Қоғам • 07 Сәуір, 2024

6 облыс су астында қалды – ТЖМ

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6 облыс – Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан су астында қалып отыр. 3 702 үйді су басты. Осындай деректерді Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде ҚР ТЖМ ресми өкілі Динара Нұрғалиева айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

6 облыс су астында қалды – ТЖМ

Фото: ОКҚ

Д.Нұрғалиеваның айтуынша 10 өңірде әкімдіктер жергілікті ауқымдағы 30 ТЖ жариялады. Бұл  – Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Абай, Ұлытау облыстары. Су тасқыны кезінен бастап ел бойынша 72 мыңнан астам адам эвакуацияланды, оның ішінде 17 мыңнан астамы кәмелетке толмағандар. Уақытша орналастыру пункттерінде 14 466 адам бар, олардың 7 269-ы бала.

«ТЖ министрі мен жедел штаб қызметкерлері Қостанай облысында жұмыс істеп жатыр. Тобыл өзенінде су деңгейінің көтерілу қаупі сақталып тұр. Бүгінде өңірдің ТЖД күштері мен еріктілер тартылып жатыр. Қызылорда, Астана, Қарағанды облыстарынан, сондай-ақ Алматы қаласынан күштер топтары көмекке келеді. Қазіргі уақытта Тобыл өзенінің жағалау сызығы үлкен көпірде нығайтылып жатыр. Еріктілер тобы жұмылдырылып, тәулігіне 200 адам құтқарылды. Қостанай облысында барлығы 7,5 мыңнан астам адам құтқарылды және эвакуацияланды», деді аталған брифингте ТЖМ-нің ресми өкілі.

Қостанай облысының эвакуациялық пункттерінде 700-ден астам адам орналастырылған.