Өнер • 21 Наурыз, 2024

Домбырашы Ділманов

157 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақтың ұлттық аспабы домбыраны жасау – бұрынғылардан үзілмей жалғасып келе жатқан өнер. Домбыра жасаудың тәсілі бір болғанымен, әр шебердің жасау әдісі – әртүрлі. Ұлттық аспап жасаумен 30 жылға жуық айналысып келе жатқан белгілі шеберлердің бірі – Нұржан Ділманов. Өзі – шеберлер әулетінен шыққан қолөнерші. Бүгінде оның қолынан шыққан аспаптар еліміздің белгілі өнерпаздарының қолында күмбірлеп жүр.

Домбырашы Ділманов

Небір алмағайып заманның куә­гері киелі аспап туралы Ахмет Жұбанов, Болат Сарыбаев, Ақсе­леу Сейдімбек, Таласбек Әсем­құ­лов қатарлы белгілі өнер­тану­шы­лар кеңінен зерттеп жазды. Олар­дың айтуынша, домбыра аспа­бының тарихы тым тереңде жатыр. Сонау сақ, ғұн дәуірінен бері қолда­ны­лып келе жатқан аспап екені айтылады. Белгілі түр­ко­лог ғалым Қаржаубай Сарт­қо­жаұлының Моң­ғолияның Алтай жотасының бір сілемі Жар­ғалант-қайырқан тауынан тап­қан көне домбыраны айтуға болады. Ғалым қазақтың қасиетті қара домбырасының түп атасы екенін дәлелдеп, ғылыми сарап­та­ма жасады. Ал домбыраның өзі қазіргі бізге жеткен сипатына дей­ін көптеген сатыдан өткені бай­қа­лады.

«Қазақта домбыраның ең кең тараған екі түрі бар. Олар –  Өзбекстан, Түрік­менстан, Ауған­стан, Қара­қалпақстан жеріне кең тараған қауақ домбыра мен Же­тісу мен Сарыарқаға тараған қа­лақ домбыра. Біздің ойымызша, «қауақ» сөзі «қабақ», яғни «ас­қабақ» деген сөзден шықса керек. Себебі қауақ домбыраның шанағы көз тоқтата қараған адамға ортасынан қақ бөлінген асқабаққа ұқсайды», деп жазады жазушы Таласбек Әсемқұлов.

Ұлттық аспаптар жасаудың шебері, соның ішінде домбыра­ға көбірек ден қойған Нұржан Ділманов жасаған ұлттық аспаптар АҚШ, Канада, Қытай, Моңғолия, ТМД елдеріне дейін жетіпті. Осы ретте ұлттық аспаптың жасалу құпиясын сұрап көрген едік.

Нұржан Қыдырбайұлының айтуынша, жақсы домбыра жасалатын материалына байланысты. Домбыра жасау үшін қарағай, шырша, қайың, тораңғы, емен, эбен, қызыл ағаш, тұт ағашы пайдаланылады. Домбыра жасайтын ағаш міндетті түрде күнге қақ­та­лып кебуі керек. «Ағаш толық кеп­песе, жасалған соң өзінің форма­сын жоғалтады. Үнінде фальш пай­да болуы мүмкін. Жақсы дом­бы­раның материалы кем дегенде 4 жыл кебуі керек», деді шебер.

Материал дайын бол­ған соң ағаш­тар арнайы арамен кесіліп, жоны­лып, домбыра форма­сы­на келеді. Кесілген ағаш ­арнайы пеште ыстық ­температурамен иіледі. Дом­бы­ра екі түрлі әдіспен жасала­ды. Құ­рама домбыралардың шана­ғы жұқа тілшелерден құралып жа­салса, бітеу домбыра тұтас ойы­­лады. Н.Ділмановтың айтуынша, қоңыр үнді домбыра ойылып
 жаса­лады.

«Көбіне-көп дәулескер күй­шілер ойылып жасалған дом­бы­раға тапсырыс береді. Өйткені ата-бабамыздан қоңыр үн сондай домбырадан шығады. Қандай эксперимент жасаса да, кәсіби домбырашылар ойылған домбыраға қайтып келе жатыр», деді ол.

Сонымен қатар ойылып жа­сал­­ған домбыраны жасау тәсілі – күр­­делі. Шебердің айтуынша, дом­­быра үнінің тазалығы қақ­­­па­ғы­ның жабылуына байланыс­ты. «Ды­быстың тербелісі, үні, ұзақ­ты­­ғы қақпаққа тікелей байланыс­ты. Қақпақтар шырша ағашынан жа­­са­лады. Себебі шырша – ең акус­­ти­калық материал», деді Н.Ділманов.