Экономика • 31 Қаңтар, 2024

Отандық өндірушілер зиян шекпеуге тиіс

146 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Алдағы уақытта отандық өндірушілердің мүдделерін қорғауға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған сауда саласын реттейтін заңға түзетулер енгізілмек.

Отандық өндірушілер зиян шекпеуге тиіс

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Бұл туралы жуырда «Amanat» партиясының агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) жөніндегі респуб­ли­ка­лық кеңесінің отырысында жарияланды. Қолданыстағы заңнамалық ак­тілерге түзетулер мен толықты­ру­лар енгізу туралы заң жобасын Тамақ өнеркәсібінің салалық одақ­тары ұсынып отыр.

Қазіргі таңда отандық азық-түлік өндірушілер мен сауда компаниялары арасындағы қарым-қатынас қалыптасқанымен, біз­дегі өндірістің пайдасына қа­рай ыңғайластырылмаған. Көр­шілес Ресей және Беларусь өндіру­ші­лерінде өндірістің өзіндік құны біздегі компанияларға қара­ғанда 10-25% шамасында. Бұған, біріншіден, жоғарыда аталған елдердегі аграрлық өнді­рі­стің шикізат базасы бізге қа­ра­ғанда жақсы дамыса, бұдан бөлек, шаруашылықтар нысаналы субсидиялар түрінде елеулі мемлекеттік қолдауға ие болып отырғаны. Нәтижесінде, ре­сей­лік және беларустық фермерлер тең жағдайда өздерін біздің әріптестермен салыстырғанда экономикалық әрі қаржылық жағ­дайда ұтымдылық таны­та­ды. Аталған екі елдің та­мақ өнеркәсібі өндірісінің өнім шығару көлемі біздегі ком­пания­лар­дың көлемімен салыс­ты­р­ғанда бірнеше есе артық. Өйт­кені ауқымы кең көптеген ірі кәсіпорнымен ерекшеленеді. Мұндай ірі ойыншылар Қазақстан нарығына шығып, басып алудың эко­номикалық стратегиясын оңай пайдалана алады. Өйткені отан­дық кәсіпорындардың бәсе­ке­лестік қабілетіне қолайсыз жағ­дай жасап қойған. Әсіресе Ресей­мен шекаралас аймақтарда, біздің өндірушілерді нарықтан мүлдем кетуге мәжбүрлейтіні, өнімді өзін­дік құнынан төмен бағамен сата алмайтындығында. Тіпті сауда желілеріне тиімділік танытып отырған ірі шетелдік жет­кі­зу­шілердің тауар үшін төлем­ді арзандатып, біздегі сауда желі­лерімен жұмыс істеуге мүм­кін­дігін нашарлатып жіберген.

Мұндай қауіпті бәсекелестік елімізге сапасыз арзан импорттық өнімдерді көбірек әкелуі. Импорт­тау­шылар тауардың бір партиясын тексерумен шектеліп, содан кейін ингредиенттердің құрамы мен сапасын тексермей, өнімді бір жыл бойы әкеле алады. Ал отандық тамақ өнімдерінің сапасы үнемі әрі қатаң тексеріледі. Бұдан кейін елдегі азық-түлік нарығында импорттың басымдылық алуы, ал біздің өнімдердің үлесі тұрақты түрде төмендеуіне жеткізіп отыр. Бұл тәжірибе еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне жапа шектіріп отыр. Заң жобасының авторлары мемлекет жергілікті және шетелдік өндірушілерге бәсекелестік үшін тең жағдай жасап, араласуы ке­рек­тігін айтады.

«Біз мұндай заңның қажет­ті­лігі баяғыда пісіп-жетілді деп есептейміз, өйткені жылдан-жылға отандық нарықта өз азық-түлік өнімдеріміздің үлесі аза­йып барады. Біздегі сауда ком­панияларына олар көбірек ақша таба алатын импорттық өнім­де­­рімен қызықтырады. Бірақ бұл – жергілікті өндірушінің есе­бінен тұрған жайт. Біздің ойымызша, ішкі нарықта отандық өндіру­шілер үшін сауда сала­сын­­дағы қолданысқа енген заң­дар­ды түзету қажет. Дәл осы мә­се­­лені шешуге жаңа заң жобасы жолданды», деп түсіндіреді Парламент Мәжілісінің депутаты, «Amanat» партиясының АӨК жөніндегі кеңесінің басшысы Нұржан Әшімбетов.

Жоба дайындаушылары атап өткендей, жаңа заң белгілейтін негізгі жаңалықтардың бірі – отан­дық азық-түлік өнімдерін сау­да сө­релеріне басымдық берілуі. Мұның бәрі елдегі сауда нысандарына қатысты болмақ.

Заң жобасында өндірушілер жеткізген тауар үшін сауда кә­сіпорын­дарының төлемдерін нор­малау. Мұндай төлемдерді кейінге қалдыру 30 күннен аспауы керек. Қазір сауда желілері сатылған тауарға үш ай, алты ай және одан кейін төленетін жағдайлар кездесіп жатады. Республикалық кеңестің отырысында өзіміздің ірі сүт өнімдерін өндірушілердің бірі елдегі белгілі сауда желісінің сөрелерінен наразылық ретінде өзінің барлық тауарын алып тастауға мәжбүр болған. Себебі сауда желісі жеткізілген және са­тылған өнімдер үшін бір жылға жуық уақыт бойы төлемді кешік­тіріп, өндірушіге шамамен 1 миллиард теңге қарыз болған екен.

Жаңа заң өңірлердегі сауда на­рығында белгілі бір ком­па­ния­ның монополиялық жағдайын айқындайтын өлшемшарттарды өзгертуге бағытталған. Егер ескі нұсқада мо­нополияға қар­сы ведомство елі­міз­дің бар­лық өңі­рін­де­гі және сауда нысан­да­рын­дағы са­наттар бойынша, оның ішін­де шағын дүкендер мен ірі супер­маркеттерді қоса алғанда на­рық­тағы желінің үлесін есептесе, жаңа нұсқада бір елді мекен аума­ғын­да нақты сатушының үлесін есептеу ұсынылып отыр.

«Салалық одақтар жаңа заң еліміздің сауда желілерімен отандық азық-түлік өнімдерін сатуды ретке келтіруге және осы салада қалыптасқан әділетсіз жағдайды түзетуге көмектеседі деп үміттенеді. Әзірге саудаға отандық өндірісті қолдаудан гөрі импорттан ақша табу тиімдірек. Бұл диспропорцияны отандық экономика мүддесі үшін реттеу – мемлекеттің міндеті. Заң жұмыс орындарын құратын, салық төлейтін, ең бастысы – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің стратегиялық міндетін шешетін өзіміздің өндірісті дамытуға көмектесіп, өркениетті жағдай жасауға мүм­кін­дік береді деп сенеміз», дейді «Қазақстан құс өсірушілер одағы» ЗТБ президенті Руслан Шарипов.

Жаңа заң жобасын әзірлеуге Парламентаризм институтының сарапшылары қатысып, бар­лық ережелердің заңнамаға сәй­кестігін тексереді. Сондай-ақ жоба ережелерін дайындауға Пар­ламент Мәжілісі АӨК коми­­те­­тінің депутаттары мен заң қыз­меті тартылады. Да­мы­­ған ел­дердің ішкі нарықты қорғау және сауда саласында бірың­ғай өркениетті нормаларды қалып­тас­тыру жөніндегі тәжіри­бе­сін егжей-тегжей талдау жос­парда бар.

Сонымен «Сауда қызметі тура­лы» заң жобасының алдын ала редакциясы 1 наурызға дейін аяқталып, одан кейін құжат Парламентке қарауға жіберіледі.