Медицина • 14 Ақпан, 2024

«Жүрегі соқпай қалуы мүмкін еді». Алматы дәрігерлері ер адамды ажалдан арашалады

211 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда интервенциялық хирургтар инфаркт алдындағы ауыр жағдай - сол жақ коронарлық артерия діңінің 99% стенозы бар ер адамның өмірін сақтап қалды. 60 жастағы ер адам кеудесінің ауырсынуына, жалпы әлсіздігіне, жиі шаршау белгілеріне шағымданған. Пациенттің анамнезіне  2017 жылы стент қойылған, деп жазады Egemen.kz №7 қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жүрегі соқпай қалуы мүмкін еді». Алматы дәрігерлері ер адамды ажалдан арашалады

Фото: gkb7.kz

№ 7 қалалық клиникалық аурухананың тәжірибелі, жоғары білікті интервенциялық хирургтері жедел тексеру барысында науқастың жағдайының ауырлығын байқады. 

Жүрек тамырларын диагностикалау мақсатында қан тамырларының жағдайы бойынша ота жасау туралы шешім қабылдау үшін алдымен коронарография жүргізілді.

Науқастың жағдайы өте ауыр еді, өлім қаупі жоғары болды, өйткені коронарография сол жақ коронарлық артерияның бағаналы зақымдануын анықтады (90%).

«Науқастың діңдік артериясы зақымданған. Егер артерия 99,9% жабылып қалса, бұл ауыр зақымдану - өлімге әкеледі. Асқыну қаупі де өте жоғары. Мұндай жағдайда әдетте ашық ота жасау керек. Зерттеу нәтижесі бойынша да стент қоюға болады, екі жағдайда да асқыну қаупі бірдей», деді интервенциялық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, ота жасаған хирург Сәкен Анартаев.

Дәрігерлер науқасқа отаның өте күрделі болатынын, қаупі тым жоғары екенін алдын ала ескерткен.

«Қан тамырларының жағдайы тұрақты емес еді. Сол жақ коронарлық артерияның бифуркация (тармақталуы, бөлінуі) аймағында күрделі стеноз болды, бұл қан тамырларының қабырғасындағы түйіншектербар деген сөз. Сонымен қатар науқаста түйіншіктердің жарылуы байқалған, соның салдарынан  жүректің ишемиялық ауруының клиникасы ұлғайды.

Сонымен бірге инфаркт пен жүрек қызметінің тоқтап қалу қаупі болды. Науқас шұғыл отаға дайын болғандықтан, аз инвазивті әдіспен операция жасау туралы шешім қабылданды.

«Дәрігерлердің алдында күрделі міндет тұрды, ал дәрігерлерге ұқыпты болу  керек еді. Өйткені, сол жақ коронарлық артерия діңінің диссекциясы және тұрақсыз түйіншіктер болды. Ота кезінде тарылған аймақ арқылы микрокатетер мен коронарлық өткізгіш қолданылды. Бұл әдіс қан ағымын тоқтатпау үшін жүзеге асырылады. Бір өткізгіш алдыңғы қарыншааралық артерияға, екінші өткізгіш айналмалы артерияға өткізілді және баяу баллондау-кеңейту жүргізілді», делінген ақпаратта.

Дәрігерлер азаматтарға жылына бір мәрте кардиологтың кеңесін тыңдап,  жүректі тексерістен өткізіп тұруға кеңес береді.