Еңбек • 10 Сәуір, 2024

Еңбектің өнбегі бағалы

138 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Еңбек өнімділігінің төмендігі, мем­лекеттің жұмыспен қамтуды арт­­­тыру бо­йынша аймақтық сая­­­­­сатындағы ауытқулар, туу көр­­­сет­кіші күрт жоғарылаған 2000-жыл­­дарғы динамика бо­ла­шақ­та жұмыс күшінің үлкен ағы­нына алып келеді. Жұмыс орындарын көптеп ашу, жоғары білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері шешілмеген жағдайда таяу жылдары елімізде жұмыс іздеу­шілер саны 2022 жылмен са­лыс­тырғанда 1 млн адамға ­артуы мүмкін.

Еңбектің өнбегі бағалы

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Былтыр қарашада Үкімет Еңбек және халықты әлеумет­тік қорғау министрлігі әзір­ле­ген Еңбек нарығын дамыту­дың 2024-2029 жылдарға ар­налған тұжырымдама­сын бе­­кітті. Онда сапалы жұмыс орын­­дары­ның санын 3,8 мил­лионға дейін ұлғайту және жұ­мыспен қамту құрылымын жақ­сар­ту мақ­сат етіліп, еңбек на­рығын дамыту­дың негізгі ба­ғыттары айқындалған. Шын­­ту­айтында, міндет тек жұ­мыс­пен қамту дең­гейін арттыру­мен шектелмейді. Өйткені ел азаматтарының жұмыс орындарына деген қажеттілігі саны бойынша ғана емес, сапасы мен қолжетімділігі жағынан да артып келе­ді. Жұмыс ор­ны еңбек өнімділігіне сай жо­ға­ры жалақымен, әлеуметтік кепіл­діктер­мен, еңбекті қорғаумен ғана толыққанды бола алады.

Бүгінде еліміздегі инфля­циялық қысым қызметкерлер­дің еңбекақысының салыс­тырмалы түрде төмен түзілуі­не әсер етті. Мысалы, бізде орташа жалақы шамамен 535 доллар төңірегінде, яғни Ресейге (788 доллар) және Еуропалық экономикалық ынтымақтас­тық ұйымына (ЭЫДҰ) қатысу­шы елдерге (4 500 доллар) қа­рағанда айтарлықтай төмен. Сапалы деуге болатын жұмыс орындарының саны 2022 жыл­дың соңына қарай тек 2,1 млн-ды құраған. Әлбетте, олар негізі­нен екі ірі қалада – Алматыда ­(369 мың) және Астанада (205 мың) шоғырланған. Өңірлерде жұ­мыс орындарының сапа деңгейі бо­йынша ең көп үлес Қараған­ды, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстанға тие­сілі. Сапалы жұмыс орындарын көбіне тау-кен өнеркәсібінен (59%), көлік (48%), денсаулық сақтау (46%), қаржы және сақ­тандыру (45%), ақпараттық-коммуникация және білім (41%) жүйесінен көруге болады. Өнімділігі төмен секторларда қызметкер­лер жұмысты жиі ауыстырады. Мәселен, ке­йін­гі онжылдықтарда ауыл ша­руа­шылы­ғын­дағы жұмыс күші­нің басқа секторларға, әсі­ресе қызмет көрсету саласына ағылуы байқалады.

Дүниежүзілік банк ма­ман­дарының тұжы­рым­да­уынша, біздегі жұмыс кү­шін теріс миг­рациясы бар шал­ғай аймақтар­ға көші-қон шы­ғындарын өтеу­ді, біржылдық жалдау ақысын жабуды, сондай-ақ жалақы субсидияларын ұсынуды қамти­тын шаралармен жылжытуды ынталандыру бойынша ағым­дағы саясат тиімсіз. Оның орнына ДБ аймақты өзінің күш­ті салаларына мамандандырудан және тиісті мамандардың ағылуы үшін оларды дамытудан тұратын «төменнен – жо­ғарыға» тәсілін қабылдауға кеңес бе­ре­ді. Мысалы, Ақмо­ла, Қарағанды облыста­рын­да өндірістерде жұмыс орында­рын кө­бірек құрған жөн. Сол секіл­ді Солтүстік Қазақстан облы­сын­да ауыл шаруашылы­ғын дамы­ту үшін мол әлеует бар. Ал Ал­ма­ты елдегі қаржы қызметтері нарығын­дағы көшбасшылық жағдайдан пайда көре алады. Өңірлер республикалық биліктен көмек күтіп қана қой­май, азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін өздері қамқорлық жасауы керек. Бұл ретте өңірлер қандай мамандандыруды таңдау керектігін өздері шешуге тиіс. Оның қатарында, әсіресе денсаулық сақтау мен білім берудегі қызмет көрсету саласын жақсарту қажет.

Айта кетерлігі, азаматтардың әл-ауқатын бағалаудың және еңбек нарығын дамыту­дың жаңа тәсіліне сәйкес Еңбек ресурста­рын ­дамыту орталығы сапа­лы жұмыспен қам­ту­ды дамыту үшін өңірлік даму мен эконо­ми­ка­лық өсуге байланысты мемлекет­тік және басқа да бюджеттік бағ­дарламалардың тиім­ділігін талдау кезінде «сапалы жұмыс орындары» көрсеткішін енгізуді ұсын­ған. Бұл ретте сапалы жұ­мыспен қамтып, өнімділікті қалыптастыратын мансаптық стратегияларға бағыттау мақ­сатында адами капиталды дамыту шарасын үйлестіру маңызды.

Өнімділікті арттыру мен на­рықтық бұр­малауды жою жө­нінде сөз болғанда, ком­па­ния­лардың нарыққа оңай кіріп өсе алуы, сөйтіп кәсіпкерлік­тің өркендеуіне ықпал етуі мең­зел­се керек. Дүниежүзілік банк мамандарының есептеуінше, Қазақстан­да компаниялар­дың қадамын тұсайтын кедергі­лер мен ережелерді одан әрі жою үшін қосымша жұмыс, стартаптардың өсуін жеделдетуге бағытталған үкіметтік сая­сат қажет. Мысалы, ЭЫДҰ елдерінде жас фирмалар жаңа жұмыс орындары­ның жарты­сына жуығын құра отырып, жұ­мыспен қамтудың ша­ма­мен 20%-ына ық­пал ете­ді. Ал бізде мемлекеттік және ква­зи­мем­лекеттік кәсіп­орындардың көптігі­нен жас ком­паниялардың өсуге мүмкін­дік­­тері жоқ, сәйкесінше, олар жұмыспен қам­туды ілгерілетуге өз үлестерін қоса алмай­ды. Зерттеушілер бізде мемлекеттің нарық­тық қатынастарға араласуы ЭЫДҰ-ның кез келген еліне қарағанда әлдеқайда жоғары деп санайды.

Әділ де лайықты жалақымен қоса сапалы жұмыс орындары жұмыскердің қауіпсіз­дігін, әлеуметтік қорғалуын, ман­саптық мүмкіндіктері мен тең қол­жетімділігін қамтамасыз етуі керек. Бұл орайда сапалы жұмыстың ешбір өлше­міне сай келмейтін өзін-өзі жұ­мыспен қам­ту, бейресми еңбек елімізде жаппай жайы­лып келе жатқаны да – алаң­датарлық құбы­лыс. Бүгінде өзін-өзі жұмыспен қамты­ған аза­маттың көптігі орта және ұзақ­мер­зімді перспективада тұрақтылықты қамтамасыз етпейтін осал тұсымыз болып отыр. Цифрландыру, автоматтан­дыру, климаттық өзгерістер түріндегі алып үрдістерді ескергенде, жұмыскерлер­ді еңбек нарығындағы ағымдағы жағдайға ғана емес, болашақ өзгерістерге де бейім­деу қажеттілігі туындайды. Біліктілікті арттыру мен дағдыларды жетілдіру білім беру жүйесінде ғана емес, жеке секторда да тиісті өзгерістерді талап етеді. Ал сапалы жұмыс орындарының қалыптасуы заманауи дағдыларды меңгерген, өмірлік үлгілерге дайын жұ­мыскерге де байланысты.