Қоғам • 13 Наурыз, 2024

Телеарна олқылыққа жол бермеуі тиіс еді. «Бірақ…» ток-шоуы жабылады - Аида Балаева

7733 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Хабар» телеарнасында жарыққа шыққан «Бірақ...» ток-шоуы жұрт наразылығына тап болды. Бағдарламаның екінші шығарылымы діттеген мақсатына жетпеді. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ток-шоу жұмысы тоқтатылатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Телеарна олқылыққа жол бермеуі тиіс еді. «Бірақ…» ток-шоуы жабылады - Аида Балаева

Фото: adyrna.kz

Министр бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Аида Балаеваның айтуынша, бағдарлама өзінің бастапқы миссиясын орындай алмаған, ал мемлекеттік телеарна мұндай олқылыққа жол бермеу керек еді. 

«Отбасылық құндылықтарды насихаттау, ана мен баланы қорғау жөніндегі қызметті үйлестіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылды насихаттау - министрліктің басты міндеттерінің бірі.

Өз кезегінде, 11 наурыздан бастап «Хабар» арнасында отбасындағы әлеуметтік мәселелерді көтеріп, оны шешуге бағытталған «Бірақ...» бағдарламасының шығарылымы ұйымдастырылды. Алайда, тікелей эфирде көрсетілген шығарылымда редакция бағдарламаның діттеген мақсатына жете алмай, кейіпкерді жаңылыстыру арқылы қоғамда түрлі пікірлер туындатты. Мемлекеттік идеологияны жүргізіп отырған мемлекеттік телеарна бұндай олқылыққа жол бермеуі тиіс еді. Ең алдымен, редакция барлық этикалық нормаларды сақтап, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық пен арандатушылыққа жол бермеуге, кейіпкерлерді көпшілік алдында қорламау қажет еді. Сондықтан телеарна редакциясына бұл үлкен сабақ болады деп санаймыз. Аталған ток-шоу жабылады», деді министр.