Спорт • 22 Ақпан, 2024

Велотректен Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы – қола жүлдегер

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның Нью-Дели қаласында велотректен ересектер арасында 43-інші, жасөспірімдер арасындағы 30-ыншы, пара-спортшылар арасында 12-інші Азия чемпионаты басталды. Байрақты бəсекенің алғашқы күні қоржынға қола медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz qaz_olympics мәліметіне сүйеніп.

Велотректен Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы – қола жүлдегер

Фото: qaz_olympics инстаграм

Із кесу командалық жарысында Қазақстан ерлер құрамасының (Әлішер Жұмақан, Дмитрий Носков, Рамис Дінмұхаметов) көрсеткіші 4:03.129 секунд уақытты құрап, қола жүлдеге қол жеткізді.

26 ақпанға дейін өтетін Азия додасына биыл 23 елдің үздіктері жиналған. Еліміздің намысын 9 спортшы қорғап жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Оқырманға жол тартты

Басылым • Бүгін, 00:25

Ғасырлар үні

Руханият • Бүгін, 00:13

Керек дерек

Технология • Кеше