Аймақтар • 05 Ақпан, 2024

Қарағанды ​​облысында мас күйінде көлік жүргізген әкім қамауға алынды

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұқар жырау ауданындағы Мұстафин атындағы ауылдың әкімі мас күйінде көлік жүргізген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды ​​облысында мас күйінде көлік жүргізген әкім қамауға алынды

Фото: El.kz

Қайрат Құсайынов ақпанның 3-іне қараған түні мас күйінде ұсталды. Сараптама әкімнің орташа дәрежедегі мас күйінде болғанын растады. Әкімшілік сот әкімді 15 тәулікке қамауға алып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырды.

Айта кетейік, 2018 жылы Құсайынов мас күйінде көлік жүргізгені үшін үш жылға жүргізуші куәлігенен айырылған еді.