Қазақстан • 02 Ақпан, 2024

Цифрландырудың нәтижелері таныстырылды

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Digital Almaty» форум көрмесінде ЕАЭО елдерінің үкімет басшыларына Қазақстан компанияларының цифрландыру саласындағы жетістіктері көрсетілді, деп жазады Egemen.kz.

Цифрландырудың нәтижелері таныстырылды

Көрмеге 300-ден астам отандық және халықаралық IT-компаниялардың, сондай-ақ GovTech, AgroTech, Industry 4.0, ESG, Smart City және т.б. цифрландыру салаларындағы мемлекеттік органдардың жобалары ұсынылды.

Үкімет басшыларына Qaztech платформасы ұсынылды – ол Қазақстанның мемлекеттік ақпараттық жүйелеріндегі бірыңғай стандарттарды сақтауды қамтамасыз етеді және кәсіпкерлік қызметті «нөлден бастап» реттеудің цифрлық негізі», деп атап өтті үкіметтің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ форумның жекелеген қатысушыларына Алматы қаласының цифрлық қызметтері мен Индустрия 4.0 жобаларын тау-кен-металлургия кешенінде, өнеркәсіп пен энергетикада, оның ішінде мемлекеттік қолдау құралдары арқылы іске асыру нәтижелері көрсетілді.

Үкімет басшыларына бөлек Minerals.gov.kz жер қойнауын пайдаланушыларға арналған бірыңғай платформа ұсынылды. Ол пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге лицензия алу процесін жеңілдетеді және жеделдетеді.

«Бұл платформада әлеуетті инвесторлар инфрақұрылымнан бастап аумақты геологиялық барлау туралы есептерге дейін сұралған аумақтың толық бейнесін ала алады», деп атап өтті үкіметтің баспасөз қызметі. Мұнда ЭСҚ кілті арқылы сәйкес өтінімді жіберуге болады.

Қазақстандағы іздеуді дамыту бойынша Яндекс компаниясының директоры Александр Поповский үкімет басшыларына Қазақстанда халық пен бизнеске арналған 10-нан астам қызмет жұмыс істейтінін айтты.

2023 жылы компания төмендегі жобаларды жүзеге  асырды.

Қазақ тіліндегі «Карта»,

Мобильді браузерде және қосымшада қазақ тілінде «Алиса» қызметі,

Яндекс браузерінде бейнелерді қазақ тіліне аудару,

қазақша іздеуде жылдам жауаптар.