылдың басынан бастап салымшылардың шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 8,11 пайыз болғанда 8,9 пайызды құрады», делінген қор хабарламасында.
Жекелеген басқарушы компаниялардың табысы былай қалыптасты: 2023 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша «Jusan Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 5,4 млрд теңге. Компанияның ең маңызды салымдары: Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 40,89 пайыз, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 22,71 пайыз, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 18,77 пайыз, РЕПО – 15,88 пайыз. Айта кетейік, портфельдің 67,90 пайызы теңгемен, 32,10 пайызы доллармен ұсынылған.
«Halyk Global Markets» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 3 млрд теңгені құрады. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың көшін «кері РЕПО» бастайды (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 39,91 пайыз. Квазимемлекеттік ұйымдар облигациялары – 13,65 пайыз, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 8,84 пайыз, МҚҰ облигациялары – 8,62 пайыз, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 8,45 пайыз. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 71,51 пайызын, доллармен қалыптасқан инвестиция 28,49 пайызын құрайды.
«BCC Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 2,6 млрд теңгеге жетті. Инвестициялардың негізгі бағыттарының ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады: квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 26,9 пайыз, РЕПО – 22,34 пайыз, мемлекеттік облигациялар – 19,05 пайыз, пайлар (индекстерге арналған ETF) – 13,93 пайыз, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 5,52 пайыз, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 4,27 пайыз, МҚҰ облигациялары – 3,32 пайыз, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 3,01 пайыз. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 73,06 пайызы, доллармен 26,94 пайызы инвестицияланды.
«Сентрас Секьюритиз» АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 987,4 млн теңгені құрады. Активтердің 34,51 пайыз мөлшері Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестицияланды, квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары – 19,32 пайыз, екінші деңгейлі банктер облигациясы – 16,79 пайыз, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 2,45 пайыз, РЕПО – 9,02 пайыз, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 8,65 пайыз, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 8,23 пайыз. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 75,94 пайызы, доллармен 24,06 пайызы инвестицияланды.
«Halyk Finance ЕҰ» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 5,4 млрд теңге. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: «кері РЕПО» (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 51,69 пайыз, шоттардағы ақшалай қаражат – 12,98 пайыз, Қазақстан квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 9,77 пайыз, ҚР ҚМ МБҚ – 9,13 пайыз, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 6,09 пайыз, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,49 пайыз. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 85,18 пайызы, долларда 13,82 пайызы, евро валютасында 0,99 пайызы инвестицияланды.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмай, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының 50 пайыз мөлшерінен аспайтын бөлігін сенімгерлік басқаруға бере алады. Ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшылар оларды ИПБ басқаруына 100 пайыз көлемінде беруге болады.
Атап өтейік, зейнетақы жинақтары – бұл ұзақмерзімді инвестициялар және инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде 1 жыл кезеңіне талдаған жөн. Қысқамерзімді деректер (күнделікті, айлық) индикативті емес, өйткені олар күнделікті нарықтық жағдайға байланысты. Елімізде инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік бар. Төлемдер құқығы басталған кезде салымшының жинақталған кірістілігіне әсер еткен жекелеген кезеңде кірістіліктің төмендеуі кезінде де айырмашылықты өтеуге мемлекет кепілдік береді.