Білім • 30 Қаңтар, 2024

ЖОО түлектері жұмыс іздеуге қанша күн жұмсайды?

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның жоғары оқу орындарынан түлеп ұшқан жас мамандар жұмыс іздеуге орта есеппен 79 күн жұмсайды. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Әділет Тойбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ЖОО түлектері жұмыс іздеуге қанша күн жұмсайды?

фото: ulus.media

Министрліктің мәліметінше, 2023 жылы ЖОО түлектерінің 77 пайызы жұмысқа орналасқан.

«Жұмыспен қамтудың орташа деңгейі 2023 жылы 3,3%-ға өсіп, 82,8%-ды құраса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 78,4%-ды, 2022 жылы – 79,5%-ды құрады. Ал жұмыс іздеудің орташа ұзақтығы - 79 күн, яғни 2,64 ай», деді Әділет Тойбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ол бүгінгі таңда жұмыс берушілердің жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының сапасы мен өзектілігіне қанағаттануы артқанын атап өтті.

«Жұмыс берушінің қанағаттануы 67,5 пайызды құрайды. Бес жылдағы динамика 35%-ды құрады, өйткені 2019 жылы өзектілік 33%-ды құрады. Бұл жақсы нәтиже», деді ол.

Ведомствоның хабарлауынша, білім беру бағдарламаларының 91 пайызы жұмыс берушілермен келісілген, оқу процесіне практик мамандар тартылған.

Сонымен қатарт білім беру бағдарламаларының 94%-ы танылған аккредиттеу агенттіктерімен аккредиттелген, бұл да сапаның артқанын растайды.