Аймақтар • 23 Ақпан, 2024

Атыраулықтар – 703 180 адам

204 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұрын бұл өңірде тұрғындар саны аз еді. Қазір 703 мың 180 адамға жетті. Халқымыз алтын бесікке балаған ауылда 33 мың 511 халық тұрады. Ал 389 669 тұрғын қаланы мекен еткен.

Атыраулықтар – 703 180 адам

Фото: vlast.kz

Ұлттық статистика бюросы Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұржан Құмарғалиевтің дерегіне сүйенсек, кейінгі бес жылда өңір тұрғындарының саны 57 мың 900-ге артыпты. Өсім – 9 пайыз. Шаһар тұрғындары – 10,6, ал ауыл­дық­тар қатары 7 пайызға ұлғайған. Тұрғындардың көбеюіне әсер ететін басты фактор – туу көр­сеткіші. Осы тұрғыдан айт­қан­да, былтырғы 11 айда 15 мың 156 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 7 892 ұл, 7 264 қыз бар. Табиғи өсім – 12 мың 20 адам. Өткен жылы 3 980 неке қиылса, 396 некені бұзу туралы акт жазбасы тіркелген.

Мұнайлы өңірден 27 мың 953 адам көшіп кеткен. Мәселен, сыртқы көші-қон бойынша – 121 адам, оның ішінде ТМД елдеріне – 74, әлемнің басқа мемлекетіне 47 адам қоныс аударған.

«Атырау облысына өзге өңірлерден көшіп келгендер де бар. Олар – 26 мың 34 адам. Оның ішінде сыртқы көші-қон желісімен 562 адам келген. Нақтылай айтқанда, ТМД елдерінен – 533, ал әлемнің басқа мемлекеттерінен 29 адам қоныс аударды. Ал Қа­зақ­станның басқа өңір­лерінен 6 441 адам Атырау өңіріне тұрақты тұруға шешім қабылдады. Мәселен, Ақтөбе облысынан – 18,9, Астанадан – 16,6, Маңғыстау облысынан келгендер үлесі – 15,8 пайыз», деп мәлімдеді Нұржан Құмарғалиев.

 

Атырау облысы