Мереке • 19 Наурыз, 2024

Солтүстіктің шұғылалы айы

142 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Табиғаттың түрленіп, қысқы қар құрсауынан босанып, түлеуінің өзі ай бойы созылады. Адамдар арасында бұрынғы ашу-ыза, өкпе-наздың бәрі ұмытылады.

Солтүстіктің шұғылалы айы

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Туысқа, танысқа, көршіге, алыс ағайынға, ауылдасқа жақ­сы тілек айтып, қуанышты көңіл-күй сыйлайтын күндер осы. Аман­дықпен көрісу, еске алу, жақ­сылық тілеп алыс-жа­қы­­ны­мен қауышу – осының бәрін бір күн­дік, тіпті кейінгі кездер­дегідей үш күндік мереке деп шектеуге болмайды. Сондық­тан «Наурызнама» деп аталған 14-23 аралығындағы онкүндік бұл мерекенің нақ сипатын ашуға тиіс.

Христиандық Батыс Еуропа елдері мен Америкада Жаңа жыл­ды қарсы алатын кезде «рож­дестволық каникул» деген он күн бойы берілетін мереке­лік демалыс бар. Бұл жылда бе­рілетін еңбек демалысынан басқа, тек Жаңа жылдың құрметіне берілетін демалыс. Алайда ол христиан дінімен тікелей байланысты. Біздіңше, бір кезде біздің Наурызнамамыз да онкүндік демалыс берілетін, бірақ дінге қатыссыз, ежелгі Жаңа жылды қарсы алуға арналатын мерекелік демалыс болатын сияқты.

Осы бастаманы іске асыруға Қызылжар жұрты түрлі фор­мат­тағы 200-ден астам іс-шараны қолға алып отыр. Онда Наурыздың сипатын ашуға тиіс­ті негізгі іс-әрекет­тер қам­тылған. Алдымен Наурыз­дың «Көрісу» деп аталатын ежелгі сипаты аталып өтті. Онда об­лыс­­тық кітапхана ұжымымен  облыстық қа­зақ сазды-драма театрының қызметкерлері келіп көрісті. Бір-бірін естіп көріп жүрсе де, бір-бірін жақсы білмейтін екі ұжымның қыз­меткерлері көңілді күймен, ән-жырмен арқа-жарқа болып табысып қалды...

Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының шығармашылық даму бөлімінің басшысы Аягөз Нұрсейітованың айтуына қарағанда 15 наурызда «Қайырымдылық күні»  деп белгіленіп, қаланың бірнеше ұжымы жалғызілікті, қам көңіл­ді жандардың үй шаруа­шы­лығына көмек қолын созатын болып белгіленген. Осы күннің кешінде С.Мұқанов атын­дағы қазақ саз­­ды-драма театры «Сараң» атты, ал қала­ның қуыршақ театры «Пой песню, моя домбы­ра» атты спек­такль­дерді тегін көрсетті. 16 наурыз күні «Абы­лай хан резиден­циясында» ұлт­тық дәстүрлерді көрсетіп, «Наурыз мейрамы – ұлттық дәстүрле­р­дің қайнар көзі» атты театрландырылған іс-шара шеңберінде мұражай залдарына экскурсиялар, қолданбалы өнер бойынша шеберлік сабағы және ұлттық ойындар өтті. 17 наурыз – «Шаңырақ» күні. Бұл күні жыл сайын өткізілетін дәстүрге айналдырылған  «Ұлы күні Ұлыстың, басы болсын ырыстың» атты республикалық ақындар айтысы өтті.

Ал «Ұлттық киім» күні қа­зақ­тың ұлттық киімдерін на­си­хаттауға арналған түрлі іс-шаралар өткізіліп, ол «Достық mall» супермаркетінің ойын-сауық орталығында ұлттық стильдегі киім мен әшекей­лер­дің көрме-жәрмеңкесі түрінде ұйымдастырылды. Соны­мен қатар 19 наурыз – «Жаңа­ру кү­ніне» орай Ақан сері атын­дағы Солтүстік Қазақстан об­лыс­­тық филармониясының «Сегіз сері» қазақ халық аспаптар ор­кестрінің концерті, өңі­ріміз­ге белгілі суретші Вячеслав  Смир­­новтің «Туған өлке сурет­шінің көзімен» атты картиналар көрмесі, С.Мұқанов атындағы ОҒӘК «Жаңғыру – жасаруға бастайды» атты әңгі­ме-дүкен болады.

20 наурыз – Ұлттық спорт күні. Бұл күні облыстың бар­лық аймағында және қала­мыздың түрлі алаңдарында ұлттық спорт­тан түрлі жарыстар, асық ату, тоғызқұмалақ, садақ ату және т.б. жарыстар ұйым­дасты­рылады. Ал 21 наурыз – Ын­тымақ күнінде мерекенің бас­ты сәттерінің бірі «Ботай – ұлы дала мәдениеті»  көрмесі болмақ. Суретшілердің картиналарында тек Солтүстік өңірінің ғана емес, бүкіл Қазақстанның мәдени брендіне айналған  «Ботай қонысы» археологиялық ескерткіші ұсынылады. 22 нау­рызда облыс орталығы мен  барлық ауданында мәдени-спорттық іс-шаралар өткізіліп, орталық көшелерде этноауыл­дар мен түрлі жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Он күнге созылатын Наурызнама «Тазару күнімен» қорытындыланады. Бұл күні еліміздің барлық аймағында жалпыұлттық эколо­гиялық акция өтеді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы